Совет–Хан Єаббасов



бет93/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   294
нұрлы ақыл” – дейтін ф о р м у л а н ы ң тікелей а д а м т ә р б и е с і н е қатысты екенін зерттеуші көрмек түгіл, түсіне де алмағаны байқалып тұр. Еңбектің – б і р ж а қ т ы л ы ғ ы дегенде, тек д і н и мағынада ғана талданғандығынан, тым тар шеңберден шықпай, шектеліп қалғандығын айтпақ едік.
Әйтпесе бұл ілімдердің негізі түптеп келгенде, сол Түркі елдерінен шыққан ғұламалардың барлығына да ортақ, Түркі халықтарының педагогикасы мен психологиясында қалыптасып кеткен – т ү й с і к т і к а қ ы л – к ө к і р е к к ө з і – і ш к і с е з і м – т а б и ғ а т т ы с ү ю – ж о м а р т т ы қ – а л ы п а н а д а н т у а д ы – а р у а қ т ы қ т а н ы м /рух/ - сияқты халық даналықтарын түсінген Әл-Фарабидей данышпан жасы ұлғайып кеткеніне қарамастан, осы ілімдерді өмірге әкелген еді. Ал оның шәкірттері деп отырған ғұламалар өз бойларына ана сүтімен сіңген т а ғ ы л ы м д а р д ы, неге ғана қалт жібере қойсын?! Адам тіршілігінде теңдессіз терең орны бар – сан алуан т ү й с і к т е р мен і ш к і б е с с е з і м н і ң тұғыры – ж ү р е к т е екенін айтқанда, сөз жоқ, ж а н д ү н и е н і ң қозғалмалы к ү й і м е н астасып жататынын ескеру шарт. Өйткені, ана құрсағында жүргізілетін ж ү р е к т ә р б и е с і н і ң негізгі әдістері осы і ш к і с е з і м д е р мен т ү й с і к т і к а қ ы л д ы ң құдіретін пайдаланбақ. Сондықтан да, Түркі елінен шыққан ғұламалардың жүйелі түрде – х а у а с м ә с е л е с і н – үзбей дамытуының астарлы с ы р ы осында жатса керек. Мінеки, осыншама ғажайып мұра, сонау ғасырлар түкпірінен Абайға дейін жетіп, енді бүгінгі ұ р п а қ т ә р б и е с і н е де бірте-бірте жалғасатынына с е н г і м і з келеді.
Екінші бір қадап айтатын ірі мәселе, ол – М.Әуезовтің - “Абай діні – сыншыл ақылдың ш а р т т ы д і н і”, ­ дейтін тезисін талдағанда, зерттеуші Абайдың х а у а с жайлы танымын әр қырынан көрсеткісі келгенімен, автордың жасап отырған мына тұжырымын да; - “Өзінің төл шығармаларында ақыл, сана, білімнің пайда болуын – күнделікті өмір тәжірибесінен туындайтын к ә с і б и құбылыс – деп танитын Абай” – деуімен ғалым-Мекемтас тым үстірттеу кетіп қалғанын байқаймыз.
Шындығына келсек, Абай х а у а с ж а й ы н түсіндіретін пікірінде, ислам догматтары; мұтакәллиминдер мен мантиқиндердің – “х а у а с т ы – и н т е л е к т і” – деп шатасқандарын, кезінде Әл-Фараби де қатты сынға алғанын ескерсек, Абай тіпті онан да бетер етіп; - “Бекер босқа е з е д ү р” – деп анық әшкере етеді. Оның дін исламияттың шарттарын тануда, тым ерекше танымдылық биіктеріне көтерілуі, өз заманынан озып шыққан даналығын айқын байқатады. Бірақ, ол х а у а с ж а й л ы сөз еткенде тек д і н и тұжырымдарды ғана талдау үшін шұғылданбаған ғой. Қайта керісінше, Абайдың х а у а с жайлы танымдарының негізгі мақсаты, х а у а с т ы ң а д а м т ә р б и е с і н д е гі орнын танумен бірге, тіпті шыр етіп келген сәттен-ақ, адамдықтың арналарын ашуда хауастың орны ерекше екенін түсіндіруге тырыспай ма? Өйткені өмірге келер ұрпақтың болмысындағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет