Тақырыбы: Өкпе тінінің тығыздалу синдромы. Өкпеде қуыстың болуы синдромы. Бронхтардың кеңею синдромы



бет4/4
Дата07.11.2022
өлшемі29,07 Kb.
#48173
1   2   3   4
Аурудың Ремиссия фазасы;
Өршу фазасы. айқын түрлерінде ыдыстағы қақырық үш қабатты болып
іркіледі.Жоғарғы қабат көпіршікті-шырышты немесе шырыштыіріңді,кейде жасыл-сары түсті,ауасы аз; ал төменгі қабат біртекті іріңді және онда Дитрих тығындары,Шарко-Лейден кристалдары кездеседі. Қақырықтың негізгі бөлігі таңертеңгі уақытта түседі.Бронхэктатикалық аурудың ең жиі кездесетін симптомы – қан қақыру,кей жағдайда қан кету. Осы асқынулардың көзі – бронхэктаздардың шырышты қабатының гиперемиялануы және олардың қабырғаларындағы тамырлардың кеңеюі.
Науқасты қарап тексергенде, сәйкес кеуде торының басылуы, кейде сколиоз байқалады. Сирек кеуде торының деформациясы және қабырғааралықтардың тарылуы кездеседі. Перкуссия кезінде кеуде торының төменгі бөліктерінде (жауырын бұрышына қарай)тимпаникалық тұйықталу анықталады. Бұл өзгерістер бронхэктатикалық аурудың ең жиі кездесетін локализациясына тән. Аускультация қатаң тыныс, әртүрлі
калибрлі ылғалды сырылдар анықталады. Науқастың аузына жақындап тыңдаса, ауызы арқылы сырылдар естіледі,бұл әсіресе,балаларға тән.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет