Совет–Хан Єаббасов



бет17/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   294
А) ЖҮРЕК ТӘРБИЕСІ

Жүрек тәрбиесін – халық педагогикасы мен психологиясының ғылыми жүйесі ретінде ұғыну үшін - жер бетіндегі он сегіз мың ғаламның яғни, жалпы жаратылыстағы тірі табиғаттың ү ш т а ғ а н негізгі қасиеттерін көңіл көзіне сыйғанынша зерделей талдай шолып өту аса қажет?!


Бірінші таған - ежелгі замандағы (полеозой) мұхиттардың түбінде пайда болған бір клеткалы тіршіліктерден бастап бүгінгі адамдық түрге дейін жетіліп жарты миллиард жылға созылған (500 миллион) жер бетіндегі тіршіліктің ұзақ ғұмырындағы өзгерістерге шолу болып табылады. Олар: ең әуелі бір клеткалы тіршілік -губкалар мен құрттар - сауытты және буын қанатты балықтардың түрлері - қосмекенділер - бауырымен жорғалайтындар - жануарлар мен адам тектес маймылдар - адамдар - деп барынша қысқаша жасалынған тізбекке көңіл аударамыз.
Екінші таған - жоғарыда аталған жаратылыс сатысында дамушы тіршілік иелеріндегі ең алғашқы пайда болатын түйсіктік ноқаттан бастап, біртіндеп нерв клеткаларынан жетілетін жүйке талшықтары, сонан кейін күрделене түсетін жұлын мен мидың астыңғы қабаттарына жіктеліп, тіршіліктің тылсымға толы сыр сандығына айналып отырған адам миының құдіреттеріне зер салуымыз керек.
Үшінші таған - адам ұрпағының ана құрсағындағы өсу сатыларындағы құпияларды ашу арқылы - бүкіл Бірінші таған мен Екінші тағандардағы айтылған күрделі құбылыстардың түгелдей қайталанатындығын түсіну арқылы жүрек тәрбиесінің мәні мен мағынасын ұғынып қана қоймай, нақтылы тәрбие тетіктерімен құрсақтағы жан иесінің тәрбиесін басқаруға болады. Ендеше, ж ү р е к т ә р б и е с і - негізінде ана құрсағында жетіліп, адамның жарық дүниедегі ғұмырын түгелдей қамтиды екен. Бұл жүйе арқылы - адамдағы туа пайда болатын қасиеттер мен тұқым қуалайтын генетикалық тылсымдарға да ықпал етуге болады. Мінеки, осы уақытқа дейін адам тәрбиесінде қолданылмай келген осыншама құдіреттің орнын - «бесікті ғана түзеп" - толтыра аламыз ба ? Әрине, жоқ үзілді-кесілді жоқ! Мұның сырын ұққанда ғана ұлы Абайдың аңсаған, «нұрлы ақыл» - иесіне жататын «толық адамды» - көз алдымызға елестетер едік.
Ана құрсағындағы жан иесі тоғыз айдың ішінде, жарты миллиард жылға пара-пар уақытта жетілген тіршілік әлемінің әр сатысын басып өтетіні, ғылымда әлденеше рет дәлелденген құбылыс?! Адамның бір ғана клеткадан өрби жетілетін т ә н құрылысындағы әрбір мүшенің қалыптасу жолдары қандай күрделі болса, ал онан да бетер тылсымға толы ж а н дүниесін қалыптастыратын түйсіктер мен ішкі сезімдердің с а н а ғ а дейін өркен алуы, тіпті қиялға да сыймайды. Міне, осыншама күрделіліктің күрмеуін шешу тек Ананың құдіретінде екенін ескерсек - біз айтып отырған жүрек тәрбиесінің мәні - теңдесіз терең екендігін аңғарамыз. Сондықтан да, ата-бабамыз: - «Алып анадан туады» - деп, ұрпағына ұлағатты өсиет қалдырыпты. Бірақ, бұл өсиетті осы уақытқа дейін ұрпақ тәрбиесіне пайдаланбақ түгілі, тіпті оның мән-мағынасын дұрыс ұғынуға да мұршамыз болған жоқ. Өйткені, бодандықпен өткен басы байлы тіршілік халқымыздың көптеген қасиеттерін түп-тұқиянымен құртып жіберуге аз-ақ қалғаны белгілі. Енді ғана қолға алына бастаған х а л ы қ п е д а г о г и к а с ы мен п с и х о л о г и я с ы н бұрынғы құлдық қәдетімізге басып, жалпылама пікірмен жайдақтатып жібермей, оның ғылыми негіздері мен жүйелерін қиыннан қиыстыра отырып, ғылыми пән ретінде қалыптастыруды – ұлы мақсат етіп қоюымыздың мәні осында жатыр. Сонымен ЖҮРЕК ТӘРБИЕСІ – адам ғұмырындағы биологиялық индивид сатысын түгелдей қамтиды екен. Адам тәрбиесінің бұл кезеңі тек қана биология мен физиология заңдылықтарына бағынатынын ескерсек құрсағындағы жан иесіне әсер ететін бірден-бір құдірет а н а с ы н ы ң парасаты мен ішкі сезімдерінің т е р е ң д і г і екені белгілі. Міне, табиғат шебер сыйлаған осыншама қ а с и е т т і қазіргі ана атаулы б і л м е й т і н д і к т е н адам тәрбиесінің бұл кезеңі, яғни ана құрсағында жүргізілетін т ә р б и е мүлдем қолға алынбай отыр. Мынау біз ұсынып отырған жүрек тәрбиесінің жүйесі – дәл осы олқылықтың орнын толтырмақ. Мұның егжей-тегжейлі сыры мен қырына, халық педагогикасы мен психологиясының 2-ші негізінде немесе Ана құрсағындағы Тоғыз ай делінетін физиологиялық кезеңді сөз еткенде тоқталмақпыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет