одан кейінгі уақытта да қосымша істерімен, үй шаруаларымен
айналысуға күш-қуат табады.
Ал сегіз сағаттан артық жұмыс істемей, басқа уақыттарын
қол қусырумен өткізу Ислам дінінің уақытты бос өткізбеу
қағидасына қарама-қайшы болмақ. Сондықтан мұсылман жан
уақытын барынша тиімді пайдаланып, жоспарлы өмір сүріп,
уақыттың бос өтуіне жол бермеуі қажет.
Бүгінгі біздің қоғамдағы жұмыс орындарында күнделікті
жұмыс уақыты көбіне сегіз сағат екені белгілі. Соған орай
әрбір мұсылман баласы өзінің жұмыс істейтін мекемесіндегі
тәртіпке бағына алады. Алайда осы уақытпен шектеліп қана
қоймай, одан кейінгі бос уақыттарын пайдалы іспен, білім
алумен, қосымша ғибадатпен, өз-өзін дамытумен, отбасына
қолғабыс етумен айналысқаны нағыз мұсылмандыққа сай
болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: