Сұрақтар Реанимацияның патофизиологиялық негіздері қандай болады?



бет20/25
Дата25.04.2023
өлшемі80,16 Kb.
#86878
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
2. Екінші алдын-алу. – Ұрық ауруының жоғары ықтималы, немесе ауруды пренатальді диагностикалау жағдайында жүктілікті тоқтату жолымен жүзеге асырылады.
3. Тұқымқуалайтын патологияның үшінші алдын-алу жолы – бұл патологиялық генотиптердің көрінуін коррекциялау.
Тұқымқуалайтын аурулар немесе тұқымқуалаңға бейімделген аурулар кезінде қолданылады.
Туылғаннан кейінгі емдеу немесе коррекциялау галактоземия, фенилкетонурия,целиакия кезінде қолданылады.
Алдын-алудың үшінші принципінде – ауруды ерте диагностикалау (бірнеше күн ішінде), емдеудегі –алдын-алу әдісін қолдану болып табылады.


55. «Жасуша зақымдануы» деген түсінікке сипаттама беру.
Жауап: Жасуша бүлінуі –жасушаның және жасуша ішілік құрылымдарының тұтастығы мен функцияларының бұзылыстары.


56. Жасуша зақымдануының экзогенді және эндогенді факторлары.
Жауап: Экзогендік

  • Биологиялық ықпалдар (микробтар, вирустар, қарапайым жәндектер, майда саңырауқұлақтар, аутоантиденелер мен цитотоксиндік иммундық глобулиндер т.б.);

  • Физикалық ықпалдар (иондағыш сәулелер, ыстық немесе суық температуралар, электр соққы, электромагниттік толқындар т.б.);

  • Механикалық ықпалдар (жарақатар, жаншылу, қысылу т.б.);

  • Химиялық ықпалдар (органикалық немесе бейорганикалық улы заттар, кейбір дәрі-дәрмектер, гипоксия, реоксигенация т.б.);

  • Психогендік ықпалдар (жан жарақаты, рухани күйзелістер, ауыр эмоциялар т.б.).



Эндогендік себепкер ықпалдар туа біткен және жүре пайда болған болып бөлінеді.
Туа біткен себепкер ықпалдарға жасуша мембрананың құрамында кейбір нәруыздар, фосфолипидтер немесе ферменттер болмауы ықтимал.


Жүре пайда болған эндогендік себепкер ықпалдарға:

  • Жүйкелік эндокриндік реттелулердің біріншілік бұзылыстары;

  • Иммундық бұзылыстар немесе аллергиялық үрдістер;

  • Зат алмасу өнімдерінің (Н+,К+, Са2+, асқын тотықтар т.б.) жиналып қалуы;

  • Организмде су мен электролиттер алмасуының бұзылыстары;

  • Бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі;

  • Ағза қызметінің тым қатты көтерілуі немесе ұзақ мерзім болмауы;

  • Жасушаның қартаюы т.т.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет