Сабақтың тақырыбы: Ферменттердің әсер ету механизмі. Ферменттің белсенді орталығы. Бөлім



бет1/3
Дата14.10.2023
өлшемі61,94 Kb.
#114770
түріСабақ
  1   2   3

Қысқамерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Ферменттердің әсер ету механизмі. Ферменттің белсенді орталығы.

Бөлім:

9.1 Е Қоректену

Педагогтің аты-жөні:

Талапова Инабат
Жетекшісі: Динара Шалгинбаева

Күні:

04.10.2023

Сыныбы:9

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Ферменттердің әсер ету механизмі. Ферменттің белсенді орталығы.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.4.1.1 - ферменттер механизмін оқып тану
9.1.2.3 – ферменттердің белсенділігіне әр түрлі жағдайлардың (температура, pH) әсерін зерттеу.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:
Ферменттер туралы оқып түсінеді.
Көпшілік оқушылар үшін:
Ферменттердің әсер ету механизмін біледі;
Кейбір оқушылар үшін:
Ферменттің белсенді орталығын анықтайды.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:
1.Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сынып реттілігін қадағалау.
2.Қауіпсіздік ережесін еске түсіру.
3.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады.



Шеңбер бойынмен тұрған оқушыларға тапсырма:Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз! Ұйымшыл боламыз десек 2 рет. Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!
Өткен тақырыпты еске түсіру мақсатында Ыстық орындық әдісі арқылы үй тапсырмасы сұралады.

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау: Бұл жерде саралаудың«Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Презентация

Жаңа сабаққа кіріспе



(Ұ) «Ыстық орындық »әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау және дене жаттығуларын жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

Тақтаға бір орындық қойылады және оған бір оқушы келіп отырып,басқа оқушылардың қойған сұрақтарына жауап береді. Егер жауап бере алмаса келесі оқушы шығады.

1. Асқорыту ферменттеріне не жатады?


2. Ферменттердің белсенді орталығы дегеніміз не?


3. Ферменттердің ерекшелігі дегенді қалай түсінесіздер?





Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар қойылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет