Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет44/143
Дата07.01.2022
өлшемі0,71 Mb.
#17643
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

үміт қылады?— деген ойлар келгенде Бекболат Төлегеннің неткен
адам   екеніне   миы   жетпейді,   дағдаратын.   Бекболаттың   имене
беретіні де Төлегеннің жұмбақтығы еді.
Енді далаға шығысымен, Бекболат Ақбілектің не болғанын білуге
көңілі кетті. Қалай, кімнен біледі? Мұнда қазақ бар ма екен? Кеше
төсекте жатқанда бір қазақтың есік алдынан өткенін көз шалып
еді; со қазақ жылт етіп жоқ боп кетіп еді, сол кім екен?.. Немесе
дәрігерге   келіп  тұрған  қазақтар   жоқ   па  екен?—  деп   қабырғаны
жағалап, қақпа жақтағы бұрыштан асты. Асып еді ауруханаға
кіретін екінші есіктің тепкішегіне  көт қойып, бір-екі тымақты
қазақ сөйлесіп отыр екен. Бекболат іздегені табылғандай қуанып
кетті:
— Ассалаумаликүм! — деді,
Қырындап, төмен қарап сөйлесіп отырған екі қазақ жалт қарады.
Ел қазағы нұсқынды біреуі: «Әлік» алды. Аятында орысша етігі
бар ықшам шапанды, жекей қара тымақты, аузы-басы пияздай,
қожаға айтқан нияздай, қара сұр жігіт ойнақы көзі жалтаң етті
де, ернін қыбырлатты, Бекболат амандасты. Ойнақы көз жігіт:
«Сені кім шақырды?» — дегендей жөнді амандаспады. Бекболат
келген соң сөздерін  қоя  қойды.  Онысы өздеріне   қолайсыз  көрінді
білем:   жуан   етік   қазақ   Бекболаттың   аты-жөнін   сұрады.
Бекболат жөнін айтқан соң, ойнақы көз жігіт:
— Ә, Бекболат, сіз боласыз ба? Отырыңыз, — деп сырғып, орын
берді. — Әнеугі оққа ұшқан жігіт екенсіз ғой, — деп біле қойды.
Бекболат:
— Өзіңізді мен танымадым ба? — деп сұрап еді:
— Мен «Тақырдың Жылтыры» деген жігіт болам,— деп Тақырдың
Жылтырын білмейтін қазақ жоқ тәрізді. «Жылтыр» дегенге езуін


бір  қисайтып, басын бір  шұлғып тастады: өз атын мардамсып
атағаны   көрініп   тұрды.   —   Мына   кісі   Мұстай   деген   біздің   бір
ағайын,— деді.
«Тақырдың Жылтыры» дегенде, Бекболат:
— Ә, естуім бар,— деді.
Жылтыр жұлып алғандай, тікірейе қарап:
— Мені кім деп естідіңіз?— деп сұрады.
Бекболат әнтек мүдіріп қалды да:
— Көзі ашық, пысық жігіт деп естиміз,— деді.
Бекболат әлгідей дегенде:
—   Әйтеуір,   халықтың   көз   жасы   үшін   Матайдың   Әбенімен
ұстасып   жүрміз.   Ақырын   бір   «Алла   біледі»,   –   деп,   қаз   көрген
қаршыға бастанып, мойнын қылтың еткізді.
Бекболат мақұлдағансып:
— Е! – деді.
«Е»   дегені:   «Ажалы   жеткен   қарға   қаршығамен   ойнайды»   деген
осы-ay! Әбен кім? Бұл кім? Ол арыстан да, бұл – тышқан ғой. Ол
сегіз болыс елді, бір дуанды аузына қаратқан Әбен емес пе? Ол
Петрамборыңа  да барған, патшаға да білікті болған Әбен емес
пе?   Онымен   таласқандай   мұның   не   айбыны,   не   күші   бар?
Шілтиген бір қораш жігіт...» деген ой келіп еді. Бірақ Бекболат
бұл ойын неге білдірсін, іші пысып қалған кісі ғой: оны-мұны сұрай
бастады:
Жылтырдың   білмейтін   хабары,   естімейтін   өсегі   жоқ   ағып
тұрған:   сөз   екен.   Аузы   аузына   жұқпайды.   Ол   сөйлеген   сайын
Бекболаттың   аузы   аңқиып,   жаны   кіріп   барады.   Ол   елдің
партиясын,   сайлауын,   кімнің   пара   алғанын,   кімнің   бергенін,   кім
қызын сайлаушыға шырға қылғанын, кімнің үйі, малы таланғанын,
кімнің үйінде тінту болғанын, кімнің қатыны, қызы кеткенін, кім
мен кімнің керіскенін, төбелескенін, қызыл мен ақтың соғысқанын,
кімнің   басы   сотты   болып,   кімнің   үстінен   арыз   беріліп,   газетке
басылғанын,   кім   абақтыға   түскенін,   кім   шығарып   алғанын,   кім


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет