Тақырыбы: Ферменттер. Ферменттердің жалпы қасиеттері. Ферменттердің жіктелуі. ДӘріс жоспары



бет4/4
Дата27.09.2023
өлшемі381 Kb.
#110964
1   2   3   4

Ферменттердің әсер ету механизмі


Е – фермент; S – субстрат; ES –“фермент–субстрат” комплексі; Р1, Р2 –реакция өнімдері;
К1, К2, К3 – тепе-теңдік константалары

Ферменттердің номенклатурасы мен жіктелуі.

  • Әр класс ферменттері топтарға, топтар топшаларға бөлінеді.
  • Әр ферменттің аталуы субстраттың атына немесе катализдейтін реакция атына “аза” деген жалғау қосылып оқылады. Кейбір ферменттердің тривиальды аттары сақталған.

1961 жылдан бері әрбір фермент 4 санды шифр бойынша белгіленеді.

  • Мысалы: ұйқы безінің липазасы ЕС 3.1.1.3 деп шифрланады, мұндағы:
  • "3" класты - гидролазалар класын,
  • "1" топты - эстеразалар тобын (күрделі эфирлік байланысты үзеді),
  • "1" топшаны – карбоэстеразалар топшасын (карбон қышқылынан түзілген күрделі эфирлік байланысты үзеді),
  • "3" –ферменттің осы топшадағы реттік санын көрсетеді.

Ферменттердің жіктелуі

Барлық белгілі ферменттер катализдейтін реакция түріне байланысты 6 класқа бөлінеді.

  • 1.Оксидоредуктазалар - тотығу-тотықсыздану реакцияларын катализдейді.
  • 2.Трансферазалар - атом немесе атом топтарының бір заттан екінші затқа тасымалдануын катализдейді.

Ферменттердің жіктелуі

  • Гидролазалар - судың қатысуымен күрделі заттардың жай заттарға ыдырауын катализдейді.
  • Лиазалар - заттардың сусыз ыдырауын немесе синтезін катализдейді.

Ферменттердің жіктелуі

  • Изомеразалар-изомерлену реакцияларын катализдейді.
  • Лигазалар немесе синтетазалар –АТФ энергиясын пайдаланып, күрделі заттардың синтезделу реакцияларын катализдейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет