Жайық гидронимі жасалған.
Тарихи жағынан -ақ/ық, -қ/к,
-ұқ/үк, -ик/ік т. б. жұрнақтары түркі тілдерінде өте өнімді
болғандығын белгілі тюрколог Э.В. Севортян көрсеткен бола-
тын (Э.В. Севортян. Соотношение грамматики...., Сб.: «Вопро
сы и истории языка...». 342-345 беттер). Бүл жұрнақ арқылы
коне түркі тілдерінде VTI-XIV ғасырлар арасында йантук
(склон горы), тұрүқ (стоянка), йаңлүк (ошибка), қонүқ (ноч
лег), йарүқ (щель) т. б. сөздер жасалған (С.Е. Малов. Памятни
ки. ДТП, 384-385, 414, 434 беттер). Қазіргі түркі
тілдерінде де
бұл жүрнак арқылы жасалған сөздер жүздеп кездеседі. Қазақ
тіліндегі о й ы қ , о р а қ , т а р а к , т ө с е к с а л ы қ , қ и ы қ , к о р ы қ
т. б. сөздері осыған дәлел.
-Ық жүрнағы қосылу арқылы
жасалған сөздер кейбір сын
есім мен зат есімнің даму жолын көрсетеді. Жоғарыдай түрде
жасалған сөздердің кейбірі (ойық, киық қорықт. б.) сын есімдік
және зат есімдік мағынаға қатар ие болғандықтан, оларды тек
контексте ғана қай сөз тобына жататынын аңғаруға болады.
Бірак бүл жүрнақтар қазір өнімсіз қосымшаға айналып, өзінің
көрінісін
зат есімдерде, сын есімдерде және топонимдерде
сақтаған. Олай болса, топонимдердің кейбірі лексиканың жал-
пы заңына бағынып, жаңа сөздер жасайды.
Қазакстандағы
Айрық, Жайық, Қорық деген топоним-
дер бастапқы кезде зат есімдік те, сын есімдік те мағыналарда
қолданылған. Ал, Жайық сөзі қазірде әуелгі сын есімдік
мағынадан зат есімге өтіп, одан бір объектінің жалқы атын
білдіретін топонимге айналган.
Оның алғашқы сындык мағына-
сын бір түбірден тарайтын «жайылған, жайылыңқы» сөздері
арқылы көрсетуге болады.
Сонымен
П ғасырдан белгілі
Даик (Жайык) гидронимінің
этимологиясын талдай келіп, бүл маңда түркі
тайпалары сол
кездерде мекен еткендігін аңғаруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: