Тақырыбы: Медициналық интроскопияның негізгі техникалық құралдары


Оқыту әдісі - Шағын топпен жұмыс Дидактикалық блок



бет2/5
Дата25.11.2023
өлшемі346 Kb.
#125898
1   2   3   4   5
Оқыту әдісі - Шағын топпен жұмыс


Дидактикалық блок:
Барлық заттар зарядтар жүйесі болып табылатын молекулалардан тұрады. Сондықтан әр ағзаның күйі ол арқылы өтетін токқа және әсер ететін электромагниттік толқындарға тәуелді. Биологиялық жүйенің электрлік қасиеті басқа объектілерге қарағанда күрделі, және ол иондар жиынтығынан тұрады. Токтың және электромагниттік өрістің ағза ұлпаларына алғашқы әсері физикалық болып табылады. Ағзаға әсер ететін айнымалы ток жиілікке тәуелді. Төменгі, дыбыстық және ультрадыбыстық жиіліктегі айнымалы ток биологиялық ұлпаларға тітіркендіргіш әсер береді. Бұл құбылыс электролит ерітінділеріндегі иондардың ығысуымен түсіндіріледі.
Жоғары жиіліктегі терапия әдістері дарсонвализация және диатермия. Алғашқысын француз физиологы және дәрігері Дарсонвал ұсынған. Дарсонвализация әлсіз жоғары жиілікті разрядпен нерв талшықтарына тері мен шыршықты қабықшасы арқылы әсер етіледі.


1-сурет. Тері қабатының дарсонвализациясы


Электродтқа айнымалы жоғары жиілікті кернеу (бірнеше киловольт) беріледі. Бұл кезде ток өте әлсіз және өшетін тербеліс жағдайында болғандықтан ұлпаларда жылулық эффект тудырмайды. Жиілігі - 500 кГц.
Терапевтік диатермия (терең жылу беру) - ағзаның ішкі бөліктерінде жатқан ұлпаларды жоғары жиілікті жылу беру арқылы емдеу әдісі. (Жиілігі 1 - 2 МГц ). Электрод астындағы тері және тері асты жасушалары арқылы ток өткенде олар тармақталады да, терең аймақтардағы ток өткізгіш ұлпаларда джоульдік жылу бөлініп шығады. Хирургиялық диатермия - ағзадағы алып тастауға жататын ұлпаларды жоғарғы жиілікті ток арқылы қыздыра отырып бұзу арқылы іске асыратын әдіс. Бұл әдіске негізінен диатермокоагуляция немесе нүтелік электродпен пісіру және электротомия немесе ұстара тәрізді электродпен алынған ұшқын арқылы ұлпаларды тарау әдістері жатады (2-сурет а,б).

2-сурет .

Индуктотермия - майысқақ кабельден жасалған спираль арқылы өткен электр тогы тудыратын жоғары жиілікті магнит өрісінің әсері арқылы емдейтін әдіс. Тербеліс жиілігі 10-15 МГц. Жоғарғы жиілікті магнит өрісі ұлпаларда құйынды электр тогын тудырып, энергиясы жылуға айналады. (3-суретте үзік сызықтар магнит өрісінің), ал құйынды токтар (үздіксіз немесе тұтас сызықтар) электролит ерітінділерінен тұратын ток өткізетін ұлпаларда түзіледі.



3-сурет.

И ндуктотермия кезінде бөлінген жылу мөлшері магнит өрісінің индукциясына В, жиіліктің квадратына және ерітіндінің электрөтімділігіне тура пропорционал:



(1)
Электромагниттік тербелістер биологиялық жүйеге әсер еткенде ағзада жылу бөлініп шығады. Айнымалы электр өрісіндегі биологиялық ұлпаларда ығысу және өткізу токтары пайда болып, зат алмасу процесі жақсарады. Физиотерапевтік бұл әдіс - УЖЖ-терапия әдісі деп аталады.
Ультрадыбысты, жоғары және ульрадыбыстық жиілік диапазонында медициналық аппараттардың үлкен топтары жұмыс істейді (электромагниттік тербелістер және толқындар генераторы). Электромагниттік тербелістер биологиялық денеге әсер еткенде ағзада жылу бөлініп шығады. Айнымалы электр өрісіндегі биологиялық ұлпаларда ығысу және өткізу токтары пайда болып, зат алмасу үрдісі жақсарады. Осы мақсатта медицинада ультражоғары жиілікті аппарат көптеген ауруларды емдеу үшін қолданылады. Физиотерапевтік бұл әдіс - УЖЖ-терапия әдісі деп аталады. УЖЖ-терапия сүйек және қан тамырларындағы қабыну процесстерін, невралгияны, бронхиальды астманы және басқа да ауруларды емдеуде қолданылады.УЖЖ-терапия –ультра жоғары жиілікті (30-300 МГц) айнымалы электр өрісімен ұлпалар мен мүшелерге әсер ететін,кең тараған физиотерапевтік әдіс. УЖЖ электр өрісінің физиологиялық әсері айнымалы электр өрісінің ағза ұлпаларының молекулалары мен иондарына әсеріне негізделген. Нәтижесінде,ұлпалардан биохимиялық және физиологиялық процестерді активтендіруге алып келетін жылу бөлініп шығады. Бөлінетін жылу ұлпалардың диэлектрлік өтімділігіне, меншікті кедергісіне және электромагниттік тербелістердің жиілігіне тәуелді. Сәйкес жиіліктерді таңдай отырып, керекті ұлпалар мен мүшелерден жылу бөлінуді жүзеге асыруға болады. УЖЖ өрісте электрометтерді қыздыру иондардың қозғалыс нәтижесінде болады, яғни ток өткізгіштіктің. Ток энергиясы ішкі энергияға айналады.
Электролиттен бөлініп шығатын жылу: (2)
мұндағы - электр өрісінің кернеулігі, -электролиттің меншікті кедергісі. Электр өрісінің ЖЖ әсерінен диэлектрикте дипольдік молекулалардың үздіксіз ориентациясы болады.
Диэлектриктегі жылу мөлшері: (3)
мұндағы - циклдік жиілік, - диэлектрдің салыстырмалы диэлектрлік өтімділігі, Е- өріс кернеулігі, - диэлектрлік шығын бұрышы.
Ағзада электролит пен диэлектриктің қасиеттері бар ұлпалар бар, сондықтан УЖЖ өрістің әсерінен ұлпалардан бөлінетін жылу мөлшері:


(4)

40,58 МГц жиілікте диэлектриктің қыздырылуы электролиттерге қарағанда қарқынды.


Сонымен қатар биологиялық зерттеулерде аса жоғары жиілікті қолдану диэлектрик қасиеттерімен ұлпаның гидратация дәрежесін анықтауға мүмкіндік туғызады. Емдеу мақсатында сантиметрлік дипазондағы жиіліктері 460 МГЦ ( ) және 2375 МГц ( ) электромагниттік толқындармен ағза ұлпаларына әсер ету микротолқынды терапия деп аталады. Әсер ету дененің беткі сәйкес қабатын арнайы сәулендіргіштің көмегімен сәулелендіру арқылы жүзеге асырылады. Сантиметрлік толқындар ағза ұлпаларының беткі қабаттарынан жұтылады. Олардың алғашқы әсері электролит ерітінділеріндегі иондардың тербелісімен, диэлектриктерде полярлық молекулалармен түсіндіріледі. Сондықтан олардан жылу бөлініп шығады.Мұндай жағдайда микротолқындардың әсері етуі УЖЖ электр өрісінің әсер етуімен ұқсас. АЖЖ тербелісінде су молекуласы бағытталу терблісінде айырықша мәнге ие болады. Сондықтан толқынның ең көп жұтылуы және жылудың бөлінуі судан тұратын ұлпаларда, мысалы, бұлшық етті ұлпа және қанда, аз болуы - майлы ұлпаларда. Осындай қаситтерімен микротолқынды терапия УЖЖ терапиясынан ерекшелінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет