Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Т.Әлімқұлов атындағы №14 мектеп интернат-лицейі «Қош келдің, Жаңа жыл!»



бет2/5
Дата31.01.2023
өлшемі37 Kb.
#64030
1   2   3   4   5
1-Жүргізуші: Мына орындалар әсем ән сіздің құрметіңізге арналады, қабыл алыңыздар. 11-сынып оқушылары: Даутбаева Арайлым мен Құрманбай Нұрлының орындауында «Жаңа жыл» әнін қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші
Ой ,бәрекелді, тамаша әндеріңізге көп рақмет.
3-Жүргізуші: Құрметті қонақтар мен оқушылар, ортамызға бізбен бір жыл бірге болған ит жылын шақырайық. Ескі жыл қайдасың?
- Әне өзі де келе жатыр, бәріміз қосылып Қош келдіңіз делік.
Бәрі: Қош келдің ескі жыл.
Ескі жыл:
Ауылдастарым, достарым,
Алғысым көп айтар менің.
Дәл осындай артығырақ,
Қарсы алыңдар доңыз жылын. 2018 жыл есте қаларлық оқиғалар мен мерекелерге толы болды, себебі мектебіміздің есімімен аталатын Тәкен Әлімқұловқа 100 жыл, күйші Төлеген Момбековке 100 жыл, Ауданымызға 90 жыл, Бәтима Батырбековаға 90 жыл, Асқар Сүлейменовке 80 жыл толған мерей тойларды тойладық. Біраз жұмыстар атқарылды, еш өкпем жоқ, келер жылдан күтер үміт көп, келер жаңа жыл жақсылығымен, қуанышымен келсін. Бірлік пен береке, толағай табыс әкелсін.
1- Жүргізуші:
- Ескі жыл сен жаңа жылымыз келген ше бізбен бірге болғаның үшін рахмет. Көңіл көтеріп, ән салып, би билеп сені шығарып салайық.
2 Жүргізуші:
Би билейік бұралып,
Қыздар тұр сұранып.
Мен де тұрмын құр қалып,
Шаттанайық қуанып.
- Ескі жылымыздың құрметіне сыныптың орындауында биі. Қарсы алыңыздар. (11 сынып Би биленеді)
(Доңыз жылы келеді.)
2-Жүргізуші:
Мен білемін бір ойын:
Үйретейін сендерге,
Мен бастайын, ал сендер
Аяқтаңдар ойынды
Хормен жауап айтыңдар!
Қарға мүлгіп дала тұр.
Келе жатыр ...
Балалар: Жаңа жыл!
Доңыз жылы:
Ой, жарайсыңдар!
Жаңа жылда өнер сынар қайсың бар
Алға шығып өлең тақпақ айтыңдар
Жаңа жылда сыйлық алып қайтыңдар. Сәлеметсіздер ме? Кешіккен жоқпын ба? Мен сондай асықтым, сондай жүгірдім. Кешігем деп қатты қорықтым. Міне орталарыңа да келіп жеттім. Мен келген сәттен бастап қадамым құтты, еліміз берекелі жыл болмақ. Тілегім болсын мәңгі ашық аспан, 2019 жылға қадам басқан Гүлденіп көркейе бер, Қазақстан!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет