Тақырыбы: Спорттық ойындар және Қозғалмалы ойындар кіріспе «Дұрыс жолға қойылған дене шынықтыру ойындары оқу-білім алуға бөгет емес, қайта бойды сергітіп, ойыңа жәрдем ететін нәрсе»


Спорт алаңдарындағы ұлттық спорттық ойындар



бет18/23
Дата27.03.2023
өлшемі73,73 Kb.
#76410
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
8. Спорт алаңдарындағы ұлттық спорттық ойындар
1. Ұлттық ойындардың түрлері
2. Ұлттық ойындардың ойналу шарты
Қазақ халық қашаннан ұлттық ойындардың түрлеріне бай халық. Қазақша күрес, көкпар, қыз қуу, бәйге, аударыспақ, т.б. спорт түрлері бағзы заманнан халқымызбен бірге жасасып келеді. Күні бүгінде олар өздерінің мән-мазмұнын жойған жоқ. Қайта партия мен үкіметтің қамқорлығының арқасында жаңарып түрленіп келеді. Қазақ ұлттық спорт түрлерінің дамуына 1978-1979 ж бірінші спартакиададағы дайындық кезеңі үлкен серпіліс тудырды. Оған әрбір облыс, әрбір аудан атсаласып спартакиаданың табысты өтуіне өз үлестерін қосты. Әр ауданда жарысты өткізу ережелері жасалып бекітілді. Бұлардың бәрі өз жемісін берді де. Соған орай Республика ауқымында жыл сайын жарыс өткізіп тұру кәдімгідей дәстүрге айналды. Партия мен үкіметтің ұлттық спорт түрлерін дамытуға деген қамқорлығы ұшаң теңіз. 1965 ж. Қазақ ССР министрелер кеңесінің советінің жанынжағы физкультура және спорт жөніндегі комитеті қазақша күрес үшін разряд нормалары мен талаптарын жасап бекітті. 1971 ж. осы комитеттің колегиясы «Қазақ спорт шебері» атағын белгіледі. Ал бәйге, көкпар, қыз қуу, күміс салу сияқты ұлттық спорт түрлері жыл сайын ауыл шаруашылығ министрлігінде өткізетін ат спортының бүкіл одақтық жарысының програмасына енгізілген.
Ақсүйек
Ең алдымен, ойнаушылар өзара келісіп, жеңген топ үшін жүлде тағайындайды да, екі топқа бөлінеді. Топ басқарушылар ақсүйекті қайсысының лақтыратынын шешіп алу үшін кезектесіп таяқ ұстайды, таяқтың басына кімнің қолы бұрын шықса, сол ақсүйекті құлашы жеткенше лақтырады. Ақсүйек жерге түскеннен кейін ғана ойыншылар іздеуге шығады. Көмбеде топ басқарушылардан басқа ешкім қалмайды. Ақсүйекті тапқан ойыншы ешкімге білдірмей, көмбеге қашуға әрекет жасайды да, ал қарсыластары біліп қалса, қолма-қол тартып алуға тырысады. Сондықтан ақсүйекті алдымен тауып алған топтың ойыншылары біріне-бірі лақтырып, көмбеге қай топтың адамы бұрын жеткізсе, сол топ ұтқан болады да, жүлдегер атанады. Келесі жолы ақсүйекті екінші топ лақтырады, сөйтіп ойын кезектесіп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет