Тақырыбы: Бастауыш білім берудегі мониторинг-ғылым мен тәжірибенің проблемасы ретінде Орындаған: Еркімбекова Ә. Тобы: мнк-211 Қабылдаған: Ауезов Б. Түркістан 2023 Жоспар Кіріспе



бет6/7
Дата16.12.2023
өлшемі99,73 Kb.
#140246
1   2   3   4   5   6   7
Мониторинг жасаудың бағдарламасы:
1. Зерттеу бағыттарын анықтау.
2. Мониторинг көрсеткіштерін анықтау.
3. Алынған мәліметтердің дұрыстығын қамтамасыз ететін әдістерді анықтау.
4. Әр бағыт бойынша мәліметтер жинау және оларды өңдеу, сараптау және сақтау технологиясын анықтау.
5. Берілген бағыттар бойынша мониторингке қатысатын мұғалімдердің атқаратын қызметін белгілеу.
Мониторинг жасауда белгілі бір талаптар қойылады, оларды мониторинг жасаудың принциптері деуге де болады:

  • Мәліметтердің дұрыстығы. Керек мәліметтер нақты және мектеп әкімшілігіне пайдалы болу керек.

  • Мәліметтерді салыстыратын мүмкіндіктің болуы. Кез келген үдерістің тек қазіргі деңгейі ғана емес, ондағы өзгерістердің себептерін зерттеу керек болады.

  • Болжамдық. Нәтижелерге сүйене отырып, болуы мүмкін өзгерістерге болжам жасау[7].

Оқу мониторингісі болғандықтан, басты назар білім сапасында болмақ. Білім сапасын көтеруге әсерін тигізетін бірнеше факторларды атауға болады:
1. Оқушылардың денсаулық жағдайы;
2. Мектептің материалдық базасы;
3. Педагогтардың шеберлігі;
4. Үйірмелер, спорт секцияларының жұмысы;
5. Оқушылардың сабаққа қатысымы;
6. Тәрбие жұмысы;
7. Оқушылардың дұрыс тамақтануы;
8. Баланың отбасындағы жағдайы және т.с.с.
Аталған факторлардың ішінен оқушылардың денсаулық жағдайын, педагогтардың шеберлігін зерттей келе, біз білім сапасының қазіргі деңгейін көруімізге болады.


2. Мониторингті әзірлеу және ұйымдастыру бойынша қызмет кезеңдері
Мектеп мониторингісін құрудың негізгі бағыттары:
Оқушылардың денсаулық жағы Педагогтардың шеберлігі Білім сапасы Бала толыққанды сапалы білім алу үшін оның денсаулығы жақсы болу керек. Ал денсаулығында ақау болған жағдайда, ол балаға ерекше көңіл бөлу қажет болады.
Бірінші бағыт бойынша топта медбике, класс жетекшілер, дене тәрбиесі мұғалімдері, психологтар жұмыс жасайды. Мектеп медбикесінде әрбір оқушының денсаулығы туралы мәлімет болу керек. Бұл мәліметтерден оқушының класс жетекшісі, дене тәрбиесі мұғалімдері хабардар болу керек. Аурудың белгілі бір түрімен, мысалы, қаназдықпен ауыратын балаларды жинап, оның ата-анасымен және класс жетекшісінің қатысуымен мектеп медбикесі осы ауру туралы толық мағлұмат, онымен күресу, денсаулықты нығайту жолдарын көрсетеді. Дене шынықтыру сабағынан денсаулығына байланысты босатылған балаларға қосымша сабақтар ұйымдастыру арқылы дене тәрбиесі мұғалімі жеңілдетілген түрде сабақ өткізеді. Денсаулығында ақауы бар бала басқа дені сау баладан гөрі өзін төмен ұстап, өзіне сенімсіздікпен қарауы мүмкін. Сондықтан, мұндай кезде мектеп психологы жұмыс жасайды[8].
Екінші бағыт бойынша топта директор, оқу ісінің меңгерушілері, әдістемелік бірлестік жетекшілері жұмыс жасайды. Педкадрларды қайта даярлау, олардың шеберлігін арттыру, біліктілік санаттарын көтеру, әдістемелік көмек көрсету аталған адамдардың тікелей қатысуымен жүзеге асады.
Үшінші бағыт бойынша, яғни білім сапасын зерттеуге оқу ісінің меңгерушілері, класс жетекшілер, пән мұғалімдері қатысады. Білім сапасы 3 буын бойынша зерттеуге алынады:
- Бастауыш буында 1-4 кластар;
- Орта буында 5-9 кластар;
- Жоғары буында 10-11 кластар.
Бұл бағытта оқушылардың білім сапасы қаралатындықтан, тоқсан сайынғы қорытындылар, әкімшілік бақылау жұмыстары, жыл сайынғы білім сапасы толық бақыланып, оның өсу немесе кему динамикасын анықтап, кемшіліктерді жою технологиясы құрастырылып, оң тұстарын одан әрі жалғастыру көзделеді.
Білім беруді модернизациялау жағдайында педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және оны жетілдіру жолдарын іздестіру – қазіргі күннің бірден бір талабы. Педагог кадрлардың кәсіби деңгейінің өзгеруін, оқытудың нәтижелерінің өзгеруін анықтау мақсатында білім мекемелерінде мониторинг жүргізу қажеттілігі туындады. Сондықтан, педагогтың қызметіне мониторинг жасау арқылы кадрлардың кәсіби дайындығының қазіргі таңдағы жағдайын анықтауға болады.
Оқушылардың оқу жетістіктерінің мониторингі. Мазмұнды бақылау және бағалау білім алушылардың жалпы білім беретін пәндерді игеруінің жеке динамикасын анықтауды қарастырады және бір оқушыны басқалармен салыстыруға жол бермейді.
Білім алушылардың оқу пәндерін меңгеру деңгейін бақылау үшін пайдаланылады:
- бастапқы жұмыстар (мерзімі: қыркүйектің бірінші аптасы; мақсаты: оқушылардың оқу жылы басындағы пәндік және метапәндік нәтижелерін бекіту);
- диагностикалық жұмыстар (мерзімі: жыл бойы; мақсаты: мұғалім таңдаған пәндік мазмұнды ұсыну формаларының тиімділігін зерттеу);
-ағымдағы тексеру жұмыстары (мерзімі: жыл бойы; мақсаты: пәндік мазмұнның шағын бірліктерінің игерілуін бақылау);
- модульдік тексеру жұмыстары (мерзімі: модуль (бөлім) қорытындысы бойынша); мақсаты: пәндік мазмұнның модулін (бөлімін) игеруді бақылау);
- қорытынды тексеру жұмыстары (мерзімі: сәуір-мамыр; мақсаты: бақылау оқу жылындағы пәндік және метапредмет мазмұнын меңгеру);
- білім алушылардың жетістіктерін жыл бойы жинақталған материалды, оның ішінде портфолио түрінде көрсету.Критериалды бағалау кезінде мұғалім мен оқушы оқу үрдісінде серіктес болады, мәселелерді бірге шешеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет