Т. Н. Ермекова, М.Ә. Жүнісова ТҮркі тілдерін тарихи дәуірлеу


Глоссарий    Аккад  тілі



Pdf көрінісі
бет37/38
Дата18.04.2022
өлшемі0,88 Mb.
#31299
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Глоссарий 
 
Аккад  тілі  –  (ассирия-вавилон  тілі)  Вавилон  мен 
Ассирияның  көне  бұрынғы  халықтарының  тілі  болды.  Мұны 
көбінесе  ассириялық  деп  атайды.  «Аккад»  деген  атау  «Шумер 
және  Аккад»  сияқты  белгіленген  елдің  атауынан  пайда  болды. 
Аккад  деп  елдің  солтүстік  бөлігінде  семит  тілінде  сөйлеген 
халық  аталса,  ал  семит  емес,  көне  тілде  сөйлеген  оңтүстік 
бөлігіндегі халық шумер деп аталды. 
Ит сөзі – зат есім мағынасында да етістік мағынасында да 
жұмсалған. Етістік мағынасында «итеру» деген мәнде жұмсалса, 
зат  есім  мағынасында  ит  сөзінің  қатысуымен  бірнеше  күрделі 
сөздер пайда болған. Ит мұрын, ит жыл, ит тарт – тістеу.  
Орум  сөзі  –  кесу,  шабу.  Бұл  сөз  ор  түбірінен  жасалған 
туынды  сөз.  Көне  түркі  тілінде  ор  түбіріне  ун/ум  жұрнағының 
жалғануы  арқылы  орум  сөзі  туындаған,  беретін  мағынасы  – 
орақпен орып алу. 
Ириг сөзі. Көне түркі тілінде бұл сөздің бірнеше мағынасы 
бар: 1) орын;  2) мінез, қылық, өмір сүру салты;  3) кеңес, ақыл. 
М.Қашқари сөздігінде күш, ерік, билік деген мағынаны береді. 
Тіл  білімі  тарихы  дегеніміз  –  б.з.д.  3-2  мыңжылдықта 
жазудың  пайда  болуына  байланысты  оны  үйренуге  қажеттілік 
туған кезден басталады. Алғашқы тілдік деректер Месопотамия-
дағы  шумер тілінен басталып, Ежелгі Үндістан, Қытай, Грек тіл 
білімдеріне келіп тіреледі. Тіл білімінде бірте-бірте тілдер туыс-
тығы жөнінде білім М. Қашкари, Ю. Скалигер, Г. Ленц т. б. жи-
нала  бастайды,  тілдерді  салыстырмалы-тарихи,  салыстырмалы 
зерттеулер  жүргізеді.    Жалпы  тіл  білімінің  негізін  салушы 
В.Гумбольдт. 
Йары  –  «көмек».  Көне  түркі  тіліндегі  Jari  сөзін 
В.М.Насилов, Э.Р.Тенишев, А.М.Щербак араб тілінен енген сөз 
деп көрсетеді, бұл шын мәнінде «көмек» деген мағынада шумер 
тілінде қолданылған. 
 «Месопотамия  –  архивтер  Отаны»  –  ғалымдар  мұнда 
мемлекеттік  архивтермен  қатар  жеке  адамдардың  да  архивтері 
болған.  Сонымен  қатар  шумерлер  –  ең  көне  медициналық 


 
101 
еңбектердің,  дәрі-дәрмек  рецептері  жинақтарының  авторлары, 
диқаншының тұңғыш күнтізбегін жасаған да осы шумерліктер. 
Ирк  сөзі  –  «жинау».  Көне  түркі  тілінде  отырықшылану, 
қоныстану.  Осы  сөздің  мағынасындағы  шумер  тіліндегі  жинау 
деген ұғым жатыр, отырықшылана бастаған жұрт бір жерге қо-
ныстанып, жинала бастайды, бірін-бірі жинайды.   
Йулуг  –  төлем,  өтем,  пида,  құрбан.  Көне  түркі  және  орта 
ғасыр  тілінде  йулуг  сөзі  төлем  деген  мағынада  қолданылады. 
Көне түркі тілінде осы сөздің қатысуымен біраз күрделі етістік-
тер жасалған. Малын, жанын құрбан етті.  
ГУД    «өгіз,  мүйізді  ірі  қара  мал»  деген  мағына  береді. 
Шумер мен түрік тілдері арасындағы тарихи байланыс шумерше 
сөз  басындағы  г  әрпінің  орнында  түрікшеде  ешқандай  әріп 
болмайды. Гуд, уд – өгіз деген мағынаны береді.  
Байрам  сөзі  –  (мейрам).  Байрам  қылып  тойлаймыз  деген 
сөйлемдердегі «баба», «байрақ», «байрам» сөздері дыбыстық өз-
герістерге түскені болмаса, осы мағынада әлі күнге дейін түркі 
тілдерінде қолданылады. 
Бөк  сөзі  –  жинау,  топтастыру,  бөгелу.  Дене  мүшелерін 
адамдар бөк сөзімен байланыстырған. 
Шумер  тілі  –  б.з.б.  4-1-мыңжылдықтың  аяқ  кезінде  жа-
зылған  сына  жазу  ескерткіштерін  (іс  қағаздары,  шаруашылық 
құжаттары,  т.б.)  оқу  арқылы  танылған.  Грамматикалық  құры-
лысы жағынан жалғамалы тілдерге жатады. Сөздік қоры негізгі 
түбірден, бір буынды сөздерден құралған. 
Йырық  сөзі  –  біраз  жыртық,  кішкене.  Қазақ  тіліндегі 
жырық сөзіне ұқсас. Түрік тілі мен қазақ тілінің айырмашылығы 
й мен ж әріптерінің айырмашылығы. 
Burun  –  зат  есім  мұрын.  Мұрыннан  қан  ақты.  Бұрынша, 
бұрында деген мағынаны береді.  
Шумер  өркениеті  –  XIX  ғасырдың  соңғы  ширегінде 
Тигр және Ефрат (Қос  өзен)  өзендерінің  бойында  жүргізілген 
археологиялық  қазба  жұмыстарының  нәтижесінде  ежелгі  ескі 
қалалардың орны ашылып, әлемге танылған жаңа мәдениет.  
Мәдениет  – адамның өз қолымен, ақыл-ойымен  жасаған-
дары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. 


 
102 
Пьетро  делла  Велла  –  Шумер  жазуын  алғаш  хатқа  тү-
сіруші неаполитандық саудагер. 
Персия –  Шумер жазуының туған жері. 
 «Описание  путешествий»  –  Пьетро  делла  Велланың 
1660-1663  жарық  көрген  шумер  жазуы  туралы  жазылған  үш-
томдық еңбегі. 
Мукаяр төбесі – Пьетро делла Велланың 1925 жылы 5 та-
мызда ерекше таңбалармен толтырылған кірпішті тапқан жері. 
Көне  шумер  қаласы  –   Ніл  аңғарында  үш  мың  жыл  бойы  
Ежелгі Египет қоныстанған,  Қос өзен бойында табылған қала.  
Сына жазуы 
 
шумер жазуы  б.з.б. 4 - 3-мыңжылдықтарда 
Алдыңғы Азияда кең тараған көне жазу түрі. 
 «Араб  экспедициясы»  –  Дат  королінің  бұйрығымен                 
1761  жылы  7  қаңтарда  Нибур  бастап  Копенгагеннен  шыққан 
экспедиция. 
Лингвист – тілдердің қыр-сырын зерттейтін адам. 
 «Описание путешествий в Аравию и соседние страны» –  
Нибурдың  1778  жылы  жарық  көрген  Месопотамия  туралы 
білімнің энциклопедиясы болған еңбегі. 
Ескі парсы – көне парсы сөздерінің баламасы. 
Ғылыми қоғам – ғылыммен айналысатын бірлестік. 
Әліпбилік  жазу  –  Пьетро  делла  Велланың  үш  бағаннан 
тұратын жазбаның сына жазуының үш түрі екенін ғалым Нибур 
көрсеткен, бұл бірінші ескі парсы жазуы. 
Буындық  жазу  –  Пьетро  делла  Велланың  үш  бағаннан 
тұратын жазбаның сына жазуының үш түрі екенін ғалым Нибур 
көрсеткен, бұл екінші жазуы. 
Идеографиялық жазу – Пьетро делла Велланың үш баған-
нан  тұратын  жазбаның  сына  жазуының  үш  түрі  екенін  ғалым 
Нибур көрсеткен, бұл үшінші Персеполь жазбасы. 
Персеполь  жазбасы  –  Нибур  көрсекен  Идеографиялық 
жазу. 
 «Царь царей» - Сильвестр де Саси сипаттаған көне парсы 
әміршілерінің формуласы. 
 «Зенд» –  царь деген сөзді білдіреді 
Анализ – тұжырым мағынасында. 


 
103 
Тарихи    дерек  –  қағаз  бетіне  түсірілген  белгілі  бір  өткен 
өмір турасындағы бар материал. 
Символ – бір нәрсені, не құбылысты тура суреттемей, бұ-
ларға ұқсас басқа бір нәрсеге не құбылысқа құпия теліп жасыра 
жарастырып,  бүкпелей  бейнелеу,  ойды  да  ашық  айтпай,  тар-
тымды тұспалмен түсіндіру. 
Фонетика – дыбыстарды зерттейтін ғылым. 
Вавилон тілі – Ассирия. 
Ассириология – Ассирияны зерттейтін ғылым. 
Көпмағыналылық – бір сөздің бірнеше мағына беруі. 
Нумизматик  –
  Бұл  термин  латынның  «Һеraldus»  яғни, 
жаршы 
деген
 сөзінен шыққан.
 
Аксиома 
 дәлелдеуді қажет етпейтін теорема.
 
 «Аккадских  исследований»  –  Шумер  грамматикасы  ту-
ралы жазылған Франсуа де Ленорманның еңбегінің 1 томы.  
Шумерология – 1889 жылы дүние жүзінің ғылымы мойын-
даған ілім. 
Ориенталистика  –  Шығыстану,  тарихи  жағынан 
Еуропада  қалыптасқан,  Шығыс  деп  аталған  Азия  және  ішінара 
Африка  (негізінен  Солтүстік  Африка)  елдерінің  тарихын, 
экономикасын, тілдерін, әдебиетін, этнологиясын, өнерін, дінін, 
философиясын,  мәдениетінің  материалдық  және  рухани 
ескерткіштерін кешенді түрде зерттейтін ғылым. 
Колониалдық экспансия – шығысқа көз тіккен дәуір. 
 «Ефрат экспедициясы» – 1835-1837 жылдарда ағылшын-
ның Қосөзенге жүргізген картографиялық экспедициясы. 
Картография  –  географиялық  карталар,  оларды  жасау 
және пайдалану туралы ғылым. 
Месопотамия – архивтер Отаны. 
Детерминатив  –  (лат. determine -  анықтаймын)  омоним-
дер мен омографтарды ажырату  үшін  қосымша  таңба  ретінде 
қолданылып,  кейін  ұғымдық  (категориялық)  топтарды  жіктей-
тін классификатор таңбаға айналған. 
Б.э.д.  1200-400  –  буын  жазуының  классикалық  түрі–кипр 
силлабарийі. 
Б.э.д. 500-300 – көне парсы сына жазуы. 
Руникалық жазу – түркі  жазба ескерткіштері.  


 
104 
Тасқайнар  Флюорит  кендері  – Жамбыл  облысы, Отар 
станциясының оңтүстік-батысында орналасқан. 
Элам көне өркениеті – Азиядағы көне қалалардың бірі. 
Цилиндрлік мөр – Элам қалаларында табылған лазурит та-
сынан ойып жасалған бұйым. 
Пу-Аби – Ура қаласынан табылған әйел патша мазары. 
Радиокөміртектік  анализ  –  ескерткіштердің  Қосөзендегі 
осыған  ұқсас  шумер  ескерткіштерінен  бір  жарым  жыл  бұрын 
жасалу көрсеткіші. 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет