Таланттар



Pdf көрінісі
бет180/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   256
 
 
 
 
 
 
 
 


320 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
МАҚАЛАЛАР 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


321 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
МАҚАЛАЛАР 
 
МІНДЕТ – ОҚЫТУ, ҮЙРЕТУ 
 
Қазіргі  уақытта  нағыз  «жұмысшы  факультеттеріне» 
айналып  отырған  даярлық  бөлімдері  еңбек  соңында  жүріп, 
оқудан  уақытша  қол  үзіп  қалған  жастарды  жоғары  оқу  орнына 
жетелейтін өмір баспалдағы десе де болғандай. Еңбекші жастар 
үшін  оның  қаншама  пайдалы  екендігін  осы  оқудан  дәріс  алып 
шыққан студенттер жақсы біледі.  
Жеті-сегіз  айдың ішінде жұмысшы жастардың ұмытқанын 
жаңғыртып, білмегенін үйретіп шығару– жауапты да қиын іс. Бұл 
жерде оқытушы тек сабақ өткізуші емес, үлкен жүректі парасат 
иесі  де  болуы  керек.  Өйткені  жоғары  оқу  орнына  кешігіңкіреп 
келгендіктен қыз-жігіттердің біразы мектептен алған білімдерін 
ұмытып  қалады.  Оны  неге  ұмытасың  деп  кінәлау  қиянат.  Олай 
болса ұстаздың міндеті – тыңдаушылардың осы жағдайын ескере 
отырып,  оларға  жүйелі  білім  беру,  тынбай  үйрету,  жалықпай 
оқыту. 
Даярлық бөлімінде қазақ әдебиетін оқып жатқан жастардың 
біразы  күні  ертең-ақ  әдебиетші,  бірі  журналист,  бірі  тарихшы, 
енді бірі заң қызметкері болары сөзсіз. Алайда әдебиет пәні тек 
осы мамандықтарға баулу үшін ғана оқытыла ма? Жоқ. Бұл сабақ 
кез 
келген 
мамандық 
иесінің 
өнер 
туындыларын 
творчестволықпен  түсінуге,  болмыс  құбылыстарын  нәзік 


322 
 
қабылдауға  және  жақсылық,  сұлулық  атаулыны  құрметтеуге 
тәрбиелейді. Ендеше, әдебиетті емтихан үшін ғана оқытпай, жан-
жақты саналы азаматты қалыптастыру үшін оқыту ләзім. 
Ең  алдымен,  даярлық  бөліміне  түсуге  келгендердің 
жауаптарынан  төмендегідей  ортақ  кемшіліктерді  байқайсыз. 
Бірінші – айтатын мәселені нашар білгендіктен жете жауап бере 
алмау.  Мысалы,  «Көкшетау»  поэмасының  композициялық 
құрылымына  тоқталу  керек  болса,  ол  поэманың  қарапайым  да 
шебер  құрылғандығы  туралы  бір-екі  ауыз  айтады  да,  әрі  қарай 
жалпы  мазмұнына  түсіп  кетеді.  Бұдан  шығатын  қорытынды  – 
талапкер композиция дегеннің не екенін білмейді. 
Екінші  –  жауап  берушінің  интеллектуалдық  өрісінің 
тарлығы. Мұндай жағдайда анализ, синтез, жалпылау, түйіндеу, 
салыстыру,  жүйелеу,  дәлелдеу  сияқты  интеллектуалдық 
операцияларды  жасауға  шорқақ.  Мысалы,  «Қазақ  совет 
әдебиетіндегі өндіріс тақырыбына арналған шығармалар» дейтін 
сұрау  келсе,  әуелі  С.Ерубаевтың  «Менің  құрдастарымын»,  Ғ. 
Мүсіреповтің  «Оянған  өлкесін»,    Ғ.  Мұстафиннің  «Қарағанды» 
т.б.  білген  романдарын  мазмұндай  жөнеледі,  яғни  салыстыру, 
жинақтау, түйіндеу тәсілдерін қолдана білмейді.  
Үшінші  –  жауап  берушінің  эстетикалық  өрісінің 
жұтаңдығы.  Оның  көрінісі  –  көркем  шығарманы  өнер  ретінде 
қабылдай  алмау,  автор  шығармасын  оның  азаматтық 
еңбектерінің жетістігіне қарай бағалау.  
Төртінші кемшілік – ойды жүйелеп айта білмеу және көркем 
тілмен  жаза  алмау.  Осы  аталған  кемшіліктердің  барлығын  да 
даярлық  бөліміне  жаңа  түскен  тыңдаушылардың  біразынан 
байқауға  болады.  Сондықтан  тыңдаушыларға  белгілі  бір 
информациялар жиынтығын жеткізумен қатар, жоғарыда аталған 
кемшіліктерді  түзетуде,  сондай-ақ  олардың  танымдық  қабілеті 
мен  творчестволық  ой-өрісін  жетілдіруде  практикалық 
 
сабақтардың рөлі үлкен.  
    Кейбір  көркем  шығармалардың  мазмұнын,  стилін,  жеке 
сөз тіркестерін, жеке сөйлемдерді еске сақтай отырып, қысқа әрі 
нақты  жауап  беру  тыңдаушыларға  біраз  қиындық  келтіреді. 


323 
 
Біздіңше, көркем шығарманы  еске сақтаудың ең тиімді жолы  – 
белгілі педагогтер көрсеткен конспектілеу әдісін қолдану екеніне 
көзіміз жетеді. Мәселен, Ш. Уәлихановтың Ф.М. Достоевскийге 
жазған хаттарынан, «Сот реформасы туралы» хатынан ғалымның 
ағартушылық-демократтық  көзқарасы  айқын  айғарылады. 
Оларды  білмейінше,  осы  тақырып  бойынша  оқушының  білімі 
толық болмайды. Аталған хаттарды Ш. Уәлихановтың өзіндік ой 
жүйесін,  сөз  қисынын  еске  сақтай  отырып  айтпаса, 
тыңдаушылардың  өз  сөзімен  жеткізуі  қиын.  Сондықтан 
конспектінің  пайдасы    көп.  Шоқанның  хаттарында  аталған 
кісілер  кім?  Олар  жөнінде  қосымша  мағлұмат  біліп  келу 
тапсырылады.  Тыңдаушылар  А.Г.  Майков,  А.Н.  Бекетов, 
Я.Полонский  сияқты  сол  тұстағы  белгілі  ақын,  ғалымдармен 
танысады.  Бұл  әдіс  кітаптардан  іздене  жұмыс  істеуге,  ғылыми 
жұмыс жүргізудің алғы шарттарына қалыптастырады. 
Жоғарыда аталған жұмыстардың нәтижесі аудиторияда екі-
үш балаға айтқызып не оқытып талқылау ретінде немесе бірінің 
жұмысын  екіншісіне  беріп  пікір  айтқызу  ретімен  тексеріледі. 
Мүмкіндігінше аудитория түгел қатыстырылады. 
Ойды жүйелеп айта білу, көркем тілмен жаза білу, ең негізгі 
мәселені бөліп алу сияқты қажетті процестерді үйретудің тағы бір 
тиімді жолы – шағын шығармалар жаздыру. Шағын шығарманың 
тақырыптары  бір  ғана  мәселе  төңірегінде  болады.  Мысалы, 
«Махамбеттің  «Тарланым»  өлеңіндегі  Исатай  сипаты».  «Соғыс 
өлеңіндегі  реалистік  шындық»,  «Абайдың  өнер  жайындағы 
өлеңдерінің  негізгі  идеясы»  тағы  басқалар.  Аудиторияға  бірден 
бірнеше  тақырып  ұсынылады.  Жұмыстың  орындалуына  20-30 
минуттай  уақыт  кетеді.  Бұл  операцияны  орындау  кезінде 
баланың үйге берілген тақырыпты қалай түсінгендігін тексеруге 
болады әрі жазуға төселтеді. 
Әуелі  осылай  бір-екі  абзац  көлемінде  ойды  тиянақты 
жеткізуге  төселіп  алған  соң,  өз  мәніндегі  көлемді  шығармалар 
жазу көп қиындық келтірмейтініне көзіміз жетті. Шындығында, 
әдебиет  өмірдің  қат-қабат  сырын  түсіндіретін,  қоршаған  орта 
шындығын  ұғынуға  көңіл-көзіңді  ашатын,  адамды  тануға 


324 
 
көмектесетін қасиетті құрал екенін ұмытпаған абзал. Сондықтан 
да  әдебиет  сабағының  ең  бір  маңызды  міндеті  –  оқушының 
творчестволық  қабілетін  дамыту,  өнерді  қарабайыр  түсінуден 
творчестволықпен түсінуге жеткізу. 
Тыңдаушының  творчестволық  қабілетін  дамытуда  еркін 
тақырыпта  шығарма  жазудың  да  мәні  жоғары.  Тақырыптар 
шығарманың:  баяндау  шығарма,  суреттеу  шығарма,  пікір  айту 
шығармасы  дейтін алуан түрлі ерекшеліктерін еске ала отырып 
ұсынылады.  Өйткені  еркін  тақырып,  ең  алдымен,  сол 
тыңдаушының  өз  жан  дүниесін,  білім  қорын,  талант  шамасын 
танытады.  Сонымен  қатар  өмірге,  қоғамға,  болмыс  ақиқатына 
көзқарасын  да  білдіреді.  Мұндай  шығармаларға,  мысалы, 
«Замандас туралы ой», «Арман     – адам қанаты», «Маған ұнаған 
сүйкімді  жан»,  «Қыс  суреттері»,  «Совет  елі  –  бейбітшілік 
ордасы»,  «Қазақ  совет  әдебиетіндегі  жастар  бейнесі», 
Ш.Айтматовтың  «Теңіз  жағалай  жүгірген  тарғыл  төбет» 
повесіндегі адамгершілік мәселесі арқау бола алады.  
Біз  бірде  тыңдаушыларға  «Менің  жолдасым  кім?»  атты 
тақырыпта  шығарма  жаздырдық.  Бұл  тақырып  өздеріне  жақсы 
таныс болғандықтан  ба, тыңдаушылар оны тез  жазды. Кейін өз 
рұқсаттарымен  дауыстап  оқытқанымызда  барлығы  да  қатар 
жүрген  жолдастарының  адал,  ақжарқын,  ұстамды,  бірсөзді, 
білімді  замандастарын  қадірлейтінін  байқадық.  Оны  тыңдап 
отырғанда адам болудың шарты тек көп білу деп түсінгендіктен 
бе,  нашарлау  оқитындарға  тәкаппар  қарайтын  кейбір 
«озаттардың» ыңғайсыз күйге түскені де рас. 
Тақырыпты талқылау кезінде проблемалық ситуация туғызу 
да  сабақ  мазмұнын  тереңдете  түсуге  жол  ашады.  Мысалы, 
«Абайдың  поэмалары»  дейтін  тақырып  бойынша  «Ескендір», 
«Масғұт» дастандарының мазмұны мен идеясын, образын талдап, 
түсінгеннен  кейін,  Абай  шығыстың  классикалық  әдебиетін 
жақсы білсе де, өз тұсындағы басқа ақындар сияқты ғашықтық, 
мұңлық, қисса, хикаялардың сюжетін алмай, «Ескендір, Масғұт 
оқиғасын  алу  себебі  неде?  Ақынның  поэмалары  идеялық 
тұрғыдан қай өлеңдерімен үндес?» деген проблемалық сұрақтар 


325 
 
қою арқылы ұлы ақынның әлеуметтік көзқарасын, өмірге деген 
кредосын,  өлең  жазудағы  түпкі  мақсаттарын  айқын  түсіндіруге 
болады. Сонда тыңдаушылар ұлы ақынның:  
Мен жаздым Әзірет Әлі, айдаһарсыз, 
Менде жоқ алтын иек, сары ала қыз, – 
деген өлең жолдарының сырын жете ұғынары сөзсіз. 
Сонымен  қатар  тыңдаушыларға  жеке-жеке  тақырыптар 
беріп,  баяндама  жасату,  көлемді  үзінділер  жаттату,  зерттеу 
еңбектерді ұсынып, конспект жасатудың да мәні зор.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет