1.7 Ұйымдастыру - шаруашылық шаралары Індетке қарсы шаралар кешенінде ұйымдастыру-шаруашылық мәселелері маңызды орын алады. Өйткені малды дұрыс бағып-күткенде, оның жайылым өрісін, азықтануы мен су ішуін, қора жайын тиісті талаптарға сай жолға қойғанда ғана аурудың шығуына және таралуына жол бермеуге болады. Малды өз төлінен өсіру, мал басын толтыру ветеринариялық талаптарға сай жүргізілуі керек. Аталған шаралар — мал шаруашылығын дұрыс жүргізудің міндетті шарттары болып есептеледі.
Ветеринариялық-санитариялық шаралар, мысалы, қораны мал қиынан тазарту, шаруашылығының қалдықтарын зарарсыздандыру және малды ауруға тексеру иммундеу — барлығы да ұйымдық-шаруашылық мәселелерімен тығыз байланысты. Ауру малды бөліп алып оқшаулау, күту, ол үшін еңбекақы төлеу, карантин мен шектеу шараларын орындау, мал өнімдерін зарарсыздандыру т.б. аурудың шығуынан туындайтын мәселелер де шаруашылық және ұйымдастыру тұрғысынан шешімін табуы керек.
Жұқпалы ауруға шалдыққан малды күту үшін 18 жасқа толмаған жасөспірімдер, екі қабат және омырауында баласы бар әйелдер жіберілмейді. Ауру малды бағып-күткендегі еңбекақы да тиісінше жоғары болады. Ұйымдық-шаруашылық мәселелеріне мал бағатын адамдарды арнаулы жұмыс киімімен, жеке басының гигиеналық талаптарын өтеу, т.б. еңбекті қорғау шаралары жатады.
Ұйымдық шаралардың тағы бір міндетті бөлігі ветеринариялық білімді насихаттау. Тұрғындарға, малшыларға, мал иелері мен шаруашылық басшыларына олардың ұғымына сай мал аурулары және олармен күресу жолдары туралы түсіндіріп отыру қажет. Бұл жұмысты ветеринария органдары жүйелі түрде көпшілік ақпарат құралдарын пайдаланып, әңгіме, лекциялар өткізу арқылы жүргізеді.
Мал шаруашылығындағы ұйымдастыру және оның экономикалық тетіктері арнаулы пәндерде (ауыл шаруашылығының экономикасы, ауыл шаруашылығын ұйымдастыру) қарастырылады. Ал ветеринария ісін ұйымдастыру жеке пән ретінде оқытылады [1,3,4,5,7,8].
1.8 Жұқпалы ауруларды зерттеу әдістері Індеттану – індет процесін, жұқпалы аурулардың пайда болу және таралу заңдылықтарын зерттейтін, сол арқылы жұқпалы аурумен күресу әдістерін қарастыратын ғылым.
Ауыл шаруашылык малдарының көптеген ачруларының ішінде жұқпалы (инфекциялык) аурулар ерекше орын алады. Онын кауіптілігі (коварство) сондай, бір мал ауырса, егер уақытында шара көрмесе, күреспесе, ол тез тарап кетеді де баска малдар ауырады. Тез арада ауру малдан сау малға жұғып бүкіл ауру қабылдағыш мал ауырады және ол малдар тез шығынға (өлімге - смертность) ұшырайды, ауырған малдың өнім беруі тез төмендейді, өнім сапасы нашарлайды.
Аурудан таза емес шарушылыққа (неблагополучное хозяиство) карантин (кіріп шығу тоқтайды) салынады. Оның (карантин) ережесі бойынша, ол шаруашылықтан мал, мал өнімдері, керек болса (адамдарда) басқа жаққа шыкпайды, бөгде адамдар, мал өнімдері т.б. ішке кірмейді. Ал ауырған малдарды емдейді, одан басқа да көптеген косымша шығындар жұмсауга тура келеді, ол шығындар миллиондаған теңгені құрайды. Оған қосымша ветеринария-медициналык көптеген әлеуметтік (социалдық) шараларды іске асыруға тура келеді.
Кейбір жұқпалы аурулар тек бір ғана малдың түрін ауыртады. Жылқы сақауы (мыт) және анемиясы, ірі қара обасы (чума). Қой энтеротоксемиясы. Шошқа обасы) Ондай ауруларды – спорадические (жекелеген аурулар) болезни дейді.
Ал кейбір аурулармен - барлық малдың түрі және адамдарда ауырады, қауіпті - оны зооноздар және антропозооноздар дейді Олар бруцеллез, туберкулез, бешенство (кұтыру), күйдіргі (сибирская язва) және басқалар. Соған байланысты әрбір малдәрігернің басты міндеті жұқпалы аурулармен күресу, және күрескенде, жұқпалы ауруды болдырмау, және малдар арасына таратпау болып табылады. Ондай күресу әрекетін (предупреждение) ескерту, болдырмау немесе профилактика (алдын алу, сақтандыру) дейді.
Ең басты мәселе шарушылықта, ауылда, әкімшілікте ауруды болдырмау, ауруды уақытылы білу ауру малды анықтау болған жағдайда оны әрі қарай таратпау, ол ауру шыққан жерде (ауру ошағында) ауруды жою болып табылады.
Ауру тудыратын себебіне (ауру қоздырғышына) организмге байланысты ауруды инфекциялық (жұқпалы микроб, вирус, саңыраукұлақ, риккетсий) аурулар, ал қоздырғышы (кұрттар, жай жануарлар, шыбын-шіркейлер) жануарлар болса - инвазиондық аурулар деп бөледі.
Індеттану жұқпалы ауруларға қатысы бар бірталай пәндермен тікелей байланысты. Олардың ішіндегі ең жақын ғылымдар: микробиология, вирусология және иммунология. Бұл ғылымдардың жетістіктері індеттануда жан-жақты қолданылады.
Кейбір жұқпалы аурулардың адам мен малға ортақ болуына байланысты, індеттің адамдар мен жануарлар арасында таралуын бірге қарастыруға тура келеді. Малдан адамға, керісінше, адамнан малға жұғатын аурулар біршама. Бұдан келіп медициналық індеттану (эпидемиология) мен ветеринарлық індеттанудың (эпизоотология) тікелей байланыстылығы туады.
Жұқпалы ауруларды зертханалык жолмен аныктау әдістері
Жұқпалы ауруды зертханалык зерттеуге, бактериологиялык, серологиялык, биологиялық тексерулер жатады:
1. Бактериологиялык тексеру
Жұқпалы аурудың қоздырғышын табу үшін, зертханаға ауру малдың өлігін ішкі органдарын, немесе ауру малдан бөлінген зәр, қи, тыныс мүшелерін, жыныс мүшелерінен, асказан мүшелеріннен бөлінген заттарды жібереді. Жіберілген материал өте жаңа (свежий) болуы шарт. Материалды зерттейтін кұрал-саймандар да таза стерильді болуы шарт.
Алынған материалды жіберер жақсылап орау (целлофанға) керек. Ол микроб далаға түспеу керек.
Егер микроб далаға түссе аурудың тарауына себепші болады. Ауру тараудың көзі болуы мүмкін.
Бактериологиялык тексеруде микроскоп коданылады, микроскоппен микробты іздейді және микроб тапса одан себін (посев) жасайды. Тағы да себіннен жұғынды (мазок) жасап микроскоппен тексереді. Сонымен қатар зертханалык малдарды колдан ауыртады. Одан соң ол малдарды сойып жарып, тағы да микроскоппен көреді. Микробтың формасын, көлемін, микробтың орналасуын, биохимиялық қасиеттерін т.б ажыратады.
Сондай-ақ микробтың боялу қасиетін (Грамм отрицательный, грамм положительный боялу касиеттерін) қасиеттерін анықтайды.
2. Жұқпалы ауруларды серологиялык жолмен тану әдісі
Серологиялық ауруды зерттеу әдісі деп - ауру малдың канындағы сарысудағы арнайы денешікті (антителаны) табуды, аныктауды айтады. Ол үшін дайын арнайы кан сарысуындагы антигенді пайдаланылады. Қазіргі кезде бұл әдіс кеңінен колдануда. Оның ішінде агглютинация реакциясы (РА), комплемент байланыстыру реакциясы (КБР - РСК) және преципитация реакциясы (РП) әдістері кеңінен колдануда. Ол үшін ауру малдан пробиркада кан алып, лабораторияға жібереді.
Зертханада дайындалған нұскау бойынша, канды реакцияға қойып олардың корытындысын хабарлайды, осындай әдіспен бруцеллез, туберкулез, Ауески т.т тексеріледі [1,2,5,7,8,9,10].
Ауру шыкса онда ауруды таратпау үшін іс - шара жасалынады. Агглютинация реакциясы - бруцеллез, паратиф, құс пуллорозы т.б. аныктау үшін колданылады. Ол ауру малдың кан сары суындағы антителаны (агглютининді) белгілі антиген (бұрынан дайындап койған қоздырғышпен) реакцияга аркылы аныктайды.
Егерде тексерілетін ауру малдың кан сары суында антитела болса, антигенмен агглютинацияға түсіп (жабысып—склейвания) болады. Оң реакция кезінде пробиркада тұнба пайда болады. Оны сәл сілкісек тарап кетеді. Сары судағы антитела мүмкіншілігінше сұйылып - (талаусырау) пайда болады. Аллергия дегеніміз организм сезімділігінің күшейуі. Мысалы туберкулезбен ауырған малға туберкулин - (ол туберкулез микробын бульонда сорпада) өсіріп оны сүзіп (фильтрден өткізіп) алынған сұйық (фильтратты), парентерально ексе, организмде аллергиялық реакция пайда болады. Былайша айтканда аурудың ерекше клиникалық белгілері терінің қызаруы, бөртуі, күлдіреу, демігу, жүрек қызметінің нашарлауы, әр жерлерде ісіну пайда болады.
Кей жағдайда аллергиялық реакция пайда болмай қалады - оны анергия - дейді. Анергия—екі жағдайда болуы мүмкін. Бірінші организмде қорғаныс күштер күшті (антитела күшті болғанда), екінші, ауру мал организмі өте нашарлап кеткенде, егілген аллергенге организм жағдайы жауап болады.
Аллергендер (туберкуллин, маллеин, бруцеллолизат) және басқада түрлері өндірісте жиі қолданылады. Мысалы, аллергиялық тексерулер жүргізу қолданамыз [1,7,9,10].