Тайм-менеджмент


Шығармашылыққа арналған уақыт



Pdf көрінісі
бет15/105
Дата29.09.2023
өлшемі2,81 Mb.
#111406
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   105
Байланысты:
7c53524f-8ddf-42d3-9166-f9a39551b942

Шығармашылыққа арналған уақыт
Шығармашылыққа арналған уақыт маңызы мен құндылығы
тұрғысынан теңдессіз уақыт болып табылады. Бір ғана тың ой
сіздің бүкіл өміріңізді өзгертіп, сіз тіпті елестете алмаған
жетістікке 
жеткізуі 
мүмкін. 
Шығармашылық 
шабытқа
қаншалықты дайын болсаңыз, ойдың келу ықтималдығы
соншалықты басым. Ал мұндай шығармашылық үшін күнделікті
тірліктен бір ауық ажырап, миыңызға тыныштық беріп, ой-


санаңыздың жоғарыға ұмтылуына жағдай жасауыңыз қажет.
Шығармашылықпен айналысатын уақытта адамның ойлау
қабілеті әдеттегі жұмыс уақытынан басқаша жұмыс істейтін
болады.
Паркинсон заңын бұзыңыз
Адамдардың жұмысының тым көп және уақытының тым аз
болуының 
басты 
себебі 
көптеген 
адамдардың 
жұмыс
уақытының 50%-ын бос әңгіме, әлеуметтік желілерге қарау,
ұзақ уақыттық түскі үзілістер сияқты тікелей міндетінен тыс
артық істермен шұғылдануында. Сондықтан жетістікке жетудің
ең басты қағидасының бірі: жұмыс уақытының барлығын
жұмысқа арнау.
Көптеген жылдар бұрын ағылшын жазушысы Сирил Норткот
Паркинсон «Паркинсон заңдары» атты кітап жазған.
Ол кітапта мынадай танымал тұжырым бар: «Жұмыс оған
арналған уақыттың барлығын алады». Егер сіздің бір істі
бітіруге 8 сағат уақытыңыз болса, сол уақыт толықтай
пайдаланылады, тіпті соңына қарай жұмысты уақытында бітіру
үшін тездетуіңіз қажет болады.
Алайда керісінше айтылған мына сөздің де жаны бар: «Өзіне
арналған уақытта біту үшін жұмыстың көлемі азая алады». Бұл
дегеніңіз, егер өзіңіз үшін жұмыстың атқарылу мерзімін қатаң
түрде белгілейтін болсаңыз, ісіңіз тезірек әрі тиімдірек
орындалатын болады. Әдетте бір күн орындалатын істі
бірнеше сағатта бітіруге болады.
24
Сондықтан әрбір атқаратын ісіңізге уақыт белгілеп үйреніңіз.
Тапсырманың аяқталуға тиіс уақыты белгілі болған жағдайда
барлық мүмкіндігіңізді салып, сол мерзімге дейін бітіруге
тырысатын боласыз. Және көбіне мұндай іс өз нәтижесін
береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет