Тақырыбы: Сәбит Мұқановтың романдары



бет5/7
Дата12.08.2022
өлшемі3,37 Mb.
#38128
1   2   3   4   5   6   7

Шілденің соңы, қоңыр күздің басында «Қызыл ту» колхозына келіп, жер ортасына бет алған адамның жан дүниесіне әбден зер салып, көкірек-көзіне үңіліп, қара жермен тілдескен қайсар жанның диқангершілік тазалығына таңғалып, күнде егістік басына бірге барып жүрді. Бұл барып-келу үш айға ұласты. Сәбең, әрине, атқа мінген, кезінде ат құлағында ойнап шабандоз болған, бірақ өмірде есекке мінбек түгілі Сырдың салпаң құлақ қара есегін сыртынан да көрмеген жан еді. Бұның бәрін маған Ыбырайдың кіндік баласы, немере ағам Сейітбек сыр ғып айтты. «Күнде таңертең атақты қаламгерді атқа мінгізіп, өзім есекке отырып, алдына түсіп жетектеймін» дейді. Жылқының табиғатына жазылған бір сауап – есек жылқының артында жүрмейді, алдына түседі. Сонда ат үстінде рақаттанып отырған Сәбең майда бүлкілге салған есектің сидам сирағынан көз алмайтын көрінеді. Күріштікке жеткенше жол бойында сыңсып аққан жіңішке арық көп, есек сол арықтың бәріне төрт аяғын тең тастап, талтайып тұрып зәрін төкпей өтпейді.


«Сырдария» романы

«Өмір мектебі» кітабында бас кейіпкер автордың өзі, ол сондағы оқиғаларға белсене араласып отырады, замана жайында да толғаныс, тебіреністерін ортаға салады. Бұл кітап халық өмірін, түптеп тарта, асықпай-саспай кең қамтиды да, оның салт-сана, әдет-ғұрып, дәстүр құбылыстарын егжей-тегжейіне дейін дәл суреттеп отырады. Біздің көз алдымызда қырық жылғы бойғы уақыттың алуан түрлі қарбалас шиеленіс, қызу және қызық оқиғалары дәл бүгінгідей барлық әр – нәрімен туындап жатады.

  • «Өмір мектебі» кітабында бас кейіпкер автордың өзі, ол сондағы оқиғаларға белсене араласып отырады, замана жайында да толғаныс, тебіреністерін ортаға салады. Бұл кітап халық өмірін, түптеп тарта, асықпай-саспай кең қамтиды да, оның салт-сана, әдет-ғұрып, дәстүр құбылыстарын егжей-тегжейіне дейін дәл суреттеп отырады. Біздің көз алдымызда қырық жылғы бойғы уақыттың алуан түрлі қарбалас шиеленіс, қызу және қызық оқиғалары дәл бүгінгідей барлық әр – нәрімен туындап жатады.
  • Романның бірінші кітабында Сәбит Мұқанов революцияға дейінгі қазақ ауылындағы феодалдық-потриархалдық қарым-қатынастардың сонау тереңде жатқан түп-тамырларына дейін өте дәл және үлкен шыншылдықпен айқын ашық көрсетті, жан түршігерлік жоқшылық, теңсіздік, зорлық-зомбылықты, отаршылдар мен байлардың екі жақты қанауымен тепкісін нанымды суреттермен бейнелеп берді. Бірақ суреткер әлеуметтік әділетсіздіктің түп тамырын дәл басып, ашып көрсетіп қана қоймай,халықтың терең қойнауында, халықтың жомарт жанының қалтарыс құрышында жыл санап жиналып, қонысына сыймай сыртқа тепкен жаңа да жарқын күштерін көрегендікпен аңғарып, жеріне жеткізе сипаттай білді. Бұл арада көптеген оқиғаларға автордың өзі белсене араласып, көзімен көргені өмірбаяндық мемуарлық шығарманың сәтті шығуына айрықша ұтымды әсер етті. «Өмір мектебі» – аса дарынды, өзгеге ұқсамайтын өзіндік мәнері бар әңгімешіл ретінде автордың өзін-өзі дәл тапқан төл қасиет туындысы. Ол барлық оқиғаны өз атынан баяндау формасын да дұрыс таңдап алған, сондықтан да шығарма жемісі соншама нанымды, дәлелді болып өздігінен құйылып-төгіліп тұрады. Ауылдың жарлы-жақыбайларының қайнаған ортасынан шыққан, барлық ауыл кедейлерінің балалары сияқты, революцияға дейінгі жетімдік пен жоқшылықтың ауыр қасиетін басынан кешкен үлкен жазушының, қоғам қайраткерінің өмірі кітапта өз халқының бостандық пен қайта өрлеу үшін күрестегі тарихи жолымен табиғи жағынан қиюласып, астасып жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет