Тақырыптың өзектілігі. Індеттану індет процесін, жұқпалы аурулардың пайда болу және таралу заңдылықтарын зерттейтін, сол арқылы жұқпалы аурулармен күресу әдістерін қарастыратын ғылым



бет3/11
Дата10.04.2023
өлшемі171,5 Kb.
#81296
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Ботулизм

1.2 Дерттенуі
Азықпен денеге енген токсин аш ішектен қанға сіңіп 20 мин ішінде өкпенің, бауырдың, жүректің ұлпаларына, етке, несепке, тіпті миға жетеді. 60 мин өткенде концентрациясы аталған мүшелерде төмендейді де, бүйрек пен бұлшық еттерде жоғарылайды.
Денеге ауыз арқылы енген ботулизм уының өлтіретін дозасы оны құрсақ қуысына жібергендегі өлтіретін дозасынан 5000-250000 рет төмен. Ауыз арқылы енгізгенде таза токсинге қарағанда оның усыз гемаглютининмен қоспасының уыттылығы жоғары болады. Бұл улы комплекс ас қорыту жолында ыдырамаған күйі қанға өтеді. Комплекстің сіңірілуі оның көлеміне тәуелсіз.
Жалпы алғанда токсиннің денеге сіңіп, дерт туғызуын тәуелсіз кезеңге бөлуге болады.
1-кезең: токсиннің ішектің микроворсинкаларының сыртқы мембранасындағы рецепторларымен байланысуы. Токсин молекуласы мен ішек торшасының рецепторында бір-біріне құрылысы жағынан сәйкес шартты түрде танитын немесе тауып алатын сайттар деп аталатын құрама бөлігі болады. Олардың бір-бірімен қауышуы кальций иондарының қатысуымен болады.
2-кезең: торшаға бекітілген токсиннің лимфа мен қанға өтуі. Алдымен токсинді пиноциттік везикулалар (көпіршіктер) бойына жинап алады да, ол везикулалардың кейбірі липосомолармен бірігіп белоктық заттарды ыдыратыды. Басқа везикулалар торшаның іргесіне қарай ығысып, торшааралық кеңістікке токсинді бөліп шығарады. Босаған токсин алдымен лимфада, одан кейін қанға өтеді. Бұл процесс ас қорыту жүйесінің барлық бөліктерінде өтеді.
3-кезең: токсиннің шеткері жүйке талшықтарының жұрнақтарына өтуі (механизмі толық зерттелген жоқ).
Жүйке рецепторларын үздіксіз күшті тітіркендіруден ми қыртысының басқару қызметі бұзылады да, шектен тыс қозудың нәтижесінде жүйке торшалары әлсіреп, тіршілік қабылетінен айырылады. Сопақша мидың орталықтарының зақымдануына байланысты жұтқыншақ, тіл, астыңғы жақ салданады. Шеткері жүйке жүйесіне токсиннің әсер етуінен синапстарда ацетил-холиннің бөлінуі тежеліп, бұлшықет-жүйке байланысы бұзылады. Соның нәтижесінде тұла бойы бұлшық еттері босансып, ширақтығы төмендейді. Дененің қозғалысы нашарлап, жүрек, тыныс алу бұлшық еттері салданып, тыныстың тоқтауынан жануар өліп тынады.
Өтуі мен симптомдары. Ботулизмнің жасырын кезеңі 18 сағаттан 16 тәулікке дейін. Денеге енген токсиннің мөлшері неғүрлым көп болса, соғүрлым жасырын кезең де қысқа, аурудың өтуі де шапшаң болады. Ботулизм өте жіті, жітіден томен және созылмалы өтеді. Аурудың тұтануы әдетте 8-12 күнге созылады да, алғашқы 3-4 күнде ауруға шалдығу жоғары болады. Көбінесе дененің ыстығы көтерілмейді. Жіті өткенде ауру 1-4 күнге, жітіден төмен түрі 7 күнге, ал созылмалы болғанда 3-4 аптаға ұласады.
Жылқы мен сиырда ботулизм аса жіті өткенде, негізінен аурудың ешбір белгісі білініп үлгермей, мал кенеттен өліп кетеді. Кей жағдайда есеңгіреген жануар басын көкірегіне бұрып, жатып қалады да, жантәсілім бермей-ақ өліп қалады. Сауығу өте сирек кездеседі.
Ауру жіті өткенде жануар мазасызданып, рефлекс сезімі төмендейді. Жүргенде тәлтіректеп, аяғын талтая басып, әзер қозғалады. Бара-бара тұра алмай, жатып қалады, күштегенде әзер түрегеледі. Көздің, танаудың, ауыздың кілегейлі қабықтарында гиперемия байқалады, болмаса көкшіл немесе сарғыш тартып тұрады. Танауы делдиіп, демін жиі және таяз алады. Ауру меңдеген кезде тамыр соғысы минутына 80-100-ге жетеді. Жүрегі әлсіз соғып, аритмия байқалады. Ішектің жиырылуы бәсеңдеп, бара-бара атонияға ұласып, іші қатады. Нәжісі жалқақтанып, аз бөлінеді. Несептің мөлшері азаяды да, онда индикан, белок және глюкоза байқалады. Қанда эритроциттердің саны сәл көбейіп, шөгу жылдамдығы төмендейді. Ауыздан сілекей ағып, астыңғы жақ салданып, тіл салақтайды. Жануардың жемшөпке тәбеті сақталып, шөліркейді. Ернімен жемшөпті аузына алғанымен, жұтқыншақтың салдануынан жұта алмай, қайта шығарып тастайды, не болмаса аузын толтырып тұрады. Ажал тақаған шақта астыңғы жағы салбырап, шайнаудан мүлдем қалады. Өлім көрсеткіші 90-95%. Тек қана жеңіл ауырған жануарлар ғана жазылады. Ауру жітіден төмен өткенде жануар орнынан тұрып, қозғалғанымен жүргенде тез шаршап, сүріне береді де, қайтадан жатады. Онда да шайнауы мен жұтынуы қиындап, іші қатады, жүрек қызметі нашарлайды. Жұтынғанда аспирация болып, пневмония немесе өкпе гангренасына ұшырауы мүмкін.

1-сурет. Ботулизм кезінде жылқының тілінің салдануы


Созылмалы өткенде малдың орнынан тұруы, жүруі қиындап, ұзақ жатқаннан денесінің әрбір жері ойылады. Сезімі, тәбеті, күйіс қайтаруы сақталады. Жануар тез арықтайды. Сауығуы аурудың басқа түріне қарағанда жиірек байқалады.


Қой ботулизм кезінде тәлтіректеп жүреді. Артқы аяктарын бауырына қарай тартып ұстайды. Мойынын созып, басын кегжитеді. Мойны салданған кезде бір жағына қарай иіледі. Ауру жіті өткенде аузынан тілі салақтап, сілекей ағады. Созылмалы түрде ауырып жазылған мал ұзақ уақыт дел-сал күйде болады.
Ешкінің жүріп-тұруы бұзылады да, шайнауға және жұтынуға қатысты бұлшық еттердің салдануы үнемі байқалмайды.
Шошқа сирек ауырады. Дыбысы шықпай, сілекейі шұбырып, денесінің қозғалысын дұрыс меңгере алмайды. Көруі нашарлап, жұтқыншағы мен жақтарының бұлшық еттері салданады. Бірнеше сағаттың ішінде, болмаса 2-3 тәулікте өледі [1,3,4,5].
Құстар (тауық, қаз, үйрек) аяқтарын баса алмай, қанаттарын салбыратып немесе ебдейсіз бір қанатын ғана қағады. Мойны бүгіліп, басын иығына қарай бұрады. Сәл ашылған тұмсығынан шығып тұрған тілін жинап ала алмайды. Ауру шегіне жеткен кезінде құс бауырлап, немесе бір жағына қисайып, жатып қалады. Мойнын созып, басын жерге салады. Судағы құс жүзгенде табиғи қалпын сақтай алмай, мойны мен басын дұрыс көтеріп ұстамайды. Паралич болған кезде сезімі сақталады. Көздің қарашығы ұлғайып, ашылып-жұмылатын жарғағы орнына бармайды.
Ауырған иттің аяқтары салданып, көзі қимылдамай, дел-сал күйде болады. Ішектің қызметі бұзылып, жұтқыншағы жансызданады. Ақыры асфиксиядан тыныс ала алмай өледі. Ауруға пневмония қабаттасуы мүмкін.
Күзенде токсин бойға енген соң аурудың белгілері 0,5-4 күн шамасында білінеді. Сирақ еттері салданып, көздің қарашығы ұлғаяды. Аузынан сілекей ағып, еркінен тыс несеп бөлінеді. Басы бір жағына қисайып, көз қарасы бір жерден аумайды. Ызаланған аң тістеп алуы мүмкін. Тыныстың тоқтауынан өледі. Өлім көрсеткіші 70-80 % [1,3,6,7].




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет