Строительные нормы республики казахстан


(Өзгерт.ред. – ҚТҮКШІК 27.11.2019 ж. №194-НҚ бұйрық)



Pdf көрінісі
бет12/102
Дата29.09.2023
өлшемі2,16 Mb.
#111537
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   102
згерт.ред. – ҚТҮКШІК 27.11.2019 ж. №194-НҚ бұйрық).


ҚР ҚН 3.02-13-2014* 
14 
5.3.6 Жертөле мен астыңғы қабаттардан тікелей сыртқа шығатын есіктер 
қарастырылуы тиіс. Осы баспалдақтарды лифт холы шегінде орналастыруға жол 
берілмейді. 
5.3.7 Лифт шахталарының және баспалдақ торларының жертөлелермен қатынасына 
жол берілмейді. Тек ауа тірегі арқылы лифт шахталары лифт холдарына қатынай алады. 
Холды дәліздермен жалғастыратын есіктер өздігінен жабылуы тиіс. 
5.3.8 Емдеу-профилактикалық мекеме ғимараттарындағы күннен қорғайтын 
құрылғылар жанбайтын материалдардан орындалуы тиіс. 
5.3.9 Жаяу жүргіншілер мен коммуникациялық тоннельдер және өткелдер 
жанбайтын материалдардан қарастырылуы тиіс.
5.3.10 Науқастарды аурухана ғимаратынан эвакуациялауға арналған сыртқы ашық 
баспалдақтарды қолдануға жол берілмейді. 
5.3.11 Ауруханаларда ғимараттың бүкіл биіктігіне ашық баспалдақтарды орнатуға 
жол берілмейді.
Адамдарды эвакуациялауға арналған баспалдақ торларында табиғи жарықтандыру 
болуы тиіс. 
5.3.12 Айналмалы және қисық сызықты баспалдақтарды эвакуациялау жолдарына 
орнатуға жол берілмейді. 
5.3.13 Жанатын қаптама материалдарды және жанған кезде уытты заттар бөлетін 
материалдарды эвакуациялау жолдарына (баспалдақ клеткаларына, дәліздерге, жаяу 
жүргіншілер тоннельдеріне, вестибюльдерге, холдарға), сонымен қатар буфет және акт 
залдарына қолдануға жол берілмейді. 
5.3.14 Емдеу-профилактикалық мекемелерде және дәріханаларда аммиакты 
салқындату қондырғыларын қолдануға жол берілмейді. 
 
5.4 Пайдалану барысында адамдардың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету 
бойынша талаптар
 
5.4.1* Учаскені орналастыруға, аумақтарды ұйымдастыруға және қауіпсіздікке 
қойылатын талаптар
 (Атауы өзгерт.ред. – ҚТҮКШІК 15.11.2018 ж. №235-НҚ бұйрық)
 
5.4.1.1 Емдеу-профилактикалық мекемелерін елді мекендердің бекітілген бас 
жоспарларына және нақты жоспарлау жобаларына сәйкес орналастыру керек. 
Топырақта органикалық, химиялық, радиациялық сипаттағы ластаулар бар, бұрын 
қоқыс тастайтын орын, ассенизация жері, мал қорымы, зират ретінде қолданылған 
аумақтарынан жер телімін бөліп беруге жол берілмейді. 
5.4.1.2 Аурухана ғимаратын орналастыру, сонымен қатар реконструкция жобасы, 
қайта жабдықтау, ғимараттар мен үй-жайларды қайта жоспарлау үшін жер телімін таңдау 
мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен міндетті келісілуі 
тиіс. 
5.4.1.3 Емдеу-профилактикалық 
мекемелері, 
санитарлық-эпидемиологиялық 
ұйымдар және басқа ғимараттар арасындағы ең төменгі жол берілетін арақашықтық
ҚР ҚН 3.01-01 және қолданыстағы нормативтік құжаттарда берілгендерден кем болмауы 
тиіс. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет