3)Белгіленген белгілерге биохимиялық түсініктеме беріңіз. 35-сұрақ Пеллаграның себебі жүгерінің рационында басым болуы және жануарлар өнімдерінің рационында төмендеуі болуы мүмкін. 1)Диетада қандай амин қышқылының болмауы осы патологияға әкеледі? Триптофан амин қышқылының болмауынан осы патология туындаған.Себебі организмде РР витамині,яғни антипеллагралық витамин триптофан аминқышқылынан синтезделеді.Жүгеріде және шошқыні майында бұл амин қышқылдары мүлде болмайды.Сондықтан жүгері өсіретін аймақтарда,АҚШ-тың оңтүстік аудандары,Италия және жүгерінің отаны Оңтүстік Америкада пеллагра ауруы өте кең таралған.Егер азық-түлік өнімдерінде триптофан қышқылы болатын болса адам мен жануарлардың организмінде РР витамині синтезделеді.
2)Осы амин қышқылынан қандай витамин (тура, химиялық және биологиялық атаулар) түзіледі? В3/РР витамині – химиялық атауы ниацин,никотин қышқылы,никотинамид,ал биологиялық атауы антипеллагралық витамин.Классификациясы бойынша РР витамині суда еритін витаминдердің тобына жатады.Никотин қышқылы химиялық құрылысы бойынша ең қарапайым болып келетін қосылыс,ол карбоксил тобы бар пиридин сақинасынан құралған,мұндағы карбоксил тобы үшінші жағдайда тұрады.В3 витамині көп мөлшерде жүгерінің және күріштің кебегінде,ірі тартылған ұнда,ашытқыда, картопта, бауырда,балықта және етте болады.Тәуліктік қажеттілігі 15-25 мг.
3)Осы дәруменнің биологиялық әсерін сипаттаңыз. Схемалық реакцияны жазыңыз. РР витамині оксиредаутазалар класы,дегидрогеназалар тобы,пиридин ферменттер топшасына кіреді. Пиридинферменттер екі компонентті,коферменті НАД және НАДФ.Коферментінің құрамына В3/РР витамині кіреді.
Биологиялық рөлі: 1.НАД пен НАДФ коферменттерінің құрамына кіре отырып,тотығу-тотықсыздану реакцияларын катализдейді.
2.Энергия алмасуға,оның екінші сатысы ҮКЦ-ға,үшінші сатысы БТ-ға қатысады.
2.НАД - ДНҚ репликациясы мен репарациясы процестеріндегі ДНҚ-лигазалық реакциялардың субстраты. Бұл тез регенерацияға ұшырайтын тіндер үшін өте маңызды болады.
4.Тіндердің тыныс алуына қатысады,субстраттың тотығуын катализдейді
Реакциялары: