Совет–Хан Єаббасов



бет97/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   294
Сөз өнері ғылым дәлелдеп беріп отырса да, ендігі жерде де таскерең
бола бергеніміз жарамас?! Мәселен, құрсақта жатқан нәресте өз ата-анасының дауыс ырғақтарын тыңдап, әр қилы сезімдерге кенелетінін қиял–ғажайыптай көрудің қажеті жоқ. Енді мұны түсініп қана қоймай, анасының құрсағында түйсігімен елеңдеп жатқан сәбиіңді, мынау ұсынылып отырған пәрменді тәсілдермен – тәрбиелеуге кірісу керек. Әсіресе, бұл құбылыстарды ана атаулы ескеріп қана қоймай, аяғы ауыр сәттеріндегі ең басты ережелеріне айналдыруы шарт. Себебі, ертеңгі дүниеге келер с ә б и і н і ң тағдыры мен бақыты да, тіпті шынын айтсақ өздерінің өмірде көрер қызықтары мен парасаттары да, осы сәттерде бірге жасалынатынын саналы түрде ұғынудың мәні зор. Олай болса, бұл тәрбиеге даладағы т а б и ғ а т әсерлерінен кейін, тіпті онан да бетер ықпалы мол т ә с і л д і ң бірі – с ө з ө н е р і - болып табылады. ‑ “Өнер алды – қызыл тіл” – деп Дулат-жырау бекер айтпаса керек?! Сондықтан да, аяғы ауыр жас ана - өлеңге – жырға – термеге – лирикалық драмаларды – тіпті терең сезімді трагедияларды – жиі көріп, тебірене толғанып әсерленуінің пайдасы мол-ақ. Өйткені, бала анасының құрсағында жатып естіген сөздерін, тілі шыға салысымен айтып беретін ұғымталдығын да ғылым дәлелдеп отыр.
Адамның і ш к і және с ы р т қ ы с е з і м д е р і н терең
Әуен мен баурап әсер ететін жақсы ж ы р мен тәтті күйді тыңдау
сурет өнері арқылы, жас ана өзінің құрсағындағы өсіп келе жатқан
ж а н и е с і н е қалауынша ы қ п а л ете алады. Өзінің сүйіп тыңдайтын музыка әуендерімен толқыған ананың көңіл-күйі түгелдей құрсақтағы жан иесіне ауысып, оның да жандүниесінің а р н а л а р ы н ашумен қоса, бүкіл психикалық жетілулердің жүйелі дамуларын жеделдетеді. Жалпы, құрсақтағы жан иесінің бір күйден екінші күйге ауысып тұратын көңіл-күйлері, тіпті барлық сипаттарымен анасындағы сезім өзгерістерімен астасып жатады. Ол – анасы ұйықтаса – ұйықтап, анасы ренжісе – бірге көңілсізденетіні, лабораториялық зерттеулермен анықталып отыр. Негізінен алғанда, әсіресе ө н е р а т а у л ы н ы ң – сурет – сәулет - кино – теледидар – радио – театр – тәрізді р у х а н и я т салаларының ықпалды тәрбиесін жиі пайдалану қажет. Міне өздеріңіз де анық аңғарып отырғандай, құрсақтағы б а л а н ы ң - әсіресе ж а н д ү н и е с і н немесе ж ү р е к т ә р б и е с і н қалыптастыру, тікелей ананың терең сезімді парасаттарына байланысты екен. Ендеше, адам тәрбиесінің екінші кезеңі деп аталынатын ана құрсағындағы тоғыз айдың кезінде, ерлі-зайыптылардың арақатынастарын айтпағанда, жалпы туыс-туғандардың арасындағы қатынастар да аз әсер ететіндігін ескерген жөн. Сондықтан да, адам ғұмырындағы ең күрделі де ұзақ мерзімді кезеңдері болып саналатын – ұ р ы қ т а з а л ы ғ ы мен а н а қ ұ р с а ғ ы н д а ғ ы т о ғ ы з а й д ы ң ашылмаған сырлары әлі де көп. Бұлар-дың қиялға сыймас келесі мәселелері келешектің жемісі болмақ ?!..


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет