Туристік саланы дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы 1. Паспорт Атауы. Туристік саланы дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы.
әзірлеу үшін негіздеме. Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстанның 2030 жылға дейінгі дамыту стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар” 2000 жылғы 17 ақпандағы № 344 жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі Басшысының 2001 жылғы 20 желтоқсандағы № 4867 тапсырмасы.
Негізгі әзірлеуші. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттілігі.(министрлігі)
Бағдарламаның міндеті. Бағдарламаның қойылған міндеттерге сәйкес бірінші кезектегі міндеттері мыналар болып табылады:
– туризмде әлеуметтік-экономикалық өзгермелі жағдайларға, мақсаттарға, қағидаттарға және туристік қызметті жүзеге асыру міндеттеріне жауап беретін мемлекеттік реттеудің жаңа көзқарастар жүйесін қамтамасыз ету;
– мемлекеттің туризм саласында республикалық уәкілетті орган әрекет ететін басқарудағы, атқарушы органдар мен ұйымдар арасында өзара іс-қимылын реттеудегі рөлін күшейту;
Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың нормативтік құқықтық базасын, осы саладағы мемлекеттік реттеу тетігін жетілдіру;
туристік саланы кадрлық, ғылыми-әдістемелік, жарнама-ақпараттық қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау;
- туризмнің инфрақұрылымын дамыту.
Туризмнің материалдық базасын жаңғыртуға, жаңа нысаналар құрылысын жандандыруға жәрдемдесу жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу;
-Қазақстанның туристік өнімін туристік қызметтердің әлемдік рыногына жылжыту;
- туризм және қызмет салаларында шағын кәсіпкерлікті дамытуды, халықтың жұмыспен қамтылуын ынталандыруды қамтамасыз ету;
- сала субъектілерін инвестициялау және қаржыландырудың кредиттеудің басқа да нысандары үшін жағдайлар жасау.
Бағдарламаны іске асыру мерзімі.
2003-2005 жылдар.
Бағдарламаны қаржыландыру.
Бағдарламаны іске асыру үшін болжанып отырған шығыстар мынаны құрайды: республикалық бюджеттен 2003-2005 жылдарға жыл сайын – 32604 мың теңге: жергілікті бюджеттен 2003 жылға – 125 989,7 мың теңге, 2004 жылға – 84 898,5 мың теңге, 2005 жылға 83 448,3 мың теңге, сондай-ақ басқа да қаражат тартылуы мүмкін.
Күтілетін нәтижелер. Туристердің жалпы ағынының тұрақты өсуін қамтамасыз ету былайша болжанады:
Ішкі туризм бойынша төлемі 2003 жылы 56 мың адамнан 2005 жылы 90 мың адамға дейін;
- келу туризмі бойынша – 2003 жылғы 24 мың туристен 2005 жыл соңына 60 мың туристке дейін көбейеді.
2003-2005 жылдар кезеңінде келу туризмінен бюджетке түсетін түсім 111,3 млн АҚШ долларын құрайды.