өте құнды нығметі. Сондықтан уақытты оның құнына сай
амалдарға жұмсау шарт.
Технологияның өмірімізде ойып орын алған заманында бос
уақытымыздың артуы себепті Исламның бұл мәселедегі ақыл-
кеңестері мен бағыт-бағдарларының маңызы арта түскеніне
сенеміз. Жалған дүниенің ләззатына берілген адамзаттың жан
тыныштығынан айырылуы бос уақыттарын қалай өткізгеніне
байланысты туындап отырғанында дау жоқ. Себебі қолы бос
адам бірден өзіне пайдалы іс таба қоймаса, уайымға
салынып, күйзеліске ұшырайды және одан арылу үшін зиянды
істермен айналысып, ойып-сауыққа беріледі. Ойын-сауық
болса, адамды бірте-бірте азғындыққа жетелейді. Сондықтан
уайым-қайғы азғындыққа жол ашушы болып табылады. Олай
болса, дініміздің бұл мәселе төңірегінде де адамзатқа айтары
бар екендігі талассыз.
Достарыңызбен бөлісу: