Совет–Хан Єаббасов


Кісілік. ңіл аудармақшы болып отырған, КІСІЛІК



бет28/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   294
Кісілік. ңіл аудармақшы болып отырған, КІСІЛІК атты категориялық
ұғым, тарихи дәуірлердегі адамзат дамуының жабайылық кезеңінің төменгі сатысында-ақ, қалыптаса бастайтындығын жоғарыдағы келтірілген ғылыми тұжырымнан анық көріп отырмыз. Бұл адамдықтың ерекше сипаты, тіпті біздің заманымызда емес, сонау Жаңа т а с дәуіріндегі адам тәрбиесінің деңгейін аңғартқандай. Ендеше, к і с і л і к дегеніміз не? Қазіргі өзіміз өмір сүріп отырған қоғамдағы адамдардың к і с і л і к сапасы қандай? Осы сауалдарға салыстырмалы түрде жауап іздестіріп көрелік ‑ ші ?!
Ол үшін ең әуелі кісілік дегеніміздің өзі индивид ретінде қалыптасатын әр адамның өзін-өзі с ы й л а у ы арқылы, басқа адамдарды да құрметтей алатын дәрежеге жетудің тәлімі екен. Адам мінезінің бұл сипаты баланың балбөбек кезеңінде, тым оқшау да қызық көріністерін байқатады. Егер де, 2-3 жастағы балалардың талап-тілектеріне құлақ аспасаңыз, олардың қалай ренжитіндігін ересек адамдардың көпшілігі-ақ білетіндігіне күмәнім жоқ. Міне бұл кісілікке қадам басқан сәбиіміздің сәтті қылығы десек те болады. Бірақ мұның соншама нәзік те, күрделі құбылыс екендігін ескермесе есерлікке де ауысып кетуі де ғажап емес. Біздердің есер қылық деп отырғанымыз, мөлшерінен асып кеткен, өзін-өзі сыйлаудың арты ­ өзегіңді оттай өртейтін өзім-шілдік екенін естен шығармаған жөн. Ендеше, адам психологиясын т ү с і н і п жүргізетін тәрбиенің қажеттілігі осындайда керек.Қазіргі өзіміз өмір сүріп отырған қоғамдағы адамдардың кісілік келбеттеріне салыстырмалы түрде зерделей қарасақ, аса күрделі сәйкессіздіктерді (парадоксті) байқауға болады. Мәселен, бүгінгі адамдардың өзін-өзі сыйлауы шамадан тыс өзімшілдікке ұласып жатса, ал жан-дүниелерінің жасып жігерсізденуінен неше алуан құмарлықтарға ессіз құныққан тірлік кешуде екені бәрімізге де аян. Мұны өз заманының т а ғ ы л ы қ сипаттарына жатқызсақ асырып айтқандық емес. Сонда, адамзат қауымындағы кісіліктің осыншама азғындауының себебі не ?..
Бұған бір ауыз сөзбен жауап берсек, бұл себептің ең негізгі төркіні - осы күнге дейін жүргізіліп келген а д а м тәрбиесінде қабағат ауыр қателіктер бар деп тұжырымдаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет