Оптикалық аспаптар



Дата28.03.2023
өлшемі18,28 Kb.
#76906
түріҚұрамы
Байланысты:
Оптикалық аспаптар


Оптикалық аспаптар.
Негізгі бөлігі нәрсенің кескінін беретін қандай да бір оптикалық жүйе болып табылатын сан алуан оптикалық аспаптардың жұмыс істеу әрекеті геометриялық оптика заңдарына негізделген. Атқаратын қызметтеріне қарай оптикалық аспаптар проекциялық аппараттар, микроскоптар, телескоптар, фотоаппараттар болып бөлінеді. 
1. Оптикалық аспаптар туралы түсінік.
Оптикалық аспаптар — құрамында оптикалық үлкейткіш линзалар бар аспаптар. Оптикалық аспаптарға оптиметрлер, өлшеуіш микроскоптар, оптикаторлар және т.б. жатады. 
Проекциялық аспаптар дегеніміз – экранда нәрсенің шын, үлкейтілген кескінін беретін оптикалық аспаптар.
Фотоаппарат дегеніміз – линзалар жүйесінің көмегімен жарық сезгіш қабыршақта сақталатын нәрсенің кескіні алынатын, оптикалық қондырға болып табылады.
Көз – “тірі” оптикалық аспап, ол адамға да жан-жануарларға да қоршаған әлемді танып білуге мүмкіндік береді. 
Көзілдірік дегеніміз -көздегі ақауларды (алыстан көргіштік және жақыннан көргіштік) түзету үшін қолданылатын оптикалық аспап.
Лупа дегеніміз – ұсақ денелерді көруге арналған ең қарапайым аспап қысқа фокусты линза.
Микроскоп дегеніміз– өте ұсақ денелерді көру үшін қолданылатын оптикалық аспап.
Телескоп дегеніміз– аспан денелерін (планеталарды, жұлдыздарды, кометаларды) бақылауға арналған оптикалық аспап.
Көз — оптикалық жүйе. Жарық адамдардың айналадағы нәрселерді көруіне мүмкіндік беретін энергияның бір түрі. Алайда көру арқылы ғана біз қоршаған әлемді танимыз. Көру мүшесі – біздің көзіміз.
Көз өзінің құрылысы жағынан оптикалық жүйе ретінде фотоаппаратқа ұқсас, бірақ көздің оптикалық жүйесі әлдеқайда күрделі. Адам көзінің пішіні шар тәрізді, шамалы қысыңқы , диаметрі 23-25 мм. Көз сыртқы жағынан үш қабықтан қапталған . Сыртқы ақ түсті қатты және мықты қабығы склера немесе ақ қабық деп аталады. Ол көздің ішін механикалық зақымданудан сақтайды. Склераның алдыңғы мөлдір бөлігі – қасаң қабықша деп аталады. Көздің қалған бөліктеріндегі склера мөлдір емес, ақ түсті, ол белок деп аталады.
Склераның ішкі жағынан көзді қоректендіретін күрделі өрімделген қан тамырларынан тұратын тамырлы қабық жанасқан. Бұл екінші қабық – көздің алдыңғы бөлігіндегі әр адамда әр түске боялған сұр, қоңыр, көгілдір және т.б. түсті қабыққа өтеді. Көздің сыртқы мөлдір қабығының ортасында қарашық деп аталатын тесік болады. Жарық қарашық арқылы көз алмасының ішіне өтеді. Түсті қабық – күрделі тамырлы бұлшықет тарамдары. Ол деформациялану арқылы қарашықтың диаметрін өзгерте алады. Көздің қарашығы – ерекше келген тірі диофрагмалар.
Көз бұршағының диаметрі- 8-10 мм кішкентай көз дөңес линза.


Сабақты бекіту.

  1. Физикалық диктант:
    1. Оптикалық аспаптардың негізгі бөліктері --------------------- тұрады
    2. Оптикалық аспаптардың жұмыс істеу әрекеті ---------------- заңдарына негізделген
    3. Оптикалық аспаптар қолданылу мақсатына қарай екіге бөлінеді: ------------ және --------
    4. Микроскоп - дененің ----------------------- кескінін береді
    5. Көздің --------------- қос дөңес линзаға ұқсас.
    6. Кескін көздің ------------------- алынады.




  1. Жұмбақ – сұрақ.

1-конверт. 1. Жақыннан көргіш адам аралға тап болды. Ол көзілдірігінің линзаларын қолдану арқылы от жаға ала ма?
2. Көздің бұзылуы, ауру түрлері.
2-конверт. 1. Дәрігер апама оптикалық күші +2,5 дптр болатын көзілдірік тағуға кеңес берді. Апамда көздің қандай кемшілігі байқалады?
2. Орманда адасып қалған бала, сіріңкесіз Күн сәулесі мен өз көзілдірігін пайдалану арқылы от жаға алды. Бұл балада көздің қандай кемшілігі байқалады?
Үйге тапсырма: «Көз – өмірдің айнасы» эссе жазып келу.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет