Совет–Хан Єаббасов


Ә). ТАҒЫЛЫҚ КЕЗЕҢНІҢ ТӨМЕНГІ САТЫСЫ



бет26/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   294
Ә). ТАҒЫЛЫҚ КЕЗЕҢНІҢ ТӨМЕНГІ САТЫСЫ

Адам баласы өзі шыққан жаратылыс қойнауынан мүлдем құралақан, ешбір тәрбие-тәлімсіз шықты деуге болмайды. Өйткені, ол шыққан жануарлар әлемінде тіршіліктің төрт динамикасының үшеуі - өзін-өзі сақтау - жыныс қатынасымен ұрпақ қалдыру - үйірін қорғау - тәрізді аса күшті түйсіктер қалыптасып қана қоймай, сонымен қоса жетілу мен сұрыпталудың тамаша тәжірибелері табиғи заңдылықтарымен өркенін жайып үлгірген болатын. Мінеки осынау жануарлар әлеміндегі түйсіктік ақыл мен түйсіктік тәрбиенің тәжірибелері, түгелдей адам баласының игілігіне қызмет етуден ешқашан да жаңылған емес. Сондықтан да, адам баласы өзі шыққан жаратылыс ортасындағы биологиялық заңдылықтарға бағынатын түйсіктік ақыл мен түйсіктік тәрбие қақында, тіпті анығыр-ақ айтсақ, адам баласына дейінгі - жануарлар әлемінде қалыптасқан қарым -қатынастардың т ә р т і б і мен ұрпақ тәрбиесіндегі тәлімдік көріністердің өзара байланыстары жайындағы зандылықтарды ескермей болмайды. Адамзат қауымы өзі өрісін ашқан саналық тәрбиенің алдында жануарлар дүниесі пайдаланған әсіресе сүтқоректілердің түйсіктік және қарабайыр с а н а л ы қ тәрбиелерін ескермеуден қазіргі адамзат қауымының ұрпақ тәрбиесінде қабағат ауыр қателіктер бой көрсетуде. Біз табиғаттың барлық ғаламаттарына көңіліміз бен көзіміз тойған адамша қарамай, керісінше санамыздың таңырқау мен таңдана білу қасиеттеріне еркіндік бергеніміз жөн. Мүмкін сондай сәттерде А р а ұясы мен Қ ұ м ы р с қ а илеуіндегі әбігерліктерден жүрегімізді лүпілдете ойға қалдырар әсерлерді аңғарармыз. Жалпы Сіздер сонда, олардың әрекеттері мен қимылдарынан аса тамаша реттелген түйсіктік механизмді ғана емес, адамның сезімдеріне әсер ететін, тіпті оның ой-өрісіне жақын сипаттардың бар екенін өз көздеріңізбен көрсіздер.




Б). ТАҒЫЛЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ ОРТА САТЫСЫ

Адам баласы өзінің тағылық кезеңінің орта сатысында, бүкіл тіршілігінің мәні мен мазмұнына өзгеріс әкелетін ұлы жаңалыққа қолын жеткізеді. Ол жаңалықтың аты - айналасына жылылық пен жарық әкелетін - От - атты құдіреті мол құбылыс болатын. Міне, адам отты ашқанға дейін өзі де Жер бетіндегі өлі және тірі табиғаттың бір бөлшегі тәрізді. Жаратушының жаратынды заттарының бір түрі ғана болып саналатын еді. Ал енді отты серік ете бастаған адам баласы, өзі өмірге әкелген жасалынды заттардың түрлерін біртіндеп көбейте береді. Осылайша, Жер бетінде - Жаратушының (табиғаттың ) жасаған - жаратынды заттарымен қоса, Адамның қолынан шыққан - жасалынды заттардың түрлері көбейе түседі. Сөйтіп, От - ең әуелі Адамдардың ой-қиялына қозғау салып, оның ойлау қабылеттерін күшейтеді. Олар от арқылы біртіндеп айналасындағы үрей мен қорқыныштардан құтылып, үнемі еңсесін басып тұратын қараңғылықты сейілтеді. Салыстырмалы ойлау тәсілдерін игере бастайды. Осының арқасында ол оттың көмегімен Тән қажеттілігін іздеу арқылыең алғашқы аса қарапайым нұсқадағы - табиғи ғылымдардың (физика, химия, биология.., т.б.) негіздерін қалай бастаса, ал Жан-дүниесінің қажеттілігін аңсау арқылы - әуел бастағы - рухани ғылымдардың (сөз, тағылым, тәлім, құлық, айла т.б.) бүгінгі халық педагогикасы мен психологияның қарабайыр сұлабаларын қалыптастыра береді. Сонымен алғашқы адамдар оттың арқасында біртіндеп жетіле бастаған саналарына, Тәні үшін –физиология заңдылықтарын, ал Жаны үшін - тәлімдік тағылымдардын жетілдірумен қоса, көзінің қарашығындай сақтап ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып отырған. Ендеше, Адам және Ғылым бірінсіз-бірі өмір сүре алмайтын егіз ұғым және егіз құбылыс екен.Осылайша, ‑ Адамды адам еткен ең әуелі ‑ От, сонан кейін – Еңбек еді, ‑ деп бұрынғы Ф. Энгельстің тұжырымына аз‑кем өзгеріс енгізген жөн. Адамзаттың Тағылық кезеңінің ‑ орта сатысындағы ‑ Оттың ықпалын осылайша ғана тұжырымдамасақ, оның бүкіл сипаттарын айтып түгендеу мүмкін емес.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет