Тақырып экономикалық теорияның ПӘні мен әдісі. ҚОҒамдық Өндіріс негіздері



бет83/89
Дата19.09.2022
өлшемі0,8 Mb.
#39501
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   89
2. Кәсіпкерлік этикасы.

  • Этика туралы түсінік алғаш рет Аристотель еңбектерінде кездеседі.Ол этиканы адамға не істеу керектігін тануға,не істеуге болатындығына анықтауға жіне неден бас тарту қажеттілігін сезінуге көмектесетін ұғым ретінде түсіндіріледі.Біз үшін этика-бұл ең адымен білім саласы,ерекше ғылым,ол адамдық қатынастарды қалыптастыру мен дамытуға мүмкіндік береді.Этика идеал және іс-әрекет ретінде бөліп қарастырылады.Бұл жерде этиканың екі түрі де біздің қызығушылығымызды туғызғанымен,әсірісе кәсіби этика немесе кәсіпкерлік этика аясындағы мәселелерге көңіл бөлінеді.

  • Кәсіпкерлік этика елде,әлемде,сонымен қатар қандай да бір қызмет аясында қалыптасатын кәсіби этикада байқалатын мінез-құлықтың жалпы этикалық нормалары мен ережелеріне негізделеді.Азаматтардың мінез-құлықының жалпы этикалық нормаларына байланысты,кәсіпкерлік этика адалдық,адамгершілік, ар-ождан,абырой,мәрттік,сыпайлылық,сыйластық,намыс,дөрекілік және т.б. түсініктермен адам мінез-құлқының оң қағидаларымен, ал екіншілері-теріс қағидалармен байланысты.

  • Жеке кәсіпкерлер мінез-құлқының ерекше сипаттарын тізбектеу кәсіпкерлік этиканың кешенді түсінігін сипаттайды. Ол қағидаларына,ескішілдікке,заңсыз,біліксіз бизнеске емес жалпы адами, жалпы ізгілік, инновациялық кәсіпкерліктің жалпы қағидаларына негізделген.

  • Этика мәселелерін қозғай отырып, кәсіби этиканың бірнеше постулаттарын қарастырайық. Олардың негізінде кәсіпкердің этикалық кодексін анықтауға болады. Оларды келесідей түрлерге бөледі:

    • Жалпы адами этика;

    • Кәсіби этика;

    • Корпоративтік және этиканың басқа да түрлері.

      • Әмбебап этика-бұл кәсіби бейімділігі мен әлеуметтік функцияларына тәуелсіз,барлық адамдар үшін міндетті ережелер мен нормалар және қағидалар.

      • Кәсіби этика қызметтің белгілі бір түрлеріне тән нормалардың, стандарттардың,талаптардың жүйесі болып табылады. Кәсіби этиканың негізгі қағидалары:

    • Бейтараптылық,объективтілік;

    • Турашылдық,толық дәлелдеу;

    • Құпиялылық;

    • Үлкен ұмтылыс;

    • Кәсіби міндеттерді нақты орындау;

    • Әлеуетті немесе айқын кикілжіңдерді болдырмау.

      • Кәсіби этиканы зерттеу объектілеріне мыналар жатады:

    • Еңбек ұжымдарының қатынасы;

    • Қажетті деңгейде кәсіби борышын орындауға мүмкіндік беретін маманның адамгершілік қасиеттері;

    • Кәсіби тұрғыдан тәрбиелеу ерекшеліктері;

    • Аталған кәсіби ұжым үшін ерекше болатын адамгершілік нормалар, оның ішінде өзара қатынастар.

      • Іскерлік этика келесідей ережелерге сүйенеді:

    • Бәсеке әділетті болуы керек;

    • Ең жоғары өнімділік пен табыс қоршаған ортаны бұзу есебінен қамтамасыз етіле алмайды;

    • Адам техникаға емес,техника адамға қызмет етеді;

    • Еңбекпен құрылған игіліктерді тұрғындардың белгілі бір санаттары бойынша ерекше бөлінуін болдырмайтындай етіп құру керек;

    • Экономика қоғамдық мүдделермен санаса отырып,нақты моральдық нормаларға бағынуы керек;

    • Қызметкерлердің кәсіпорын істеріне қатысуы жауапкершілік сезімін дамытады,еңбектенуге деген қалауын күшейтеді.
  • 1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   89




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет