Мухаррам айының оныншы күні – Ашура күні деп аталады.
Алла Тағала көп дұғаларды Ашура күні қабыл еткен.
Әзірет
Адамның тәубесінің қабыл болуы, әзірет Нұхтың топаннан
құтылуы, әзірет Юнустың
балықтың қарнынан шығуы, әзірет
Ибраһимнің отта жанбауы, әзірет
Идристің тірідей көкке
көтерілуі, әзірет Яқубтың ұлы әзірет Юсуфқа қауышуы, әзірет
Юсуфтың құдықтан шығуы, әзірет Әйюбтың аурудан құтылуы,
әзірет Мұсаның қызыл теңізден өтуі, әзірет Исаның туылуы
және өлімнен құтылып тірідей көкке көтерілуі Ашура күні
болған.
106
Алла Елшісі (с.а.с.) осы Ашура күнінің
ерекшелігін ескеріп,
ораза ұстауды әмір еткен. Және көп дұғалар қабыл болып,
күнәлар кешірілетін күн екендігін атап өткен.
107
Мәуліт
Адамзатты қараңғылықтан құтқару үшін жіберілген соңғы
пайғамбар – біздің Пайғамбарымыз әзірет Мұхаммед (с.а.с.)
571 жылы рәбиул-әууәл айының 12-түні туған.
Бұл қасиетті
түн «Мәуліт түні» деп аталады. Мәуліт – «туылған уақыт»
дегенді білдіреді.
Ол дүниеге келген шақта жер-жаһанды надандық, зұлымдық
пен арсыздық жайлап, Аллаға деген сенім ұмытылып, адамзат
қорқыныш пен қараңғы түнекке қамалып, өмір сүре
алмайтындай дәрежеге түскен еді.
Пайғамбарымыздың дүниеге
келуімен әлем нұрға бөленіп,
халықтың жүрегіне Аллаға деген сенім ұялады. Теңдік, әділет
және бауырмалдық пайда болды. Аллаға сенген халықтар
шын мәнінде қуанышқа кенеледі. Пайғамбар (с.а.с.) туған түн
– адамзаттың қараңғылықтан құтылуы үшін өте қайырлы әрі
берекелі бастама болды.
Пайғамбарымыздың
туған
күнінде
айтылатын
мәуліт
жырларын құрметпен тыңдау, оның қасиетіне, рухына салауат
айту – халқымыздың Пайғамбарға деген шексіз сүйіспеншілігі
мен терең құрметінің көрсеткіші.
Достарыңызбен бөлісу: