Строительные нормы республики казахстан



Pdf көрінісі
бет11/102
Дата29.09.2023
өлшемі2,16 Mb.
#111537
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   102
ҚР ҚН 3.02-13-2014* 
13 
қатысты агрессивті ескере отырып жобалануы, ғимарат элементтерінің астындағы 
негіздердің қажетінше біркелкі шөгуін қамтамасыз ету керек; 
б) конструкциялар нақты бір құрылыс алаңы жағдайында олардың тиімділігі мен 
экономикалық мақсатқа лайықтылығын ескере отырып қабылдануы тиіс;
в) инженерлік коммуникациялар негіздің ықтимал деформацияланған орнын 
толтырудың қажеттілігін ескере отырып жүргізу керек. 
5.3 Өртке қарсы талаптар
5.3.1 Емдеу-профилактикалық мекемелерінің және дәріханалардың өрт қауіпсіздігі 
«Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентіне, өрт 
қауіпсіздігі саласындағы қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттарға және осы 
нормаларда белгіленген талаптарға сәйкес қамтамасыз етіледі.
5.3.2 Емдеу-профилактикалық мекемелерді жобалау барысында конструктивтік, 
көлемдік-жоспарлық және өрт жағдайында төмендегілерді қамтамасыз етуге бағытталған 
инженерлік-техникалық шешімдер қарастырылуы тиіс: 
а) оның талап етілген отқа төзімділік деңгейіне сәйкес мекеменің жалпы төзімділігі; 
б) өрттің түгел мекемеге таралуын және өрттің іргелес ғимаратқа өтуінің алдын алу; 
в) өрттің қауіпті факторларының әсер ету салдарынан адамдардың өмірі мен 
денсаулығына қатер туындағанға дейін оларды мекемеден эвакуациялау мүмкіндіктері; 
г) адамдарды құтқару мүмкіндіктері; 
д) адамдарды құтқару, өртті сөндіру және мүліктерді эвакуациялау бойынша 
шараларды өткізу үшін өрт бөлімшелері жеке құрамының қатынау мүмкіндіктері. 
5.3.3 Емдеу-профилактикалық мекемелерді пайдалану барысында төмендегілерді 
қамтамасыз ету керек: 
а) өрттің алдын алудың және өртке қарсы қорғаныстың барлық жүйелерінің 
жұмысқа қабілеттігі; 
б) өрт қауіпсіздігі саласында қолданыстағы нормативтік құжаттар талаптарын 
орындау; 
в) өрт қауіпсіздігі бойынша жоба құжаттамасынсыз конструктивтік, көлемдік-
жоспарлық және инженерлік-техникалық шешімдерді өзгертудің алдын алу, сонымен 
қатар өрт қауіпсіздігі талаптарына жауап бермейтін конструкциялар мен материалдарды 
қолдану мақсатында жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде бақылау. 
5.3.4 Эвакуациялау жолдарын «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» 
техникалық регламентінің және өрт қауіпсіздігі бойынша қолданыстағы нормативтік-
техникалық құжаттар талабына сәйкес анықтау керек.
5.3.5* Өртке қарсы 2 типті жабындармен және 1 типті өртке қарсы қалқалармен бөлу 
шартымен, ауданына қарамастан автоматты өрт сөндіру және түтінге қарсы сору 
желдеткіштері бар, В1 – В4 санатындағы емдеу-сауықтыру мекемелері мен 
дәріханалардың қоймалық үй-жайлары мен қоймалық үй-жайларын қоспағанда, 
шеберханалар мен жанатын және жанбайтын материалдардың қоймаларын жанатын 
қаптамада, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар қоймаларында, ауруханалардың 
емдеу корпустарының жертөле және цокольдық қабаттарында, диспансерлер мен 
перзентханалар корпустарында, сондай-ақ дәріханаларда орналастыруға жол берілмейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет