Тайм-менеджмент


Исламда адал ризық табу үшін тер төгудің маңызы



Pdf көрінісі
бет85/103
Дата19.02.2023
өлшемі2,81 Mb.
#69078
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   103
Исламда адал ризық табу үшін тер төгудің маңызы
Алдыңғы бөлімдердегі ғибадаттың маңыздылығын көрсеткен
түсіндірмелерден Ислам діні тек қана құлшылық етуді әмір
еткендей көрініп, қате түсінік қалыптаспауы қажет. Себебі
дініміз жұмыс істеп, еңбек етуді, кәсіп үйреніп, мамандыққа
ие болуды және халал жолмен ризық табуды ғибадат
санатына жатқызып, бұған ерекше мән береді. Адал ризық
табу жолында жұмыс істеуге байланысты аят-хадистерді
көптеп кездестіре аламыз.
Төмендегі бірнеше хадис бұл мәселеге назарымызды
аударары анық:
 «Адамдардың ең абзалы – дүниелік істерге де, ақыреттік
амалдарға да уақыт бөлген мүмін».
197
 «Сенімді әрі турашыл мұсылман саудагер қиямет күні
шейіттермен бірге болады».
198
 «Дүние табуда шектен шықпай әрі селқостық танытпай орта
жолды ұстаныңдар. Себебі әрбір жан өзіне тиесілі болғанға


қол жеткізеді».
199
 «Алладан қорқатын тақуа адам үшін байлықтың ешбір зияны
жоқ. Тек тақуа жанға денсаулық байлықтан да артық».
200
«Беруші қол алушы қолдан жоғары».
201
Ислам ғалымдары «Муззәммил» сүресін адал ризық табу үшін
жасалған сауда іссапарының жиһад жасау дәрежесінде
маңызды екендігіне дәлел ретінде келтіреді. Құран аятында
түнгі құлшылыққа тұра алмайтын кешірімді себептерді
төмендегіше санамалап өтеді: «Араларыңда науқастардың
болатынын, 
кейбіреулеріңнің 
Алланың 
шексіз
шарапатынан несібе іздеп, жер-әлемді шарлайтынын,
енді біреулердің Алла жолында соғысқа шығып, бел
шешпей жортуылдап жүретінін Алла біледі. Ендеше,
Құраннан 
өздеріңе 
жеңіл 
тиетіндей 
мөлшерде
оқыңдар
».
202
Әзірет Омар (р.а.) жиһадтан кейінгі абзал амалдың адал
ризық табу жолында табан тоздыру екендігін аятқа қарай
отырып былай түсіндіреді: «Маған өлім келетін жағдайлардың
арасында Алла жолындағы соғыстан кейінгі ең ұнамдысы –
мен бір таудың екі төбесінің арасында Алланың ризық-
несібесін іздеп жүрген сәтімде ажалдың жетуі. Себебі Құранда
«Алланың шексіз шарапатынан несібе іздеп, жер-әлемді
шарлайтындар» деп ерекшелеп атап өткен».
203
Бұл аятты түсіндіру барысында ғалымдар Пайғамбарымыздың
мына бір хадисін де келтіре кетеді: «Кімде-кім мұсылман
өлкелерінің біріне азық-түлік апарып, оны сол жердің бағасында
сататын болса, бұл ісі Алланың алдында жоғары дәрежеге жетуіне
себеп бола алады. Себебі Алла Тағала «Алланың шексіз
шарапатынан несібе іздеп, жер-әлемді шарлайтындар» деген
болатын».
204
Адал ризық табудың «адамның өз еңбегіне»
205
байланысты
екендігі жазылған Құран Кәрімде дүниелік істермен де
шұғылдануға 
назарымызды 
аударатын 
жайттар 
көптеп
кездеседі. Бір аятта «Бұл дүниедегі несібеңді де




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет