«Тағам.Ұлттық тағамдар.» тақырыбында әңгімелеңіз



бет3/3
Дата26.05.2022
өлшемі23,78 Kb.
#35654
1   2   3
Шартты рай
Етістіктің шартты райы қимылдың, іс-әрекеттің болу-болмау, іске асу-аспау мүмкіндігінің шартын білдіреді. Шартты рай етістіктің негізгі және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына -са, -се жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: бар-са, жүр-се, оқыт-са, айтпа-са.

  1. Қалау рай формасы

Етістіктің қалау райы іс иесінің қимылды, іс-әрекетті қалауын, соған ынтасын, ниетін білдіреді де, белгілі жолдармен жасалады. Мысалы: Менің оқығым келеді. Ол үйіне жетсе игі еді. 
Қалау рай жасалу жолдары:
1. Етістіктің негізгі және туынды түбіріне немесе етіс және болымсыз етістік тұлғасына -ғы, -гі, -қы, -кі жұрнағы жалғанады да, кел көмекші етістігімен тіркеледі. Мысалы: (менің) бар-ғы-м кел-ді, 2. Шартты рай тұлғасына (-са, -се) игі еді сөздерінің жіктеліп келген түрімен тіркеседі. Мысалы: (мен) алсам игі еді.
3. Етістіктің негізгі және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына -ғай, -гей, -қай, -кей жұрнағы жалғанып, жіктеліп келіп жасалады. Мысалы: (мен) бар-ғай-мын, (сен) бар-ғай-сың.

  1. Себебі, өйткені жалғаулықтарының қолданысы

Жалғаулықта- бірыңғай сөйлем мүшелері мен сөйлемдерді байланыстыру қызметін атқаратын көмекші сөздер.
Себептік жалғаулықтарға себебі, өйткені, неге десең шылаулары жатады. Бұл жалғаулықтар қатар келген екі сөйлемнің не құрмалас сөйлем бөліктерінің себептерін ашып түсіндіру үшін қолданылады. Мысалы: Ешкім жауап қайырмады, өйткені оның не деген естіген адам да жоқ еді.


  1. Қалау мәнді сөйлемдердің берілуі

Қалау райы сөйлеушінің белгілі бір амалды немесе әрекетті жүзеге асыруға 
бағытталған ниетін, тілегін, үміт-арманын білдіреді. Өтініш, тілек мәнді сөйлемдерге -ғы 
(+м, +ң) сы кел; -са игі еді; ғай еді; -са екен тіркестерінің жалғануы арқылы жасалады.

  1. Мекен үстеулері

Мекен үстеу, қимылдың, іс-әрекеттің болу орнын, бағытын білдіріп, қайда? қайдан? деген сұрақтарға жауап береді. Мекен үстеулері де негізінен етістікпен тіркеседі. Мысалы: ілгері жүр, жоғары тартты, төмен түсті, алды-артынан орады, әрі-бері жүрді, жолшыбай ала кетті т. б.
Мекен үстеулері де құрамы жағынан негізгі я туынды түбір немесе күрделі түбір бола береді.

  1. Көмекші есімдер

Көмекші есім – лексикалық мағынасынан айрыла бастаған, сөйлемде зат есімдердің жетегінде қолданылып, олардың кеңістікке, уақытқа қатысын білдіретін есім сөздер.
Мысалы: түбі, шеті, жаны, маңы, төңірегі сөздері затқа жақын қашықтықты білдірсе, алды, арты, беті, бойы – заттың тараптарына қатысын
Көмекші есімдер зат есіммен тіркесіп, сөйлемнің бір ғана мүшесі бола алады. Мысалы: Дина ауылы теңіз бойына көшті. Көмекші есімдер негізгі есімдермен тіркесіп көбіне күрделі пысықтауыш қызметін атқарады.

  1. Мезгіл үстеулер және жатыс септік арқылы берілуі

  2. Мезгіл мәнді сөйлемдердің құрылуы.

Мезгіл мәнді сөйлем
Қазақ тіліндегі уақыт, мезгіл өлшемдерін білдіретін сөйлем

  1. Таңдану, риза болу ниеттерін білдіруде қолданылатын сөздер.

пай-пай, паһ-паһ, бәрекелді, бәсе,

  1. Көңіл-күй одағайлары

Көңіл-күй одағайлары адамның түрлі сезімін білдіреді: риза болу(бәрекелді, бәсе, иә, уә.), қуану(алақай, оһо, еһе.), жек көру, келеке ету, қорқу(астапыралла, ойбай, оһ, аһ.), таңдану(оһо, еһе, пай-пай, паһ-паһ, па, бәле.),сүйсіну.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет