Тақырып №20 «Асқорыту жүйесінің қызметі бұзылған кездегі мейіргерлік үрдіс. Асқазанды шаю» Оқытудың міндеттері


Әдістемені орындау ерекшеліктері туралы қосымша мәліметтер



бет3/4
Дата27.09.2022
өлшемі383,61 Kb.
#40519
1   2   3   4
4

Әдістемені орындау ерекшеліктері туралы қосымша мәліметтер

Егер науқас ессіз жағдайда болса, асқазанды интраназальды енгізілген жұқа зондпен шаюғада болады (0,3-0,5 см).
Бұл кезде Жане шприці арқылы
0,5 л көлеміндегі су асқазанға енгізіледі және сол шприцпен қайта сорылады.
Егер науқас санада болып зонд болмаса шаюды "стакан әдісімен" жасайды : 6-8 стакан су ішіп, тілдің тамырын тітіркену арқылы құсуды шақырады.






Стандартты операциялық рәсімдер
Асқазаннан қан кету
Асқазаннан,ішектен қан кету ерекше асқыну болып табылады.Көбінесе асқазан жарасы,қатерлі ісіктерді пайда болады. Қанның түсі-кофе тәрізді құсықтың қалдықтары араласады.Пациенттің өңі бозарып,қан қысымы төмендеп,тахикардия және есінен таңуы мүмкін .
Алғашқы көмек көрсету
Мақсаты:Пациенттің жағдайын жақсарту.
1.Пациенті жатқызып,асқазан аймағына мұздатқыш қойыңыз;
2.Дәрігерді шақырыңыз;
3.Лоток,леген,клеенка,сүлгі дайындаңыз;
4.Тұзды ертінділерді,аминокапрон қышқылын,децинон,викасол дәрілерін дайындаңыз;
5.Қан тобын,резус-факторын тексеріңіз;
6.Пациенттің жағдайын қадағалап отырыңыз.

Стандарт
Құсқан кездегі науқасқа алғашқы көмек көрсету
Мақсаты: емдік: жедел көмек көрсекту, науқастың тыныс жолдарына құсық түспеудің алдын алу.
Дайындаңыз:сүлгіні, лотокты, шылапшынды, электросорғышты, алмұрт тәрізді баллоншаны, клеенканы, шпательді, қайнатылған суды, салфеткаларды, стаканды, қақпағы бар бір рет қолданылатын контейнерді, қолғапты, масканы, алжапқышты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
Ес-түсі бар науқас ( отыру қалпындағы)
1. Науқастың қал- жағдайы туралы дәрігерге хабарлаңыз.
2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты, масканы, алжапқышты киіңіз.
3. Науқасты ыңғайлы орындыққа отырғызып, кеудесін клеенкамен жабыңыз. Жедел дәрігерді щақырыңыз. Науқасқа сүлгіні беріңіз. Оның аяғы арасына шылапшынды қойыңыз.
4. Науқастан алмалы- салмалы тіс протезін алып тастауын сұраңыз ( егер де олар болса)
5. Құсқан уақытта, өзіңіздің алақаныңызды науқастыңмайдайына қойып басын алдынан ұстаңыз.
6. Әрбір құсқаннан кейін науқастың ауызын таза сумен шайғызып, бетін және аузын салфеткамен сүртіңіз.
7. Науқасқа физикалық және психикалық тьыныштықты қамтамасыз етіңіз.
8. Дәрігер келгенше құсықты қарап, қалдырыңыз.
9. Белгісіз умен уланғанда құсықты контейнерге жинап, оның қақпағын тығыз жабыңыз.
10. Дәрігердің нұсқауы бойынша құсықты лабораториялық зерттеуге жіберіңіз.
11. Қолғапты шешіңіз. Салфетканы, қолғапты қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.
12. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет