Тақырыптың өзектілігі. Індеттану індет процесін, жұқпалы аурулардың пайда болу және таралу заңдылықтарын зерттейтін, сол арқылы жұқпалы аурулармен күресу әдістерін қарастыратын ғылым



бет1/11
Дата10.04.2023
өлшемі171,5 Kb.
#81296
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Ботулизм


Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Індеттану - індет процесін, жұқпалы аурулардың пайда болу және таралу заңдылықтарын зерттейтін, сол арқылы жұқпалы аурулармен күресу әдістерін қарастыратын ғылым.
Індеттану екі түбірден түратын қазақтың төл сөзі: індет — жұқпалы аурудың кең ауқымды таралуы, ал тану - білу, яғни ғылым деген мағына береді. Індеттану батыс тілдерінде «эпизоотология» деп аталады. Ол да екі үғымның жиынтығы: эпизоотия (грекше ері — арасында, zооп — жануар) және 1оgоз - ғылым. Бұл терминнің шығу төркіні медицинаның саласы эпидемиологияға барып саяды. Эпидемия (грекше ері - арасында, сіетов - халық) жұқпалы аурулардың адамдар арасында кең таралуы.
Жануарлар арасында байқалатын жұқпалы ауруларға адам баласы өте ертеден-ақ көңіл аудара бастады. Адамзат қоғамының ой-өрісі жетіліп, өнер-білім мен мәдениетті қалыптастырудағы ұзақ тарихи даму жолында ғылымның көптеген салаларының бірі ретінде осы заманғы індеттану қалыптасты. Адам тағы аңдарды қолға үйретіп, одан кейін мал шаруашылығымен айналыса бастаған кезде-ақ жануарлардың әр түрлі ауруларымен, олардың ішінде жұқпалы аурулармен кездесті. Жұқпалы аурулардың белгілеріне, олардың таралу заңдылықтарына көңіл бөлумен қатар, олармен күресу шаралары да қарастырыла бастады. Бұл аурулардың жұқпалылығы, адам мен малда тез тарайтындығы, бір ауырып жазылған соң қайтадан ол аурумен ауырмайтындығы, аурудың ауырған малдан сау малға тікелей жанасқанша ғана емес бөгде заттар арқылы да жүғатындығы (мысалы, ауру мал ішкен суды сау мал ішсе соңғысының дертке шалдығуы, т.б.)
Қазіргі таңда мал шаруашылығының санын арттырып, сапасын жақсарту мақсаты агроөнеркәсіп кешенін дамытудың ең басты мәселесі болып отыр. Осыған байланысты мал шаруашылығындағы өзекті мәселе - малдың жұқпалы және инвазиялық ауруларының алдын алу.
Ботулизм - жіті өтетін, орталық жүйке жүйесінің ауыр зақымдануы, жұтқыншақтың, тілдің төменгі жақтың және борша еттердің салдануы арқылы ерекшеленетін ауру. Кернер 1820 - 1822 жылдары шұжықтан уланған адамда аурудың белгілерін сипаттап, шұжықта у пайда болатынын, оның минералдық және өсімдік уларынан айырмашылықтары бар екенін анықтады. 1897 ж. Ерменгем қақталған еттен спора түзетін ауасы бағасыз бактерия бөліп алды. Бұл микробты сол еттен уланып өлген адамның көк бауыры мен ішегінен де тауып, оны Васillus botulinus (лат. botulinus – шұжық) деп атады. Жануарлардың ботулизмі туралы деректер 20 ғ. басында алынды.
Қоздырушысы Сlostridium botulinum грам оң токсин және спора түзетін, қозғалмалы анаэроб, тұрқы таяқша тәріздес . Өзіне қолайсыз жағдайда, қоректік заттар аз болғанда рН 6-дан жоғары, жағымсыз температура жағдайында, қоректік ортада, суда, топырақта, басқа да ортада, бір жақ ұшына қарай орналасқан ірі, сопақша келген спора түзеді. Спорасы бар таяқша тенис ракеткасына ұқсас келеді. Бұл микробтың денесінде О- және қылшасында Н-антигендері болады. О-антиген бұл микробтың түріне ортақ, ал Н-антигені және бөліп шығаратын токсиндеріне қарай қоздырушы 7 сероварға бөлінеді: А, В, С, Д, Е, Ғ және О. Антигендік ерекшеліктері әсіресе А, В және Е типтері түзетін токсиндерде күшті байқалады, ал С және Д типтерінде біраз бәсендеу келеді, Е және Ғ токсиндері токсинге қарсы типтік қан сарысуымен бір-бірімен айқын реакция береді. Токсиндердің мұндай ерекшеліктерінің серотерапия және вакцинапрофилактика үшін маңызы бар. Адам үшін А, В және Е сероварлары аса уытты. Жылқының ботулизмі В, сирегірек А және С типтері арқылы, ал сиыр, қой мен ешкіде - С және Д, күзенде - С, құста С, А және В типтері арқылы болады.
Ботулизм клостридиясының көбеюі және токсин бөлуі үшін ең қолайлы жағдай 18 ден 38° С дейінгі жылылық, бейтарап немесе сәл сілтілік реакция (рН 7,0-7,6). Жемшөпте рН 3-4 жағдайында, 5-10 % ас тұзы, нитриттер, бос май қышқылдары және антибиотиктер болған жағдайда микроб өсіп өнбейді.
Ботулизм клостридиясының споралары жоғары температураға өте төзімді. 100° С кезінде тек 5 сағ. өткенде, 105° С - 2 сағ. кейін, 120° С - 10 мин өледі. Ультракүлгін және гамма сәулелері қабаттаса әсер еткенде зарарсыздандыру нәтижесі жақсы болады. Химиялық заттар споранын өнуін тоқтатады [1,2].
Курстық жұмыстың мақсаты – ботулизм ауруының сақтандыру шараларын зерттеу.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет