«Хайуанаттар бағының көңілді жануарлары»
Ритмикалық жаттығу.
«Мысық» жуынады.
Терезеге шығып ап,
Жуды мысық құлағын.
1,2,3- кәне қайтала.
«Жылан» қолды кеуде алдында толқыту.
Жер бауырлап асықпай,
Жылан жылжып келеді,
1,2,3- кәне қайтала.
«Тырна» бір қолды жоғары көтеріп, екіншісін белге қойып, бір аяқпен тұру.
Күні бойы шалшықтан,
Тырна бақа аулайды,
1,2,3- тырнаның қимылын
Кәне қайтала.
«Маймылдар» қолды шынтаққа бүгіп, аяқтарын кезекпен тізеге бүге көтеру.
Ағаштан ағашқа
Маймылдар секірді,
1,2,3- кәне қайтала,
3,4,5- тағы қайтала.
Жер бетінде әр түрлі
Аңдар өмір сүреді,
Табиғатпен үндесіп
Дос болайық аңдармен.
«Ұшақтар»
Б.қ. тік тұру, аяқ алшақ, қолды екі жанға созып ұстау;
«Моторды қосамыз»
Қолды шынтаққа бүгіп, айналдыру;
Б.қ.
Б.қ. қолды желкеге қою;
«Ұшаққа жанармай құямыз»
1-2- алға енкею; 3-4- б.қ.
Б.қ. ішпен жатып, қолды иек астына тіреу;
«Ұшақ ұшады»
1-2- қолды , аяқты созып, еденнен көтеру, тенселу; 3-4- б.қ.
Б.қ. тізерлеп тұрып, қолды екі жаққа созу;
«Ұшақты бұрамыз»
1-2- оңға бұрылу; 3-4- б.қ.
5-6- солға бұрылу; 7-8- б.қ.
Орнында оңға, солға айналу; (2реттен)
«Әжемізге гүл сыйлаймыз»
Б.қ. тік тұрып, гүлді артта ұстау;
1-2- гүлді жанынан жоғары көтеру;
3-4- б.қ.(4рет)
Б.қ. отырып, аяқты бірге ұстап қолды екі жаққа созу;
1-2- тізені бүгіп, гүлді тізе үстіне қою;
3-4- б.қ.
Б.қ. отырып, аяқ алшақ, қол екі жақта;
1-оңға бұрылу; 2- б.қ.;
3-солға бұрылу; 4- б.қ.
Б.қ. отырып, аяқты айқастыру, қолдағы гүл жоғарыда;
1-4- оңға,солға иілу;
5-6- б.қ.
Гүлді кеудеге ұстап, аяқты жазып ,қосып секіру;
Достарыңызбен бөлісу: |