Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары


Ф.Ш.Оразбаеваның таным теориясына қосқан үлесі



Pdf көрінісі
бет104/277
Дата07.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#20557
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   277
Ф.Ш.Оразбаеваның таным теориясына қосқан үлесі. Ғалым ойлау, пайымдау, сөйлеу, ой алмасу, 
пікірлесу  т.б.  сияқты  адамзатқа  тән  құбылыстарды  адамдардың  сыртқы  әлеммен  байланысын 
айқындайтын танымдық әрекеттер деп тұжырымдайды. Бұл әрекеттер жаһандану үдерісінде қоғамдық-
мәдени-танымдық құндылықтарды сақтауға қызмет атқарып, тілдік қатынаста көрініс табуы қажет екенін 
көрсетеді. Оларды өз ішінде бірнеше салаға жіктейді: тілдік қатынас және елтаным; тілдік қатынас және 
мәдениеттаным; тілдік қатынас және патриоттық тәрбие.  
Тілдік қатынасқа негізделген  елтаным ілімінде қоғамтанудағы, әлеуметтанудағы, мәдениеттанудағы, 
жертанудағы т.б. ұлттық құндылықтардың зерделенетінін айтады [1, 211]. Байланыстырушылық қызмет 
атқаратын  тілдік  қатынас  құралдары  арқылы  ұлттың  мәдениетін,  жерін,  әлеуметтенуін  т.б.  тануға 
болатынын дәлелдейді. Ғалымның тұжырымын сараласақ, «Сәлем – сөздің анасы», «Адам тілдескенше, 
жылқы кісінескенше», «Сөйлей-сөйлей шешен боласың», «Сұрай-сұрай Меккеге барасың», «Жыламаған 
балаға ... қайда», «Алысқа ат шаптырып сауын айту», «Үлкенге ізет, кішіге құрмет», «Сөз сөзден туады», 
« 
Сөз сайысы, ой жарысы», «Қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ» т.б. бірліктері халықтың сөз әдебін, 
қарым-қатынас әдебін тануға арқау болады.  
«Толағай  туралы  аңыз»  қазақтың  дархан  даласының  шекарасы  туралы  ақпарат  беріп,  өлкені  тануға 
қызмет  атқарады.  «Шұрайлы  жер»,  «бай  өлке»,  «шұрайлы  қоныс»  тіркестерінен  туған  жердің 
құнарлылығы  туралы  ақпарат  алуға  болады.  Маңғыстау,  Зайсан,  Атырау,  Арқа,  Жетісу,  Марқакөл, 
Түркістан,  Отырар  т.б.  мың  сан  атаулар  өткен  заманның  куәгерлері  ретінде  әр  кезеңдерден,  түрлі 
замандардан хабар берсе, Тамғалы, Алашахан, Арыстанбаб, Қожа Ахмет Ясауи, Айша бибі, Домбыауыл, 
Жошыхан,  Болған  ана,  Теректі  әулие,  Бекет  ата  сияқты  тарихи  ескерткіш  атаулары  мен  Ұлытау,  Хан 
Тәңірі,  Қазығұрт,  Әулиешоқы,  Толағай,  Баянжүрек,  т.б.  жер-су  атаулары  тарихи-мәдени  ақпараттар 
жеткізуге қызмет атқарады.  
«Өсер  елдің  баласы  бірін-бірі  батыр  дейді»,  «Өз  ұлын,  өз  ерлерін  ескермесе,  ел  тегі  қайдан  алсын 
кемеңгерді»  (І.Жансүгіров)  деген  қанатты  сөздерден  өлке  тарихындағы  үлгі-өнегені  сақтау  туралы 
ақпарат  аламыз.  «Мен  таулықпын,  таудан  мен  жаратылғам.  Бұлт  бүркеніп  жай  отын  ала  туғам» 
(Мұқағали) деген жолдардан елдің табиғат пен адамды біртұтастықта танитынын көруге болады. Ендеше, 
адамтаным, ұлтаным, елтаным, жертаным, өлкетаным т.б. туралы ақпарат беретін қатысымдық бірліктер 
тілдік қатынас пен елтанымды сабақтастырады деген қорытындыға келеді.  
Тілдік  қатынас  пен  мәдениеттаным  ілімінде  заттық  мәдениет  пен  рухани  мәдениеттің  халық 
танымындағы  бейнесі  айқындалады.  Ғалым  ұлттың  әдеп  нормаларын  айқындайтын  тілдік  қатынас 
құралдарын  көрсете  отырып,  оған  отбасылық,  туыстық,  елдік  қатынасқа  тән  атаулар  мен  ұғымдарды 
жатқызады. Мысалы: нағашы, жезде, балдыз, жиен т.б. Нағашының орны мен рөлі «нағыз ағасы, нағыз 
жанашыры» деген таным-түсінікпен астасатынын көрсетеді.  


100 
Шілдеханадан  жоқтауға  дейін  жалғасып  жатқан  мәдени-тағылымдық  жоралғыларды  айқындайтын, 
әлеуметтік мәні жоғары тіл құралдары дәстүрлі мәдениеттегі қарым-қатынасты тануға арқау болатынын 
дәлелдейді. Олардың қатарына шілдехана, бесікке салу, тұсаукесер, тоқымқағар, тілашар, құдалық, т.б. 
жатқызуға болады.  
Мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер, этикеттік сөздер арқылы ұлттың қарым-қатынас мәдениетін (қонақ 
сыйлау, қыз сыйлау т.б. ) тануға болады.  
Сокральды  дүниетанымға  негізделген  сөз  орамдары,  табу  сөздер,  бата-тілектер  мен  әртүрлі 
жағдаяттағы  ырымдарды  білдіретін  тіл  бірліктері  халықтың  мәдениетімен  бірге,  нанам-сенімін 
көрсететінін дәлелдейді.  
«
Ассалаумағалейкум, адыраспан! 
Бізді Сізге жіберді Омар, Оспан. 
Ем қылмасам, маған серт, 
Ем болмасаң, саған серт» дегенде, халықтың тілі мен ділінің байланысы көрініс табады.  
Ұлттың  санасында  орныққан  бала  тәрбиесі  туралы  ережелер  мен  заңдылықтар  да  халық  тілінде 
молынан сақталғаны назардан тыс қалмаған. «Үйге  кірген жыланның басына ақ құйып шығарып сал», 
«құдыққа түкірме», «есікті керме», «ағын суға дәрет сындырма», «Көктеген ағашты сындырма» т.б. Бұлар 
тілдік  қатынас  пен  адамзаттық  ділдің  байланысын  анықтап,  халықтың  дүниетанымынан,  әлеуметтік 
мәдениетінен  хабар  беріп,  мәдениеттің  бір  тармағын  құрауға  қызмет  атқаратын  қатысымдық  бірліктер 
ретінде танылады.  
Бұдан  ғалымның  эмпирикалық  таным  теориясын  қалыптастырғанын  көруге  болады.  Эмпирикалық 
танымда пайымдаулар мен ұғынулар басшылыққа алынады және оның ең маңызды элементі факт болып 
табылады. Факт латын тілінен «factum» аударғанда «жасалған», «орындалған» деген мағынаны білдіреді. 
Факт  ұғымының  мәнін  ғалымдар  былайша  анықтап  отыр:  1.  Объективті  оқиғаларға,  объективтік 
шындыққа  («шындық  фактілері»)  немесе  сана  мен  таным  сферасына  («сана  фактілері»)  байланысты 
шынайылықтың  белгілі  бір  үзіндісі.  2.  Кез-келген  оқиғаны,  құбылысты  білу,  оның  сенімді  түрде 
дәлелденуі, яғни шындықтың синонимі. 3. Эмпирикалық білімді, яғни бақылаулар мен эксперименттер 
барысында  алынған  ұсыныс  [3].  Ғылыми  факт  эксперименттерге  негізделеді,  эксперимент  ешқашан  да 
жай ғана фактілермен жасалмайды оған әрқашан теориялық идеялар негіз болады. Ғалым коммуникативті 
тіл білімінің теориялық мазмұнын ғана жасаған жоқ, сонымен бірге оны тілдік фактілермен дәйектеп, іс 
жүзінде жүзеге асыра білді. Нәтижесінде қазақ ғылымындағы коммуникативті тіл білімінің әдіснамалық 
негізі қаланды. Профессор Ф.Ш.Оразбаеваның әдіснамаға қосқан үлесін былайша көрсетуге болады:  
 
 
Осы әдіснаманың негізінде тілдік қатынас пен патриоттық тәрбиенің сабақтастығын көрсетті. Ғалым 
тілдік  қатынас  пен  патриоттық  тәрбиені  рухани  құндылықтар  арқылы  сабақтастырып,  оның 
педагогикалық негізін анықтайды. Ана тілінің сөздік қорын, бай қазынасын толық игеру; бабадан балаға 
аманат болып жеткен шежіре  тілінің мәні мен мағынасын, мазмұндық терең иірімдерін сақтау;  оларды 
дұрыс  түсіну,  қолдана  білу  міндеті  өтелген  жағдайда  ғана  жеке  тұлғаның  елге,  жерге,  Отанға,  ұлтқа, 
адамзатқа  деген  құрметі  мен  сүйіспеншілігі  артатынын,  сонда  ғана  ұлттық  мәдениет  биігіне  шығып, 
әлемдік өркениетке жетеуге болатынын айтады. Сүйінбай ақын атаған «Бағасы құнды асыл сөз» арқылы 
тілдік қатынасқа түсу жас ұрпақтың ана тілін сүюіне, құрметтеуіне, дамытуына ықпал ететінін жан-жақты 
түсіндіреді.  Ұлттық  сананы,  патриоттық  сезімді  оятуда  тілдік  қатынастың  алатын  орны  ерекше  екенін 
көрсетеді.  
Ғалым  Ф.Ш.Оразбаеваның  гносеологиялық  зерттеулері  тілдік  қатынас  теориясы  –  сөйлеу  актісі 
теориясы  –  таным  теориясы  үшітігінен  құралса,  эпистемологиялық  зерттеулері  сөйлесім  әрекеті  – 
педагогика  –  психология  үштігінен  тұрады.  Екі  үштік  бір-бірімен  бірлікте,  сабақтастықта  зерттеледі. 
Сондықтан  профессор  Ф.Ш.Оразбаеваны  қатысымдық  тіл  білімінің  негізін  салған,  коммуникация 
теориясының мектебін қалыптастырған ғалым ретінде танимыз.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   277




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет