7
міне, менің қойнымда отыр,— деп омырау
қалтасынан бір қағазды суырып алды. Алды да: — Міне, міне —
мына қағаз оның әкесін танытады. Танытатын жерге алдақашан
жіберілген. Мынау шорнабай
8
,— деді, сүйтті де іс-міс жоқ,
қағазын судыратып оқи бастады.
Бекболат амалсыз тыңдады. Кім біледі, кейін бір керегі боп қалар:
біз де тыңдайық:
Семей губрепкоміне, копия
«Қазақ тілі» басқармасына.
H. үйезі, Сартау болысының қазағы;
Пәлен-пәлен ұлынан
Мағұлымнама
«Сартау елінің барлық қанын сорған, байлығын жиып алған Матай
балалары. Себебі 1887 жылы Сартау еліне болыснай, опрабитл
болған. Сонан үшбу уақытқа шақлы еліне өмірінің жүруі бөлек:
аптаномиялы, ханлы ел сықылды.
1. Халыққа тарайтұғын алым-шығын, збор һәм қара шығын,
поштауай ат һәм лау ат, ауылнай старшын сайлану һәм елу басы
сайлану, — баршасы жалғыз Матай балаларының ықтиярында
болған. Осындай өз қолымен сайлап қойған ауылнай старшынлар
һәм народнай судьяларының мүһрлары Әбен Матайұлының
қолында болды да, өзі керек қылған кезінде баса берді».
— Рас па?
— Біз қайдан білейік.
— Тыңда, ендеше.
2. «Ианеде елде ұрыларды көбейтіп, Әбен Матайұғлы олардан
жүйрік, жақсы атлар алатүн. Сол алған атлар осы уақытта
қолында бар: бір шек кер ат — ұры Ақмет Сағынайұғлынан; япас
қарагер ат — ұры Босаға Салықбайұғлынан; ианеде көк ат алған».
— Білесің бе?
— Мен білмеймін.
3. «Ианеда біреуінің қатынын бұзып, босатып басқа біреуге малға
сататүн. Сол ғадатын осы уақытта да істеп отыр: Бейсен
Әбішұғлының қатынын бұзып Құлық Боржықайұлына сатып
отыр. Ианеде көп кісілері билан һәр ауылнайға барып, қонақ болып,
ол барған үйінің малы аса семіз болмаса, оған өзі үкім қылады:
пәлен атын, яки пәлен түйесін әкеп берсін деп. Осы ісінен қорыққан
нашар ауылдар өзлері шақырып семіз малын сойып беретүн».
— Бұ да өтірік пе?
— Ел аралайтыны рас қой.
4. «Ианеде Әбен Матайұғлының малайлары: алты жылқышы,
төртеуі түнге, екеуі күндізге: үш қойшысы, бірі түнге, екеуі
күндізге: бір түйеші, бір сиыршы. Екі үйіне төрт биеші, екі
тезекші. Ианеде екі үйінде малдарын сауатын алты қатынлар.
Осының бәріне бір тиын ақы берген емес. Себебі: қайсыларының
жесір дауы, қайсыларының мал даулары бар, қайсылары қатын
алғысы келеді; қайсыларының қатыны бұзылып жүрген;
қайсылары ұры атында; қайсыларын құлым деп жұмсайды,
осындай себеп илан қызмет істеп келеді. Ғұмырынша «тсар
асбободтілден
9
» кейін адамды құл қылып ұстайтын рәсім жоқ еді.
52 жыл болды, Мүсәпір Жайтуғанұғлы құл есебінде болып,
жылқысын бағып жүр, оның балалары құл болып қойын бағып
жүр».
— Бұған не дейсің?
— Бұларды бекер деуге бола ма? Бай болған соң малай салмай тұра
ма...
5. «Ианеде 1914 жылы «Көпкөл» деген зауат болған. Ол зауаттың
тас көмір тартатын подретін Әбен Матайұғлы алып бұтына 11
тиыннан һәм барша крекешлерге бұтына 9 тиыннан қисап берген.
Достарыңызбен бөлісу: |