Стамбекова жазира курмангалиевна



бет39/44
Дата14.09.2023
өлшемі6,09 Mb.
#107065
түріДиссертация
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
Байланысты:
stambekova-zh-k-phd-s-sp

ҚОРЫТЫНДЫ

«Жаңартылған білім мазмұны жағдайында болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлау» тақырыбындағы диссертациялық зерттеу жұмысының ғылыми болжамы дәлелденіп, бірнеше теориялық және қолданбалы нәтижелер алынды.


Жүргізілген теориялық-әдіснамалық және тәжірибелік зерттеу жұмысының нәтижелері төмендегідей қорытындылар жасауға мүмкіндік берді:
1. Қазіргі білім беру жүйесінің жұмысын реттеуге арналған мемлекеттің стратегиялық даму бағдарламалары мен нормативті құжаттарға жасалған талдаулар негізінде жаңартылған білім мазмұны жағдайында болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлау мәселесінің өзектілігі дәлелденді.
2. Мәселеге қатысты теориялық еңбектерге жасалған талдаулар «инновациялық әрекет» ұғымы мен «болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлау» түсінігінің мәнін түзуге мүмкіндік берді. Инновациялық әрекет – педагогикалық әрекеттің шығармашылық дамуының тәсілі; Болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлау – оның жалпы кәсіби дайындығының құрамдас бөлігі ретінде жоғары деңгейдегі ғылыми-педагогикалық әрекетіне негіз болатын «инновациялық әрекет» жайындағы білімі мен оқу мен оқыту үдерісінде жаңартпалы әрекет түрлерін білуі, инновациялық әрекетке даярлау әдістерінің мәнін, қызметін түсінуі, бастауыш білім беруде жаңашылдыққа бейімделуі, жаңа идеяларды жүзеге асыруда тәуекелге баруы сияқты бір-бірімен тығыз байланысқан компоненттерден тұратын тұлғаның кешенді сапасы деген тұжырым жасалды.
3. Зерттеу барысында айқындалған болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін инновациялық әрекетке даярлау инновация, инновациялық әрекет туралы арнайы білім мазмұнын игеру; педагогикалық инновациялық технологиялар туралы білім мен дағдыларды және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану дағдыларын меңгеру; педагогикалық инновацияларға сараптама жасай білу; инновациялық идеяны тауып, дамытып, оны жүзеге асыру қабілеттерін қалыптастырып, дамыту; инновациялық оқу-тәрбие жүйесін құра білу дағдыларын меңгеру мүмкіндіктерін құрайды.
4. Біз ұсынған болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін инновациялық әрекетке даярлаудың құрылымдық-мазмұндық моделі педагогикалық жоғары оқу орындарында мотивациялық, когнитивтік, инновациялық-әрекеттік, жеке тұлғалық құрамдас бөліктерінің бірлігін, соған сәйкес жоғарыда көрсетілген барлық элементтердің өзара байланысы мен бірлестігін қамтиды.
5. Жаңартылған білім мазмұны жағдайында болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлау арнайы әдістемені: «Бастауыш білім беруде инновациялық әрекетке даярлау негіздері» атты элективті курсын ЖОО педагогикалық үдерісіне енгізгенде және ғылыми инновациялық портал жобасын, ұтымды әдістерді, жаңа инновациялық оқыту құралдарын қолданғанда нәтижелі болады.
6. Қалыптастырушы эксперимент барысында алынған нәтижелер инновациялық әрекетке даярлауға бағытталған білім мен іскерлікті, дағдыны болашақ бастауыш сынып педагогтерінің меңгергенін, олардың мотивациялық-шығармашылық бағдарының, креативті-шығармашылық дәрежесінің, инновациялық әрекетті жүзеге асыруға деген кәсіби қабілетінің, жеке тұлғалық қасиетінің артқандығын көрсетті. Аталған нәтижелер елімізде ЖОО маман даярлаудың дәстүрлі құрылымын өзгертуге, инновацияға негізделген жаңа үлгілері мен нұсқаларын жасауға мүмкіндік береді.
Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша төмендегідей ұсыныстар жасалады:

  • жаңартылған білім мазмұны жағдайында болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлауды әдістемелік жұмыстың басты бағыты ретінде қарастырып, жоғары педагогикалық оқу орындары оқытушыларымен арнайы дайындықтар ұйымдастыру;

  • болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлығын қалыптастыруда арнайы оқу бағдарламаларын пайдалану, жоғары оқу орны оқытушыларының осы бағыттағы жұмыстарды жоспарлы жүргізулерін қамтамасыз ету;

  • жүрізілген ғылыми-зерттеуіміздің негізінде дайындалған «Бастауыш білім беруде инновациялық әрекетке даярлау негіздері» атты элективті курсын, дайындалып, «Болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлау әдістемесі» атты оқу-әдістемелік құралын, ЖОО білім алушыларына арналған «Ғылыми-инновациялық портал» жобасын «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы білім алушыларына дәріс оқуда, семинар сабақтарын өтуде пайдалану мүмкіндіктерін қарастыру.

Аталған зерттеу нәтижелері болашақта жоғары педагогикалық оқу орнындарында мамандар даярлау мәселесіне арналған жұмыстарды жетілдіруге және осы бағыттағы жаңа зерттеулер жүргізуге негіз бола алады деп есептейміз.
Зерттеу мәселесі кең ауқымды болғандықтан, оның барлық салаларын жеткілікті дәрежеде қамту мүмкін емес. Сондықтан болашақта бастауыш сынып педагогтерін бұл бағытта дайындау мәселесін педагогикалық, кәсіби практикалармен тығыз байланыста қарастыру, бастауыш білім көптілділікпен білім алушыларын шағын жинақты мектепке даярлау тұрғысында зерттеу керек деп санаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет