Тақырыбы: Терморегуляция. Дененің белгілі бір бөліктеріне температураның әсері


ағзаларда – 10-20% құрайды. Дененің белгілі бір бөліктеріне температураның әсері



бет6/6
Дата31.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#29391
1   2   3   4   5   6

ағзаларда – 10-20% құрайды.

Дененің белгілі бір бөліктеріне температураның әсері

Изотермияның реттелуінде терморецепторлар: шеткі (тері, кілегейлі қабат, ішек-қарын жолы ағзалары) және

орталық (гипоталамус, ортаңғы ми, ми қыртысы) болып бөлінеді. Импульстер терморецепторлардан талшықтарының бойымен жұлынға келеді, жұлыннан –таламус жолымен гипоталамусқа және ми қыртысына келеді. Гипоталамустың алдыңғы ядролары физикалық, ал артқы ядролары химиялық жылу реттелуін қадағалайды.

Температураны реттеуші жылу орталығы аралық миға тәуелді болады. Температураны реттеуші орталықтың

қызметіне екі фактор әсер етеді: қан температурасы және рефлекторлық әсер.

Дененің белгілі бір бөліктеріне температураның әсері

Жылу пайда болатын және беретін мүшелерге қозу нерв жүйесімен келеді. Тітіркендіру кезінде рефлекторлық жолмен жылуды реттейтін реакцияны тудыратын аппараттарға - терідегі жылуды және суықты қабылдайтын рецепторлар, тыныс алу жолдарындағы және ішкі мүшелердегі рецепторлар жатады.

Сондай-ақ гипоталамустағы терморецепторлардың маңызы зор. Себебі гипоталамустың алдыңғы бөлімі терідегі тамырлар тонусын, тер бөлінуді, ыстықтан ентігуді өзгерте отырып, жылудың тиімді түрде берілуін реттеуді қамтамасыз етеді. Ал гипоталамустың артқы бөлімі денедегі алмасу үрдістерінің деңгейін, жылу жасалуды үйлестіреді.

Дененің белгілі бір бөліктеріне температураның әсері

Дененің төменгі температурасын (гипотермия) да, жоғарғы температурасын (гипертермия) да терморецепторлар күшейтеді. Егер зат алмасудың белсенділігіне қарамастан ағзаның жылу өндірілуі жылу беру шамасына қарағанда төмен болса, онда гипотермия деген атқа ие болған дене температурасының төмендеуі пайда болады.

Ал гипертермияда ағза сыртқы температура, ауаның ылғалдылығы 100% болғанда тердің булануы немесе дене бетіндегі ылғал мүмкін емес болуының әсер ету жағдайы анағұрлым жеңіл дамиды. Гипертермия ұзақ болған жағдайда «жылулық соққы» құбылысы дамуы мүмкін.

Қорытынды

Жылу реттелу – дене мен ағзаның ішкі ортасы температурасының тұрақтылығы. Ол гомеостаздың маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады.Ағзадағы жылу реттелу – белгілі бір аралықта температураны (36,1...37,2)°С ұстап тұруға негізделген физиологиялық және химиялық үдерістердің жиынтығы.

Жылу өндіру мен жылу шығару үрдістеріне жылу реттеу орталықтары тікелей афференттік жүйкелер ,(симпатикалық және соматикалық) арқылы және ішкі сөлініс бездер арқылы әсер етеді. Осының бәрін қорыта келгенде, жылу реттелуі өте маңызды және күрделі үрдіс. Бұл мәселенің кейбір жақтары осы күнге дейін анықталған жоқ, өз шешімін тосып отыр.


Әдебиеттер

1. Қалыпты физиология Редаксиясын басқарған РМҒА академигіК.В. Судаков,қазақ тіліне аударған және жауапты редакторы профессор Ф.А.Миндубаева,«ГЭОТАР-Медиа», 2019



2. Сәтбаева Х.Қ., Утепбергенов А.А., Нильдилбаева Ж.Б. Адам физиологиясы. (Оқулық). - Алматы. Издательство «Дәуір», 2005.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет