Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Филология институты
Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
“Қазақ тілінің тарихы мен жазуын оқыту”
Топ: 305
Орындаған: Төреханқызы Жаңыл
Қабылдаған: ф.ғ.к., доцент Г.М. Раева
“Көне түркі және орта түркі жазба ескерткіштеріндегі фузиялық өзгерістер”
Қазақ тіл білімінде фузия құбылысы «сіңісу» құбылысы деп аталады. К.Аханов «Тіл біліміне кіріспе» атты еңбегінде мынадай анықтама береді: «Сөз құрамындағы морфемалардың мағыналары жойылып, олардың бір-біріне кірігіп кетуіне, соның нәтижесінде сөз жігінің әбден күңгірттеніп, морфемаларға мүшеленбеуіне әкелетін морфологиялық процесс сіңісу құбылысы деп аталады».
Қазақ тіліне тән дыбыс өзгерістері түбір мен қосымшаның шегінде байқалады. Дыбыстардың үндесу заңдылығы жалпы түркі тілдеріне сай болса да, оның осы позициядағы көріністері барлық түркі тілдерінде бірөңкей болып келе бермейді. Қазақ тілінде осы позицияда болатын дыбыс өзгерістері, жалпы түркі тілдерін былай қойғанда, қыпшақ тобындағы тілдер де де бірдей емес.
Көне түркі және орта түркі жазба ескерткіштеріндегі фузиялық өзгерістерге протеза, эпентеза, дауыссыздар элизиясы, диссимияция, метатезаны жатқыза аламыз.
Протеза, эпентеза, дауыссыздардың элизиясы.
Тарихи тұрғыдан сөз құрамында белгілі бір дыбыстың болмауы мүмкін де, бірақ тілдің даму барысында пайда болып, қалыптасуы ықтимал. Әдетте тіл білімінде протеза, эпентеза деп аталатын құбылыстар жтимологиялық тұрғыдан сөз құрамында болмаған, тілдің даму барысында пайда болып, қалыптасқан дыбыстарды еске алады.
Протезалық және эпентезалық дыбыстардың пайда болуы қазақ сөздерінің тарихи қалыптасқан құрамынан туатын ерекшелік.
Қазақ тілінде протеза есебінде жиі айтылатын дыбыстар қысаң дауыстылар. Қазақ тіліндегі үстел, ырас, ырза, ірет т.б. сөздер осы протеза дыбыспен қалыптасқан. Протеза ретінде кейде о ашық дауысты дыбысты дыбысы да айтылады: орыс,ораза ( бастапқы түрі:русь, руза) Қазіргі орфонрафиялық нормаға сай ренжу, рахмет, лашын, тәрізді сөздер де айтылуда ырахат, іренжу, ылашын болып,протеза қысаң дауыстымен айтылуда.
Эпитеза немесе сөз ішіндегі қатар айтылуға тиіс екі дауыссыз дыбыстың арасында тауыстының түсіп айтылуы да қазіргі әдеби тіл құрамындағы сөздерден кездесіп отыратын құбылыс. Қазіргі қазақ тіліндегі пікір, уақыт, өмір, ресім есім сөздері эпентезалы дауысты дыбыстар арқылы қалыптасқан.
Ғ,г дыбыстарының элизиясы сөз ортасында да байқалады. Қазақ тіліндегі мағына, мән, мағлұм, мәлім соның нәтижесі. Мұндай құбылыс ортағасырлық түркі тілдерінде де кездеседі. Дегенмен, кейбір сөздер құрамында бұрынғы күйінде қалып, қазіргі тіл құрамында түбірлес сөздердің қалыптасуына негіз болды.
Диссимиляция
Диссимиляция- бір бірімеп ықпалдаспаған дауыссыздар тіркесі.
Көне түркі ескерткіштері тілін (әсіресе 5-8 ғ.) барлағанда көзге оқшау көрінетін бір жай- түбір мен қосымша шегіндегі дауыссыз дыбыстар тіркесі. Біздің қазіргі тілімізде бір-біріне ықпал етіп, өзара ыңғайласып келетін бірнеше дыбыстар тіркесі ол тілде өзара үйлеспеоен қалпында айтылып қолданылған. С.Е.Малов түркі тілдерін тілдің ескі қалдығын көп не аз сақтауына қарай бөлненде, сары ұйғыр тілін жаңағыдай дыбыс тіркестерін көп сақтауына қарай ең көне тілдің бірі деп қарайды. Диссимиляцияның кейбір түрлері қазақ тілінде де ұшырасады: Рт-торта, қарта, орта, рқ, рк-бүрке, күрке, арқа, ерке, серке, торта, марқа; рп-арпа, сорпа, лт-алты, алтын, былтыр; лқ-жылқы, жалқы, алқа, жалқау, салқы.
Бұл сөздердің көпшілігі қазіргі тіліміздің сипаты тұрғысынан түбір мкен қосымшаға бқліп-жаруға келмейтіндер. Ал бірсыпырасының туындф сөздер екендігі, түбір мен қосымшаға ажырайтындығы байқалады.
Метатеза.
Сөздердің, грамматикалық тұлғалардың тарихи дамуында із қалдырған құбылыстардың бірі- метатеза. Метатеза деп әдетте сөздің өз ішіндегі дыбыстардың өзара орын алмастыруын, сөйтіп соңғы қалпында қалыптасып, орнығуын айтады.
19 ғ. Ғалымы М.Қашқари өзінің атақты еңбегінде сол заманғы түркі тайпалары тілдерінде қ мен ч,ғ мен д,ш мен, н,ғ мен м,ғ мен л дыбыстарының түбір сөз ішінде метатезалық өзгерістерге түсетінін көрсетеді. Осы айтып отырған пікірді дәлелдеу үшін қарлығаш, қоңсы, жаңбыр сөздерін мысалға келтіреді. Қашқаридың айтуынша, бұл сөздердің бастапқы тура түрі Қарлығач, қошны, йағмур. Егер сол бұрынғы сыпатын еске алсақ, этимологиялық жақтан қарлығаш сөзі қар сөзінен шыққанын, ал қоңсы сөзінің қос, қосақталу сөздерімен түбірлестігін, жаңбыр сөзінің арғы түбірі йағ екенін байқаймыз. Метатезалық өзгерістерді білудің де қажеттілігі осында жатыр.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
М.Томанов "Қазақ тілінің тарихи грамматикасы"
Достарыңызбен бөлісу: |