«Хайуанаттар бағының көңілді жануарлары» Ритмикалық жаттығу. «Мысық» жуынады.
Терезеге шығып ап,
Жуды мысық құлағын.
1,2,3- кәне қайтала.
«Жылан» қолды кеуде алдында толқыту.
Жер бауырлап асықпай,
Жылан жылжып келеді,
1,2,3- кәне қайтала.
«Тырна» бір қолды жоғары көтеріп, екіншісін белге қойып, бір аяқпен тұру.
Күні бойы шалшықтан,
Тырна бақа аулайды,
1,2,3- тырнаның қимылын
Кәне қайтала.
«Маймылдар» қолды шынтаққа бүгіп, аяқтарын кезекпен тізеге бүге көтеру.
Ағаштан ағашқа
Маймылдар секірді,
1,2,3- кәне қайтала,
3,4,5- тағы қайтала.
Жер бетінде әр түрлі
Аңдар өмір сүреді,
Табиғатпен үндесіп
Дос болайық аңдармен.
«Ұшақтар» Б.қ. тік тұру, аяқ алшақ, қолды екі жанға созып ұстау;