Table of Contents тар жол, тайғАҚ кешу роман-эссе (1927) тарту



бет6/53
Дата22.09.2023
өлшемі419,1 Kb.
#109714
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
ӘЛИХАННЫҢ СЕМЕЙГЕ КЕЛУІ
Әлихан Томскідегі Сібір съезінен қайтып, баяндама оқуға Семейге барған еді. Семей халқының Әлиханды қалай қарсы алғаны жөнінде «Сарыарқа» газетінде бір мақала басылып шыққан.
Әлихан Семейге 21 октябрь күні келетіндігі күн ілгері мәлім болған екен. Сол күні алдынан шығып, құрмет көрсетуге Семей қазақтары бұрынғы губернатор мекемесі, қазіргі «Бостандық үйіне» ағыла бастаған. Семинаристер бір рет, гимназистер бір рет, мұғалімдер бір рет, тұрғын саудагерлер, қырдан келгендер «сегіздегі бала, сексендегі шал да қалмай» дегендей қуанышпен, отарбаның келуін тосқан еді дейді.
Мұнша халықтың артықша зор құрметпен, қуанышпен, сағынып күткен адамы:
Ел үшін құрбандыққа жанын берген.
Бит, бүрге, қандалаға қанын берген,
Ұрадай сасық ауа, темірлі үйде,
Зарығып Алаш үшін бейнет көрген.
Заманда басқан аяқ кейін кеткен,
Жасымай Алашына қызмет еткен!
Болса да қалың тұман, қараңғы түн,
Туатын «бақ жұлдызына» көзі жеткен.
Түймеге жарқылдаған алданбаған,
Басқадай бір бас үшін жалданбаған,
«Көркейер қайткенде Алаш» деген ойдан
Басқа ойды өмірінде малданбаған.
Әлихан Нұрмағамбетұлы Бөкейханов еді, —дейді «Сарыарқа».
Әлгі көше толып ағылған қазақтың бәрі «Бостандық үйіне» барып толды. Арналған кісілер халықты реттеп отырғызды.
Бүгін Әлиханмен жұрт көрісіп, амандасып тарасын, қарсы алу тойымыздың үлкені ертең, «Алаш» қаласында болсын деп қаулы қылынды. Қозыбағаров және басқалар, жас балаларға және қара халыққа Әлиханның өмірін, қылған қызметтерін сөйледі. Сөйтіп отырғанда поезды тосып, автомобильмен әкелуге жіберген екі кісі құрметті қонақты «Бостандық үйіне» түсірді. Жұрт амандасып болғаннан кейін, қара халық атынан Шайық Мұсатайұлы Әлиханның келгеніне құтты болсын айтты.
Онан соң комитет атынан Ахметжан Қозыбағарұлы сөйледі. Ахметжаннан кейін оқытушылар атынан мұғалім Маннан Тұрғанбайұлы сөйледі.
«Сүйікті басшымыз! Еңбегің жанды, ұлтыңның жандана бастағанын көзің көрді, өзінің оқытушы екенін жасырып жүретін оқытушылар мынау отырған. Бұрынғы келгендерінде дидарын көрсетпей, жауып қойған да уақыттары болды. Жүзі қаралардан қорқып, біз де бүйтіп көрініп, алдыңыздан шыға алмаушы едік. Құдай бізді бүйтіп қарсы алуға жеткізді. Біз оқытушылар пікіріңізді жайып, еліңді тірілтуге даярмыз. Көп жаса басшымыз, сені көрумен өзімізді бақытты санаймыз», — деді.
Жалпы жастар атынан С.М.Торайғырұлы былай құттықтады:
«Көш бастаған еріміз!
Қуанышта еліңіз.
Төбеміз көкке жеткендей,
Көкіректен бүгін кеткендей,
Сізді көріп шеріміз.
Еліңіздің бұл шағын
Алаш туын һәм бағын
Көзбен көріп түленді,
Көптен бергі теріңіз.
Алаш туын қолға алған,
Қараңғыда жол салған
Арыстаным келіңіз!»
Оқушылары атынан Аймауытұлы мынаны айтты: «Қараңғыда қан жылап, қаңғырған күнде басынды Алаш жолына құрбан қылған ағамыз, асқар беліміз!
Сізді көргендегі жүректің қуанышын тіл айтып жеткізерлік емес. Өмірінде жүрген жолын біз інілеріне жағып қойған шамшырақ.
«Жасасын сүйген Алашың!
Көп жаса сабазым!»
Басқалар тарапынан да осы секілді сөздер сөйленіп болған соң, Әлихан мынаны айтты:
«Ағалар, інілер! Мені бұлай қарсы алғандарыңа рақмет, бірақ, ұғыну керек: бостандықты туғызған мен емес, орыс ерлері. Мен олардың жолында жолдастықта жүрген кісімін. Жүз жылдан бері бостандық үшін асылған, атылған солар. Тәңірі жарылқасын соларға бұрын айтуға керек.
Бостандыққа қуансаңдар, мені «басшымыз» деп айтқандарың шын болса, міне мен, өле-өлгенше сендерге қызмет қылуға уағда беремін. Сендер уағда бересіңдер ме, бостандық жолымен болуға? Бостандық жолында болсаңдар, нашарды жебеу керек; партияны қойып бірігуге, бас пайдасы мен жұрт пайдасын бірдей көруге, барлық күштеріңді ғылым жолында жұмсауға керек.
Міне бостандық болғалы осыларды қылып отырған шығарсыңдар, бостандық өзінен-өзі сендерге түк әкеліп бермейді», — деді.
Міне, Әлиханды осылай қарсы алды.
Содан кейін Орынборда «Алаш» партиясы атынан жалпыресейлік учредительный собраниеге барлық Қазақстан губернияларынан белгіленген адамдардың тізімдері (списке) «Қазақ» газетінің 1917 жылғы 14 қарашада 250-ші нөмірінде жарияланды. Ол тізімдері міне:
I. «Алаш» партиясы атынан учредительный собраниеге аталған депутаттар: Торғай облысынан № 1 списке:
1. Ахмет Байтұрсынұлы, 2. Ахмет Бірімжанұлы, 3. Сағындық Досжанұлы, 4. Абдолла Темірұлы, 5. Телжаман Мұрынұлы, 6. Елжан Оразұлы, 7. Әлихан Бөкейханұлы.
ІІ. Ақмола әм Семей облысынан списке № 5
1. Әлихан Бөкейханұлы, 2. Айдархан Тұрлыбайұлы, 3. Әлімхан Ермекұлы, 4. Қалел Ғаппасұлы, 5. Асылбек Сейітұлы, 6. Мұқыш Поштайұлы, 7. Ережеп Итбайұлы, 8. Жақып Ақпайұлы, 9. Сейілбек Жанайдарұлы, 10. Райымжан Мәрсекұлы. 11. Жұмағали Тілеуліұлы, 12. Биақмет Сәрсенұлы, 13. Рақымжан Дүйсенбайұлы (Рахымжан Дүйсенбайұлын сыртынан жазып кірістіріп қойған). 14. Ахметжан Қозыбағарұлы, 15. Мағжан Жұмабайұлы, 16. Әбікей Сәтбайұлы, 17. Салық Мешінбайұлы, 18. Безгек Өскенбайұлы, 19. Салмақбай Күсемісұлы.
III. Орал облысынан
1. Қалел Досмұқамбетүлы, 2. Жанша Досмұқамбетұлы, 3. Нұрғали Ермағамбетұлы, 4. Ғұбайдолла Әлібекұлы, 5. Сәлімгерей Қаратілеуұлы, 6. Омар Есенқұлұлы, 7. Ғайса Қашқынбайұлы.
IV. Жетісу облысынан списке № 2
1. Мұқаметжан Тынышпайұлы, 2. Шибалин (орыс), 3. Отыншы Әлжанұлы, 4. Ашкайский (орыс), 5. Ғабдоллин, 6. Ниязбекұлы, 7. Мырзақан Төлебайұлы, 8. Бабкин (орыс), 9. Пропкин (орыс).
списке № 3
1. Ыбырайым Жайнақұлы, 2. Шандириков (орыс), 3. Садық Аманжолұлы, 4. Дүр Сауранбайұлы, 5. Базарбай Мәметұлы.
V. Бөкей ордасынан списке № 1
1. Уәлитхан Танашұлы, 2. Бақыткерей Құлманұлы.
списке № 2
1. Қадым Сармоллаұлы, 2. Сәлімгерей Нұралыханұлы.
Бұл жалпы тізімде Сырдария облысынан белгіленген кісілерінің тізімі ғана жоқ..
Совет үкіметіне қарсы «Алаш» бастықтары жанталасып кірісті. Совет үкіметін орнатушы большевиктерді жамандап, балағаттап, «Алаш» газеттері гүжілдеп жар салып жатты. «Большевиктер немістерге сатылып, астыртын ақша алып келіп, Россияны бүлдіріп жатыр. «Большевиктер өңкей бұзықтар», «ел талаушылар», «елден, жұрттан шыққан қулар», — деп дүрілдетіп жатты.
«Қазақ» газетінің жоғарғы айтылған 14 қарашада шыққан 250-нөмірінде «Алаш» партиясының бастығы Бөкейханұлы біраз серіктерімен қол қойып жар шашты. Онысы мынау:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет