Совет–Хан Єаббасов


ЖАНУАРЛАРӘЛЕМІНДЕГІ ТҮЙСІКТІК ТӘРБИЕ



бет36/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   294
1. ЖАНУАРЛАРӘЛЕМІНДЕГІ ТҮЙСІКТІК ТӘРБИЕ

Біздер табиғаттағы барлық ғаламаттарға көзіміз бен қөңіліміз тойған адамдарша қарамай, керісінше зейініміздің т а ң ы р қ а у мен т а ң д а н у қасиеттеріне еркіндік беріп көрелікші!? .Мүмкін, сондай сәттерде А Р А ұясы мен ҚҰМЫРСҚА илеуіндегі әбігерліктерден тіршілік тылсымдарын аңғартар жаңа ойлар оянар. Сіздер сонда, олардың әбігерлікке толы қимыл-әрекеттерінен тек реттелген т ү й с і к т і к тәрбиенің тетіктерін ғана емес, тіпті ой-өріске жақын сипаттарды да көрер едіңіз.


Құмырсқалар Құмырсқалардың илеуіндегі сан-сала т ә р т і п т е р
тіршілігі. мен т ә л і м д е р д і ң мол екенін ұзақ сонар етіп
әңгімелемей-ақ, тек олардың илеуінің ішінде өлгендерін ж е р л е й т і н і тәрізді аса қызық құбылысты алғаш естігенде, сене қоюдың өзі қиынға соғар әрекеттеріне ғана көңіл аударып көрелікші. Жалпы осы жәндіктердің қ а у ы м д ы қ тіршіліктеріне талай табиғат зерттеушілері, таңдай қағып таңырқаумен келеді. Солардың ішіндегі осынау бір өткен ғасырдағы ғылыми тұжырымда: ‑ "Құмырсқалар өздерінің өлген бауырларын жер-лейді" - дейтін қортындыға келген екен. Міне, өздеріңіз айтыңыздаршы, құмырсқаның осы әрекеттерін қалай түсінуге болады ?
Шындығында да, өлген құмырсқаның денесі илеуінде қал-майтындығы, талай рет анықталған құбылыс?! Оны дереу илеудегі тазалыққа жауапкер құмырсқалар, өлікті арқалап алып сыртқа шығарып қана қоймай, белгіленген жерге апарып көміп тастайды екен. Бұл құбылысты арнайы зерттей келе, ғалымдар оны құмырсқаның "иіс сезу" түйсігімен байланыстырады. Олар өздерінің денесінен шығатын әртүрлі иістерге орай әрекет ететіні анықталып отыр. Бұл тікелей түйсіктік тәрбиенің құдіреті!
Осынау түйсіктік тәрбиенің сыры ғылыми тәжірибеде былайша көрініс береді. Егерде ө л г е н құмырсқаның денесінен бөлінетін эфирлік затты химиялық жолмен алып, оны кез-келген тірі құмырсқаның үстіне жақса, манағы тазалыққа жауапты құ-мырсқалар әй-шайға қарамастан, жаңағы тірі құмырсқаны тыпырлатқан күйі өлексе тастайтын жерге апарып көме бастайды. Тірі құмырсқа босана салысымен өзінің илеуіне қарай қашса, оны қайтадан әкеп көмбекші болып әуре-сарсаңға түседі. Тек оның үстіндегі и і с і кеткеннен кейін ғана, өз жайына қалдырып тиіспейтін болады. Міне, бұл тәріздес деректерге салыстырмалы түрде қаншама сақтықпен қарасақ та, түйсіктік тәрбиенің құдіретін елемей қалдырудың арты кінәратсыз да емес екен. Өйткені, жер бетіндегі тіршілік д і ң г е г і н і ң нәр алар негізгі тамырлары, осы түйсіктік ақыл мен түйсіктік тәрбиеде жатқаны дау тудырмаса керек.
Адамзат тарихында дельфиндер жайында айтылатын


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет