2.Көшбасшылықты (басқаруды) бағалау торы
«Көшбасшылықты (басқаруды) бағалау торы» өндіріске мүдделілік пен адамға мүдделілік өзара қиылысатын екі осі бар модельді біріктіреді. Көлденең ось – көшбасшының нәтижелер үшін алаңдаушылығын, ал тік ось көшбасшының адамға алаңдаушылығын қамтып көрсетеді. Әрбір ось 9 балдық шкала түрінде берілген, ондағы 1 деген баға – ең төмен деңгейдегі алаңдаушылықты, ал 9 ең жоғары деңгейдегі алаңдаушылықты білдіреді. Әр осьтегі ұпайларды өзара қиыстыру арқылы көшбасшылықтың әртүрлі стилін құрастырып шығуға болады. «Көшбасшылықты бағалау торы» бес негізгі көшбасшылық стилін кескіндейді: өктемшіл билік (9,1), ізгілікке негізделген менеджмент (1,9), әлсіз менеджмент (1,1), теңдестірілген менеджмент (5,5) және ұжымдық менеджмент (9,9). 9,1 стиліндегі көшбасшылық барысында назар, негізінен, міндеттер мен жұмыс талаптарына аударылып, адамға аса көңіл бөлінбейді. Олар, бар болғаны, жұмысты орындайтын құрал ретінде қарастырылады. Міндеттер туралы нұсқаулықтар беру мақсатында ғана болмаса, ізбасарлармен қарым-қатынас аса ескерілмейді. Бұл стиль нәтижеге бағытталған, ал адам – соған жеткізетін құрал ғана. 9,1 көшбасшы әдетте үстем, талапшыл, қатал және өктем болып келеді.
Ізгілікке негізделген менеджмент
Жылы қарым-қатынас барысында адам-
ның қажеттіліктеріне байыпты көңіл бөлу
тату-тәтті ұйымдық ортаны және қолайлы
жұмыс қарқынын туғызады.
Ұжымдық менеджмент
Жұмысты аяқтау – өз ісіне адал бе-
рілген адамдардың ісі. Ұйым мақсаты
ортақ мүдделілік нәтижесінде пайда
болатын өзара тәуелділік сенім мен
сыйластыққа жетелейді.
Теңдестірілген менеджмент
Ізгілікке негізделген менеджмент
Жылы қарым-қатынас барысында адам-
ның қажеттіліктеріне байыпты көңіл бөлу
тату-тәтті ұйымдық ортаны және қолайлы
жұмыс қарқынын туғызады.
Ұжымдық менеджмент
Жұмысты аяқтау – өз ісіне адал бе-
рілген адамдардың ісі. Ұйым мақсаты
ортақ мүдделілік нәтижесінде пайда
болатын өзара тәуелділік сенім мен
сыйластыққа жетелейді.
Әлсіз менеджмент
Тиісті жұмысты ұйымға мүшелікті
сақтап қалу талаптарына сай етіп
орындауға минимал талпыныс жасау.
Өктемшіл билік
Еңбек шарттарын адами элементтерді
барынша араластырмай реттеу арқылы
жұмыс тиімділігіне қол жеткізіледі
1,9 стилі кезінде міндеттердің орындалуы маңызды саналмай, тұлғааралық қарым-қатынасқа жоғары деңгейде көңіл бөлінеді. 1,9 көшбасшылар өндіріс жағын ескерместен, адамның көзқарасы мен сезімін алғашқы орынға қояды, ізбасарларының жеке және әлеуметтік қажеттіліктері қанағаттандырылғанын қадағалайды. Олар жайдары, көмектесуге әзір, дем беруші және жанжалдан аулақ болу арқылы жылы жай-күй қалыптастыруға тырысады.
1,1 стилі міндеттерге де, тұлғааралық қарым-қатынасқа да селқос қарайтын көшбасшыға тән. Көшбасшылардың бұл типі басшы секілді түр танытқанмен, атүсті әрі тұйық әрекет етеді. Мұндай көшбасшы әдетте ізбасарымен болар-болмас қана қарым-қатынас жасап, енжар, жалтақ, көнбіс және бойкүйез ретінде сипатталуы мүмкін.
5,5 стилі міндеттерге де, сол міндеттерді орындайтын адамдарға да орта деңгейдегі мүдделілік танытатын ымырашыл көшбасшыны көрсетеді. Олар жұртшылық мүддесін ескеру мен жұмыс талаптарына көңіл бөлудің арасындағы теңдестікті табады. Олардың ымырашыл стилі біршама күш-жігерді өндіріске жұмсап, назардың бір бөлігін қызметкерлердің қажеттіліктеріне аударады. Тепе-теңдікке қол жеткізу үшін көшбасшы конфликтіден бойын аулақ салып, өндіріс пен тұлғааралық қарым-қатынасқа орта деңгейдегі маңыз береді. Бұл типке жататын көшбасшы – көбіне алтын аралықты ұстанатын, келіспеушіліктерді байыппен ретке келтіретін, компанияның алға жылжуы үшін әртүрлі көзқарасқа түсіністікпен қарай алатын рационал адам.
9,9 стилі міндеттерге де, тұлғааралық қарым-қатынасқа да баса көңіл бөледі. Ол ұйымға етене тартылып, жұмыла жұмыс істеуді насихаттайды, қызметкерлердің өз жұмысына белсенді араласып, беріле әрекет ету қажеттіліктерін қанағаттандырады. Төменде 9,9 көшбасшыны сипаттау үшін қолдануға болатын бірнеше тіркесті келтірдік: қызметкерлердің қатысуына жағдай жасайды, батыл әрекет етеді, проблемаларды анықтайды, басымдықтарды айқын етеді, істі соңына дейін жеткізеді, күн ілгері келісіп-пішіліп қойылған пікірлерден ада және жұмыстан ләззат алады. «Көшбасшылықты бағалау торында» сипатталған бұл бес негізгі стильге қоса, Блейк пен оның әріптестері осы бағалау торының бірқатар аспектісін біріктіретін тағы екі мінез-құлықты анықтады.
Достарыңызбен бөлісу: |