сұрақ Ақуыздардың толық емес құрамын растау үшін қандай түсті реакцияларды қолдануға болады?


Феррум 3 валенттіні – феррум 2 валенттіге дейін тотықсыздандырады



бет46/56
Дата05.01.2023
өлшемі106,84 Kb.
#60417
түріҚұрамы
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   56
Байланысты:
БХ

Феррум 3 валенттіні – феррум 2 валенттіге дейін тотықсыздандырады
3)Белгіленген белгілерге биохимиялық түсініктеме беріңіз.
Қыз балада Цинга немесе Скорбут ауруы пайда болған. Ол С витаминінің – гипо немесе авитаминозынан пайда болған. Аскорбин қышқылының жетіспеуі – пролиннен оксипролин түзілуін бұзып, ол коллаген синтезінің бұзылысына алып келеді, ал коллаген біздің қан тамырларымызда болатындықтан, олардың арасында үзілістердің пайда болуына, яғни қан тамыр беріктігі мен бүтіндігінің бұзылысына алып келеді. Солайша, қан тамырлар жарылып кетіп, олар қанталап, петехия ретінде теріде көрініс берген. Олар буын қуыстарында да, көздің ішкі бетінде де көрініс беруі мүмкін.


34-сұрақ


Алкоголизммен ауыратын науқастар калориялардың көп бөлігін алкогольден алады. Оларға тән витамин тапшылығы (Вернике-Корсаков синдромы) болуы мүмкін, онда жүйке жүйесінің дисфункциясы, психоз және есте сақтау қабілетінің жоғалуы байқалады.
1)Бұл процесс қандай витаминнің жетіспеушілігімен байланысты (сөзбе-сөз, химиялық және биологиялық атау)?
В1 витамні – химиялық атауы тиамин,биологиялық атауы антиневриттік витамин немесе анервин. Классификациясы бойынша В1 витамині суда еритін витаминдердің тобына жатады.Тиамин пиридин мен тиазол сақинасынан тұрады.Бұл екі сақина өзара метилен тобы арқылы байланысқан.В1 витаминінің молекуласында күкірттің және амин тобының болуынан тиамин деп аталған.Тиамин – ақ түсті қатты зат,суда және этил спиртінде оңай ериді. Тиаминге өсімдік тектес өнімдер, бидай, күріш,қарай бидай,ашытқы бай келеді.Жануар тектес өнімдерден бауырда, мида, бұлшықеттерде, жүректе,жұмыртқаның сарысында,сүтте көп болады. Тәуліктік қажеттілігі 1,5-3 мг.
2)Осы дәруменнің биологиялық әсерін сипаттаңыз. Схемалық реакцияны жазыңыз.
В1 витамині лиазалар класы,декарбоксилазалар тобы,кето қышқылдарының декарбоксилазалары топшасына жатады. Кето қышқылдарының декарбоксилазалары екі компонентті,коферменті тиаминдифосфат.Ал тиаминдифосфаттың құрамына В1 витамині мен 2Н3РО4 кіреді. Оның негізгі биологиялық рөлі:
1.Пируват пен α-кетоглутараттың тотығудан декарбоксилдену реакциясын катализдейді
2.ҮКЦ процестеріне қатысады,себебі ҮКЦ-ның 6-шы және 7-ші реакциясы тотығудан декарбоксильнеу процесі
3.Глюкозаның пентозофосфатты жолмен тотығуын
4.Глюкозаның аэробты жолмен тотығуы көп тіндерді,маңыздысы жүйке тінін энергиямен қамтамасыз етеді.
5.Неарит,радикулит,невралгия,паралич,дерматит,экзема,псориаз ауруларын емдеуде қолданылады.
Авитаминозы:

  • Миға,қанға кето қышқылдары жиналады

  • Жүйке тармақтары ісініп,ауырады,дене құрысады

  • Адамда бери-бери ауруы пайда болады,жануарларда полиневрит дамиды

  • Жүрек соғуы жиілейді,бұлшықет гипертрофиясы орын алады

  • Ішекте сөл бөлінуі нашарлайды,асқа тәбет жоғалады

  • Глюкозаның аэробты жолмен тотығуы бұзылса , тіндерде, қанда пируват, лактат көбейеді. Олар метаболиттік ацидозға әкеледі жене ОЖЖ-не токсикалық әсер көрсетеді.

Катализдейтін реакциялары:
1)Пирожүзім қышқылы + HSKoA = ацетилКоА+ СО2 бұл жерде ацетил кофермент А-мен макроэргиялық байланыс арқылы байланысқан және реакция барысында НАД НАДН2-ге тотықсызданады
2)Альфа-кетоглутарат + HSKoA = суцинилКоА+ СО2 реакцияда сукцинил кофермент А-мен макроэргиялық байланыс арқылы байланысқан және НАД НАДН2-ге тотықсызданады
3)ҮКЦ-ның 6-шы реакциясы альфа КГ-ның тотығудан декарбоксильдену реакциясы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет