Тақырыбы: Қызықты математика есептері



бет10/16
Дата06.01.2022
өлшемі2,18 Mb.
#16309
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
Математикалық кроссворд. Кроссворд(ағылшын сross-«көлденең» және word- «сөз»)- сұрақтардың жауаптары тік және көлденең жолдардың қиылысуына әріп сәйкестігі ескеріліп толтырылатын бас қатыру есебі [2]

  1. есеп.Шығармашылық есебі

(Өзім құрастырған сөз жұмбақ)

«Желдеткіш» атты сөз жұмбағы


1


Көлденеңінен: 2.Бір немесе бірнеше цифрлардан тұратын жазу. 4.Математикалық амалдың белгісі.

Тігінен: 1.Ойлау мен есептеу арқылы орындалатын жаттығу.

4.Санауға қолданылатын сан





2




3





































4











4- сурет

Математикалық викториналар. Викторина- әртүрлі білім салаларынан қойылған сұрақтарға ауызша немесе жазбаша жауап беру ойыны[1]. Түрлері: әдеби викторина, музыкалық викторина, математикалық викторина т. б.

3-есеп. Викторинаға жауап берін. «Тәуліктің алдағы қалған уақыты өткен уақыттан екі есе көп болса, қазір сағат қанша болғаны?»[4]

Шешуі: Тәуліктің өткен уақытын х сағ. Деп белгілеп, есептің шарты бойынша теңдеу құрамыз: 2х+х=24, осыдан х=8(сағ.)



Жауабы: 8 сағ.

4-есеп. Әрбір алманы 3-тен артыққа бөлмей, 5 алманы 6 қызға қалай тең бөліп беруге болады?

Жауабы: 3-уін 2-ге, 2-уін 3-ке бөлу керек.

Логикалық есептерді шығару әдістері.

  • Ой қорыту әдісі

  • Кесте әдісі

  • Графтар әдісі

  • Әйлер дөгелектері

5-есеп. Үш адам сөйесіп тұр: Ақбаев, Қарабаев, Сарыбаев. Олардың қара шаштысы Ақбаевқа айтады. «Біреуіміздің шашымыз ақ, екіншінің шашы қара, үшіншісінің шашы сары, бірақ ешкімнің шашының түсі фамилясына сәйкес келмейді». Олардың әрқайсысының шаштарының түстері қандай? [№1, 2007 ж, математика және физика]

Шешуі: 1 – тәсіл (Ой қорыту әдісі)

Қара шашты адам Ақбаевпен сөйлескендіктен, Ақбаев қара шашты да болмайды, ақ шашты да болмайды (себебі шашының түсі фамилясына сәйкес келмеу керек). Олай болса Ақбаев – сары шашты. Онда Қарабаев – ақ шашты, ал Сарыбаев – қара шашты болады.

ІІ – тәсіл. (кестенің көмегімен )

алдымен есептің шарты бойынша, І кестені салайық



Тегі

Сары

Қара

Ақ

Ақбаев

+

-

-

Сарыбаев

-

+

-

Қарабаев

-

-

+

Жауабы: Ақбаев – сары шашты

Қарабаев – ақ шашты

Сарыбаев – қара шашты

Граф әдісі (сәйкестендіру сызықтары арқылы)

6-есеп: Төрт спортшы: Әлия, Ғалия, Мадина, Динара гимнастикадан өткен жарыста алдыңғы 4 орынды алды, бірақ олардың кез келген екеуі бұл орынды бөліскен жоқ.

Кім нешінші орын алды?- деген сұраққа үш жанкүйер былай деп жауап берді.

а) Әлия – ІІ, Динара – ІІІ

ә) Әлия – І, Ғалия – ІІ

б) Мадина – ІІ, Динара – ІҮ.

Жанкүйерлердің әрқайсысы бір рет қателескенін ескеріп, әр спортшының қандай орын алғанын табы керек.

Ә І

Ғ ІІ


М ІІІ

Д ІҮЖауабы: Әлия –І, Мадина – ІІ, Динара – ІІІ, Ғалия – ІҮ




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет