Тайм-менеджмент


«Намаздың шығуына қанша уақыт қалды?»



Pdf көрінісі
бет58/105
Дата29.09.2023
өлшемі2,81 Mb.
#111406
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   105
Байланысты:
7c53524f-8ddf-42d3-9166-f9a39551b942

«Намаздың шығуына қанша уақыт қалды?»
 
деген бір
сұрағы 
олардың 
намазға 
қарым-қатынасын 
көрсетіп
беретіндей. Намаздың уақыты өтіп кетпесе болды, әйтеуір бір
оқырмын 
деген 
көзқарас 
адамның 
намазға 
деген
жауапкершілігінің жеткілікті болмай жатқанын меңзейді. Мүмін
адам «Намаздың кіруіне қанша уақыт қалды?» деп намазға
алдын-ала дайындалып, қырағылық танытқаны жөн. Жалпы
сұрақ қою тәсілін осылай өзгертудің өзі адамның ең абзал
ғибадатына 
деген 
қарым-қатынасын 
өзгертуге 
септігін
тигізетініне сенеміз.
Намаз уақыттарының сыры


Адам жаратылысынан-ақ өте әлсіз, қауқары жоқ әлжуаз.
Оның әлсіздігі сол – тым секемшіл, не нәрсеге болсын үрке
қарайды, айналадағы көп нәрседен өзіне қауіп төнеді. Бір
жағынан, ол тым дәрменсіз. Қастығы мен қысастығы дайын
дұшпаны көп, қайғы-қасіреті де бір басына жетерлік. Әрі өте
кедей. Қажеттілігі мен зәрулігі бір бітпейді. Адам сондай-ақ
еріншек, күш-қуаты төмен. Ал өмір болса керісінше тым
қиын, күрделі, жүгі ауыр. Адам болғандықтан әлеммен тығыз
араласпай тұра алмайды. Алайда кімді көңілі ұнатып, құлай
сүйсе де түбінде содан қол үзіп, көз жазып қалатындығы,
нені жанына жақын көріп қимаса да бәрібір еріксіз
айырылатындығы оның жүрегіне ауыр тиіп, жанына батады.
Ақыл-ойы оны биік мақсаттарға, ұшқыр қиялдарға жетелесе
де айналып келгенде тағы сол қысқа жіп күрмеуге келмейді,
адамның бәрібір қолы қысқа, өмірі шолақ, күші аз, шыдамы
жетпейді.
Міне, дәл осындай кейіптегі рухтың таң намазы кезінде
құдіреті мен мейірімі шексіз Хақ Тағаланың салтанатты
сарайына тілек-дұғасы, намазы арқылы өтініш білдіріп, өзіне
табыс пен медет тілеуі қаншалықты орынды. Өзін күні бойы
күтіп тұрған күндізгі әлемнің қат-қабат қиыншылығы мен сан
алуан ауыртпалығына көндігуде, иығына түсер зіл батпан
салмақты еңсеруде, өзіне берілген міндетін мүлтіксіз атқара
алуында нық арқа сүйер сүйенішін еске алып дәтке қуат
бекітуі қаншалықты қисынды екені құптарлық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет