Т о п о н о м І / ik r ЖӘне этимология қазақ тіл білімінің антологиясы а. Әбдірахманов Топономика жэне этимология Павлодар 2010


йасыл - йешіл/есіл/жасыл/жашыл болып айтылып жүрген осы  көк түсті білдіретін сөзден Есіл



Pdf көрінісі
бет79/144
Дата19.12.2022
өлшемі7,05 Mb.
#58216
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   144
йасыл - йешіл/есіл/жасыл/жашыл болып айтылып жүрген осы 
көк түсті білдіретін сөзден Есіл гидронимі жасалған сияқты. 
Оның фонетикалық өзгеріске түсіп қалыптасуы біздіңше 
төмендегідей түрде болған тәрізді: йашыл//йасыл>йешіл// 
йесіл>Есіл. Сөйтіп бүл - жасыл (өзен) деген мағынаны беретін 
көне түркі сөзі. Кейбір түркі тілдерінде нашыл, йешіл сөзі осы 
күні де кездеседі.
ЖАЙЫҚ - Қазақстанда Орал, Гурьев облыстарын басып 
өтіп, Каспий теңізіне қүятын өзен аты. Жайық өзенінің аты ТІ 
гасырда жазған грек ғалымы Птолемейдің еңбегінде Даикс 
түрінде кездеседі. Академик В.В. Бартольд бүл жөнінде бы- 
лай деп жазды: «Птоломею Волга известна только под ее фин­
ским названием Ра, Урал под турецким названием Даикс (Яик) 
(В.В. Бартольд. История культурной жизнй Туркестана, 9 бет).
Көрнекті тюрколог Н.К. Дмитриев бүл атау Византия ав­
торы Менандр Прогектордың (VI ғ.) еңбегінде Даіх түрінде 
кездесетінін, оны daix деп оқу керек екенін, бүл сөз йай<йаз<заз 
деген етістік түбірінен жасалғанын айтады (ИСГТЯ, I, фонети­
ка, М., 1955, стр. 327), Жайық сөзінің этимологиясын талдасақ, 
бүл пікірдің дүрыстығы дәлелдене түседі.
Бүл сөздің түбірі - жай. Жаю, жайылу етістігінің де түп 
төркіні осы сөзден шыгады. Осыған -ық жүрнағы қосылып,
110


Жайық гидронимі жасалған. Тарихи жағынан -ақ/ық, -қ/к, 
-ұқ/үк, -ик/ік т. б. жұрнақтары түркі тілдерінде өте өнімді 
болғандығын белгілі тюрколог Э.В. Севортян көрсеткен бола- 
тын (Э.В. Севортян. Соотношение грамматики...., Сб.: «Вопро­
сы и истории языка...». 342-345 беттер). Бүл жұрнақ арқылы 
коне түркі тілдерінде VTI-XIV ғасырлар арасында йантук 
(склон горы), тұрүқ (стоянка), йаңлүк (ошибка), қонүқ (ноч­
лег), йарүқ (щель) т. б. сөздер жасалған (С.Е. Малов. Памятни­
ки. ДТП, 384-385, 414, 434 беттер). Қазіргі түркі тілдерінде де 
бұл жүрнак арқылы жасалған сөздер жүздеп кездеседі. Қазақ 
тіліндегі о й ы қ , о р а қ , т а р а к , т ө с е к с а л ы қ , қ и ы қ , к о р ы қ
т. б. сөздері осыған дәлел.
-Ық жүрнағы қосылу арқылы жасалған сөздер кейбір сын 
есім мен зат есімнің даму жолын көрсетеді. Жоғарыдай түрде 
жасалған сөздердің кейбірі (ойық, киық қорықт. б.) сын есімдік 
және зат есімдік мағынаға қатар ие болғандықтан, оларды тек 
контексте ғана қай сөз тобына жататынын аңғаруға болады. 
Бірак бүл жүрнақтар қазір өнімсіз қосымшаға айналып, өзінің 
көрінісін зат есімдерде, сын есімдерде және топонимдерде 
сақтаған. Олай болса, топонимдердің кейбірі лексиканың жал- 
пы заңына бағынып, жаңа сөздер жасайды.
Қазакстандағы Айрық, Жайық, Қорық деген топоним- 
дер бастапқы кезде зат есімдік те, сын есімдік те мағыналарда 
қолданылған. Ал, Жайық сөзі қазірде әуелгі сын есімдік 
мағынадан зат есімге өтіп, одан бір объектінің жалқы атын 
білдіретін топонимге айналган. Оның алғашқы сындык мағына- 
сын бір түбірден тарайтын «жайылған, жайылыңқы» сөздері 
арқылы көрсетуге болады.
Сонымен П ғасырдан белгілі Даик (Жайык) гидронимінің 
этимологиясын талдай келіп, бүл маңда түркі тайпалары сол 
кездерде мекен еткендігін аңғаруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет