Стамбекова жазира курмангалиевна


Тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтижелері



бет37/44
Дата14.09.2023
өлшемі6,09 Mb.
#107065
түріДиссертация
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   44
Байланысты:
stambekova-zh-k-phd-s-sp

3.3 Тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтижелері


Болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлау барысындағы тәжірибелік-эксперименттік жұмысын ұйымдастыру кезеңінің логикасына сәйкес, қалыптастырушы кезең мен бақылау кезеңінің нәтижелері қарастыру мақсат етіледі. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың алғашқы кезеңінде эксперименттік және бақылау топтарында өткізілген жұмыстар болашақ бастауыш сынып педагогтерінің инновациялық әрекетке даярлану қажеттілігін қабылдауына, мотивация орын алуына, қызығушылығы туындауына және ұстаздық қызметінің болмысы инновациялықпен тығыз байланысты екеніне саналы түрде назар аудару дағдысын қалыптастырды. Ал тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың тек эксперименттік топтарында өткізілген қалыптастырушы кезеңі бакалаврлерді өзіне болашақ бастауыш сынып педагогі қызметіндегі кәсіби шебер көзқарасымен, педагог мамандығына аксиологиялық-құндылық тұрғыдан, өзінің тұлғалық болмысын терең рефлексиялық тұрғыдан түсіне қарауға үйретеді. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың оқу-қалыптастырушы кезеңінде эксперименттік топта қол жеткізілген нәтиже біршама уақыттан соң өткізілген үшінші кезең – бақылау кезеңінде эксперименттік және бақылау топтарына арнайы кесінді тапсырмалар орындату арқылы тексерілді.
Эксперименттік топта «Бастауыш білім беруде инновациялық әрекетке даярлау негіздері» элективті курсын меңгерген болашақ бастауыш сынып педагогінің инновациялық әрекетке даярлығының қалыптасу деңгейі қалыптастыру кезеңнен кейін келесідей өскендігі байқалды. Ал бақылау тобында инновациялық тапсырмалар орындау деңгейінің төмен болу себебі арнайы даярлау болмағандығынан деген ойымыз нығая түсті. Қалыптастыру кезеңнен соң алынған кесінділердің ішінде болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлаудың жеке тұлғалық өлшеміне де байланысты педагогикалық тапсырмалар беріліп, бакалаврлердің өзінің ерік-жігерін билей алуы, өзіне сенімділігі, ішкі және сыртқы кедергілерді жеңуге деген ерік сенімі сыналды.
Төмендегі кестелерде және диаграммаларда бақылау кезеңіндегі эксперименттік топтың және бақылау тобының инновациялық әрекетке даярлығының мотивациялық, когнитивтік, инновациялық-әрекеттік және жеке тұлғалық компоненттері бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижелері берілді (кесте 19).

Кесте 19 – Эксперименттік және бақылау тобының инновациялық әрекетке даярлығының когнитивтік өлшемдерінің нәтижелері



Топтар

Жалпы саны

Когнитивтік өлшем

деңгейлер

жоғары

орта

төмен

Эксперименттік

67

саны

%

саны

%

саны

%

34

50,7%

29

43,3%

4

6%

Бақылау

67

8

12,2 %

14

21,2%




66,6 %

Келесі кесте мен диаграммадан болашақ бастауыш сынып педагогінің инновациялық әрекетке даярлығының когнитивтік өлшемінің өсуін көруге болады (сурет 37).





Сурет 37 – Эксперименттік және бақылау тобының инновациялық әрекетке даярлығының когнитивтік өлшемдер диаграммасы


Кесте 20 – Эксперименттік және бақылау тобының инновациялық әрекетке даярлығының мотивациялық өлшемі





Топтар

Жалпы саны

Мотивациялық өлшем

деңгейлер

жоғарғы

орта

төмен

Эксперименттік

67

саны

%

саны

%

саны

%

33

49,2%

28

42,9 %

5

7,9%

Бақылау

66

8

12,1 %

14

23,2%

44

64,7 %




Сурет 38 – Эксперименттік және бақылау тобының инновациялық әрекетке даярлығының мотивациялық өлшемдер диаграммасы


Кесте 21 – Эксперименттік және бақылау тобының инновациялық әрекетке даярлығының инновациялық-әрекеттік өлшемдері нәтижелері





Топтар

Жалпы саны

Инновациялық-әрекеттік өлшем

деңгейлер

жоғарғы

орташа

төмен

Эксперименттік

67

саны

%

саны

%

саны

%

34

50,7%

27

41,8%

5

7,5%

Бақылау

66

7

10,6%

18

27,3%

41

62,1 %




Сурет 39 – Эксперименттік және бақылау тобының инновациялық әрекетке даярлығының инновациялық-әрекеттік өлшемдер диаграммасы


Кесте 22 – Эксперименттік және бақылау тобының инновациялық әрекетке даярлығының жеке тұлғалық өлшемдері нәтижелері





Топтар

Жалпы саны

Жеке тұлғалық өлшем

деңгейлер

жоғарғы

орташа

төмен

Эксперименттік

67

саны

%

саны

%

саны

%

47

71,1%

13

19,4 %

6

9,5%

Бақылау

66

8

12,2%

16

24,2%

42

63,6 %




Сурет 40 – Эксперименттік және бақылау тобының инновациялық әрекетке


даярлығының жеке тұлғалық өлшемдер диаграммасы

Элективті курстың мазмұнын толыққанды меңгерген бакалавр әр уақытта педагогикалық үдерістің жанды қарым-қатынас үдеріс екенін саналылықпен түсіне отырып, инновациялық әрекеттің педагогтік әрекетінің әр сәтінде бар болып отыруы тиіс екенін теориялық та, практикалық та тұрғыдан түсінген болуы керек.


Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижесі болып эксперименттік топтағы болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің инновациялық әрекетке деген саналы түсінігі жоғарылауы, студенттердің педагогикалық инновацияға деген көзқарасы мен қатынасы өзгеруі жатады. Соның негізінде болашақ бастауыш сынып мұғалімін дайындаудың сапалы деңгейге өскені танылды.
Мектепте қызмет етіп жүрген мұғалімдердің инновациялық әрекетке тікелей кірісуіне теориялық базаның жеткілісіздігі себеп болатындығына көп жағдайда назар аударылмай келеді. Практикалық тұрғыдан үйреніп алған инновациялық әдістер мен амал-тәсілдердің көптеген мұғалімдердің жүйелі және үздіксіз қолданатын инновациялық жүйесіне айналмау себебі, мұғалімдердің инновациялық әрекеттің түп негізін танытатын теориялық-әдіснамалық білім базасының қалыптаспауында екендігіне терең назар аудару керек деп ойлаймыз. Инновациялық үдерістің жекелеген қырларын ғана жаттап алып, оны инновациялық әрекет ретінде пайдаланудың мерзім жағынан қысқа болатыны анық.Осымен байланысты біздің тарапымыздан ұсынылып отырған «Бастауыш білім беруде инновациялық әрекетке даярлау негіздері» элективті курсының мазмұнында теориялық дәріс пен практикалық сабақтардың, семинардың, лабораториялық сабақтардың сағаттары мол болуы көзделді.
Өйткені инновациялық әрекет – инновациялық үдерісті жүзеге асырушы әрекет болғандықтан, оның теориялық түп тамыры мен практикалық орындалу көріністері біртұтастықпен танылып, түсініліп, пайдалану барысында әрбір инновациялық әдістің себебі мен салдарын саналылықпен жүзеге асырылуы керек. Осындай әрекеті арқылы инновациялық әрекет өз кезегінде біртұтас педагогикалық әрекеттің құраушы элементі ретінде қызмет ететін болады.
Болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлаудың жүйесі заманауи педагогтік білім беру жүйесінің біртұтас моделіне сүйене отырып жүзеге асырылады. Сол біртұтас модельде маңызды орын ала отырып, инновациялық әрекетке даярлау жүйесі заманауи педагогикалық міндеттерді шешуде негізгі орынға ие болуы тиіс болашақ мұғалімнің инноватор-мұғалім ретіндегі тұлғасын қалыптастыру орталық орынға қойылады.Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың қалыптастыру кезеңінде осы мәселе басты назарда ұсталынып, инновациялық әрекетке даярлаудың теориялық дәрістері, практикалық, лабораториялық сабақтарының мазмұндық-құрылымдық жүйелері жоғары деңгейде болуы негізгі міндет ретінде анықталды.Әрбір дәріс пен семинар, практикалық, лабораториялық сабақтарының, өзіндік жұмыстар мен жобалардың орындалу әдістері мен формалары ғана емес, сол арқылы шешілетін міндеттер де алдын ала анықталды.
Студенттердің 2-4 сыныптарға арналған жаңартылған білім мазмұнды «Қазақ тілі» бағдарламасы мен оқулық, оқу құралдарымен танысып, олардағы инновациялық технологиялық жүйелерді талдауы бойынша өткізілген «SWOT-талдау үлгілері және осы талдауды инфографика түріне түсіру» жобасын орындауы, «Менің мұғалімдік портфолиом» деген папка жасауы, «Жаңартылған 2-4 сыныпқа арналған Қазақ тілі бағдарламасына күрделі аннотация жасау» жұмыстары да – студенттер тарапынан үлкен қызығушылықпен орындап шыққан сәтті жұмыстары. Студенттерге бір жағынан ғылыми-әдістемелік еңбекке аннотация жазу дағдылары үйретіліп, академиялық жазудың дағдылары меңгертілді. Ал, екінші жағынан «Жаңартылған 2-4 сыныптың Қазақ тілі бағдарламасына» студенттер тереңірек үңіліп, оның мазмұнындағы инновациялық технологияны таныды.
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың осы қалыптастырушы кезеңінде «Бастауыш білім беруде инновациялық әрекетке даярлау негіздері» элективті курсында жоспарланған барлық тақырып меңгертіліп болған соң, арнайы тапсырмалар орындату арқылы қорытындыланды. Қалыптастыру кезең біздің тарапымыздан арнайы әзірленген элективті курстың теориялық тұғыры сенімді, берік, жан-жақты екенін және әдістемелік тұрғыдан нәтижелі, жемісті жүйе екенін анықтады. Студенттердің қызығушылығының жоғары болу себебі, біздің ойымызша, оларды инновациялық әрекетке даярлау үдерісінде пайдаланылған оқу формалары, яғни дәріс, семинар, практикалық сабақ, лабораториялық сабақ сияқты инновациялық оқу формаларын қолданудың нәтижесі. Егер студентті инновациялық әрекетке даярлауды дәстүрлі әдіспен жүргізетін болсақ, оның өзі үлкен нәтижеге қол жеткізбес еді деп ойлаймыз. Нақты айтқанда «Бастауыш білім беруде инновациялық әрекетке даярлау негіздері» элективті курсының оқу формасы да, берілген теориялық білім және қалыптастырылған практикалық дағдыларының мазмұны да «форма мен мазмұнның үйлескен» біртұтастығы болуына ұмтылған бағытымыз ақталды деп ойлаймыз.
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың барлық нәтижелерін талдай келе, өз тарапымыздан ғылыми-инновациялық әрекетті іс жүзінде жүзеге асыратын студенттерге арналған ғылыми-инновациялық портал жобасын ұсынамыз. Портал аясында студенттермен ғылыми-инновациялық жұмыстарды жүргізуде өз септігін тигізеді.
Студенттерге арналған ғылыми-инновациялық портал мақсаты – ғылыми-инновациялық әрекетті іс жүзінде жүзеге асырудың жолдарын және негізгі ұстанымдарын әзірлеп, студенттерге әдістемелік қолдау көрсету (сурет 41).
Портал бес бағытта жұмыс істейді. Олар

  1. Ғылыми

  2. Әдістемелік

  3. Іс-тәжірибелік

  4. Жаңалықтар

  5. Форум




Сурет 41 – Студенттерге арналған ғылыми-инновациялық портал жобасы






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет