Т. Ауа ортасын тұрақтандыру


Ауа ортасын тұрақтандыру жөніндегі шаралар және қолданылатын аспаптар



бет2/2
Дата15.11.2022
өлшемі18,88 Kb.
#50287
1   2
Ауа ортасын тұрақтандыру жөніндегі шаралар және қолданылатын аспаптар. Микроклиматқа қойылатын талаптар жер астындағы жұмыс орындарына және тау-кен қазбаларына, көлік құралдарына, мал және құс шаруашылық бөлмелеріне, ауылшарушылық өнімдерін сақтайтын бөлмелеріне, тоңазытқыштар мен қоймалараға таралмайды.
Жұмыс зонасы ауасының нормаланған жағдайы, келесі шараларды орындау барысында қамтамасыз етілуі мүмкін:

  • технологиялық процесстерді механикаландыру және автоматтандыру, оларды алыстан басқару. Бұл шаралардың адамдарға зиянды заттар, жылу көздері әсер еткенде, ауыр физикалық жұмыстарды атқарғанда үлкен маңызы болады;

  • технологиялық процесстерді және жабдықтарды қолдану барысында, зиянды заттардың шығуын және олардың жұмыс зонасына таралмауын қамтамасыз ету;

  • өндіріс бөлмелерінде жалпы және жергілікті желдету орнату;

  • жұмыскерлерге ыстық цехтарда ішетін сусын ұйымдастыру және оларға аз уақыт дем алатын орын ұйымдастыру;

  • жеке қорғану құралдарын қолдану;

  • жұмыс орындарындағы микроклимат параметрлерін бақылау.

Ауаның температурасын сұйықтық термометрлармен, термографтармен өлшенеді. Ауаның дымқылдығын өлшеуге психрометрлер, гигрометрлер, гигрографтар және т.б. аспаптар қолданылады. Ауа қозғалысының жылдамдығын анемометрлермен өлшейді.
Өндіріс бөлмелерін желдету. Өндіріс бөлмелеріндегі қолайлы микроклимат шараларын қалпында ұстап тұрудың ең тиімді жолы өндірістік желдету жүйесін қолдану болып табылады. Желдету дегеніміз – жұмыс бөлмесінде жағымды микроклимат жасау жүйесі. Бөлмеде ауаның таралуына байланысты желдетудің үш тұрі болады:

  • табиғи желдету;

  • механикалық желдету;

  • аралас желдету.

Табиғи желдету дегеніміз – сырттағы ауа мен бөлме ішіндегі ауаның температураларының айырмашылығы. Табиғи желдету ұйымдастырылмаған (инфильтрация) және ұйымдастырылған (аэрация) рқылы орындалады. Инфильтрация – бұл жағдайда құрылғылардың тесіктері арқылы бөлмеге кіретін ауа, желдің бағыты мен күшіне байланысты, құрылыс материалдарының тығыздығының нашарлығына байланысты болады. Аэрацияда ауа алмасу терезе, есік тағы басқа құрылғыларды керегінде әдейі ашып-жабу арқылы жүргізіледі.
Механикалық желдету кезінде бөлмеге ауаның берілуі мен шығарылуында желдеткішті қолданады. Механикалық желдеткіш ауа ағысының бағытына қарай сорғыш, үрлегіш және үрлеп-сорғыш түрлеріне бөлінеді. Табиғи желдету жүйесіне қарағанда механикалық желдету жүйесінде берілетін ауаны алдын ала тазалауға, қыздыруға, салқындатуға және дымқылдауға болады, сонымен қатар атмосфераға шығарылатын ластанған ауаны тазалауға мүмкіндігі бар.
Механикалық желдету орнатылған жеріне балйанысты жалпы алмасу, жергілікті алмасу және аралас алмасу болып бөлінеді. Жалпы алмасу – желдетуді бөлмедегі барлық ауаны желдетуге, жергілікті желдетуде – әрбір жеке жұмыс орнын арнайы желдетуге қолданады, ал аралас желдету – жалпы алмасу және жергілікті желдетумен бірге пайдалану болып табылады.
Жергілікті желдеткіштің сорғыш және үрлегіш түрлері болады. Жергілікті сорғыш желдету жұмыс орындарынан шығтын зиянды заттарды сорып әкетеді, ал үрлегіш желдетудің негізгі мақсаты жұмыс орындарына таза ауаны жіберу. Жергілікті үрлегіш желдетудің бір түрі ауалық душтандыру.
Ауалық душтандыру – тұрақты жәмыс орнында жұмыскерлерге қолайлы метеорологиялық жағдйларды жасау мақстаныда жұмыс орнына немесе уақытша дем алу орындарына берілетін ауаны бағыттау үшін арналған желдету қондырғысы. Ауалық душтндыруды жылу мөлшері 300 ккал/см2 жоғары шығатын цехтарда қолданады. Берілетін ауаның жылдамдығы сәуленің қарқынына байланысты болады 1-ден 3,5 м/с.
Өндірісте ең көп қолданылатыны аралас желдету болып табылады, ал жергілікті желдеткіштің ішінде сорғыш желдеткіш көбірек қолданылады. Жергілікті сорғыш желдету аккумулятор, дәнекерлеу, сырлау жұмыстары жүргізілгенде қолданылады, яғни зиянды заттар шығатын цехтарда.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет